- «Әдебиет теориясы» пәні бірқатар ғылымдармен байланысты болады. Өйткені әдебиет сұлулықты, талғампаздықты суреттейді. Сондықтан осы орайда эстетика, өнермен байланысты болады. Сондай-ақ көптеген көркем шығармаларда оқиға, авторлық дүние таным, көз-қарас, кейіпкерлердің сөздері, сөз, сөздік қоры оқырмандарды ойға қалдырып, ойландырады. Осындай жағдайда әдебиет теориясы философия, тіл ғылымымен етене байланыста болады. Қандай пән болмасын оның өзіне тән табиғаты болады. Ал әдебиет анық ішінде көркем әдебиеттің табиғаты қандай деген сауалға? Көпшілік ғалымдар әдебиетші зерттеулер жауап іздеген, бас қатырған. Талдаулар жасап, сараптамалар түзген. Әдебиет сөзінің өзі әдеп деген қазақи ма,ғынадағы сөзге ұқсас десек те, дегенмен араб тілілнде сөз деген мағынаны аңғартады. Орысша литература сөз. Литер әріп (латынша) әріп деген мағынаны белгілейді. Өнердің түрі көп. Мысалы: сәулет, өнер (архитектура) мүсін өнері, (әдебиет кескін өнері). (Живопись) т.б. Жалпы бұл күнде әрбір кәсіпті мамандықты көтеру деңгейіне қажеттігі үнемі сөз болып жүр. Әдебиет қандай өнер? Әдебиет ең алдымен сөзге, оның құдіретіне, қасиетін сүйеніп сөз үні, көш, әр ұлттың өз сөзі болады. Сөз тілге сүйенеді. Осы жерде тілдің пайда болғаны жөнінде аңызды айта кеткен жөн. Адамда жиналып өзіне жаратушы иесін көрмек болады. Биік ғимарат салады. Алла тағала олар бәрібір шағым шекпей қоймайды деп әрбіріне бір-бір тілден берген.
Әр тілде сөйлеген көптеген адамдар бір-бірінің сөзін түсінбей құрылысты тастап кеткен дейді. Ал дүнеиеде үш мыңдай тілдің түрі бар. Көркем әдебиеттің табиғатына нақтылық, заттылық тән. Өйткені көркем әдебиетті қолмен ұстайсын, көзбен көресің оқисың. Бүгінгі техниканың да өзінің әсері алайда қандай десекте, көркем әдебиет киелі өнер. Әдебиет күрделілігі сала оның табысын түсіну оңайға соқпайды.
- Әдебиет теориясы және әлемдік әдебиеттану ғылымы, озық әдеби теориялық ой- пікірлер, жаңаша көзқарастар бұл пәнде басты назарда болады.Әлемдік әдебиеттану ғылымы бүгінде әдебиетте тек тәрбие құралы ретінде ғана емес, адам баласының санасына әсер етуді мақсат тұтады. Көркем әдебиеттің түрі, пішіні оқиғаның өрбуі кейіпкері дүниесінің бір-бірімен қарым-қатынасы үйлесімділігі, қақтығысуы бәрі-бәріде өмірдіің нақ өзіндегі ерекшелігі көтеруде айрықша ролге ие. Әдебиет елінің, халқының мұрасы. Жалпы алғанда халықтық әдебиеттің деген сөз кейін пайда болды. Алайда әдебиеттің түрлері көп екені рас.
- Қазірде әдебиет теориясы ғылымы ұлттық мүддемен тікелей байланысты. Әрбір ұлт өз әдебиетін дамытуға елеулі мән береді. Атап айтқанда Батыс және Шығыс әдебиеті арасында елеулі айырмашылық бар екені рас. Батыс әдебиеті көбінесе кейіпкерлердің сыртқы бейнесіне көңіл аударса, шығыс әдебиеті кейіпкерлердің ішкі дүниесіне назар салады.
Қазақ әдебиетінде қазірде әдебиет теориясы ғылымы негізінен алғанда ұлттық мүддемен байланыстырыла зерттелуде. Ұлттық қадір-қасиет, психология, ойлау жүйесі төл әдебиетіміздің негізгі өзегін құрап отыр. Алдағы кезде де осы бағдар әдебиет теориясы ғылымында басымдыққа ие болады.