Жамбыл өлеңдері балалар көңілін тасқындырып, қанатына су бүркіп аспандатып отыруы

  1. « Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларды көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол және Жамбыл иауының Сіміат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы фехраль екен. Менің әкем Жабай шоқпытшапанды көшпелі кедей болған.

Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазі дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда Елісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазі кең дала менің отаным болды. Мен кіз йде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен Алыпжерді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бар май қоятынмын. Маған отын тер дейтін, мен тіл алмай қашатынмын.

Менің ағам- әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде, барлық тентектікті ұмытып, бүкіл Жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған кошті де жуан дауыс берді. Мен балада ән шырқағанда даусым бүкіл даланы күңіреткендей сезінетін едім. 14 жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым. Ораза кезінде үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сыйапат көрсете бастады. 15-ке толған мен атақты ақын Сүйінбай тұратын ауылға келдім. Домбырамды Остап, он үйіне таяп келдім де, мен әндете бастадым.

Жүрегім менің елжіреп,Алба-жұлба киініп,

Көзімнің жасы мөлдіреп,Кедейлікке күйініп,

Өткізіп ем ертерек,Жаяулап жерді жағалап.

Өксумен бала шағымда,Домбыраны сабалап,

Көксегем бірақ көбірек,Безегем тіл мен жағымды.

Бақытты болашағымды.

Өлеңіме риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырып алып:

— Сенің ақындық дарының бар екен, даусың да жақсы, ұнайсың,- деді Сүйінбай.

Қарт ақынның тілеуі бойынша мен көптеген әндерді құйқылжыта айтып бердім. Он біреуін сол йде отырып шығардым. Сүйінбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, қошеметімді, өзімнің жастығым мен тәжірибесіздігімді өлеңге қосып, Сүйінбайды аспан әлемін нұрға бөлеген таң шапағына, жарық жұлждызға теңеп, өзімді ақынның інісімін деп. Атап, көмегін, қолдануын сұрадым.

Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді. Сүйінбай түні бойы ақындық, шеберлік жайынжа әңгімеледі. Сөйтіп мен он шәкірті болдым, он өлеңдерін жұртқа тараттым. Тек 16 жасымнан баста қана өз бетіммен жырлауға бел байладым, бірақ көрнекті, тәжірибелі ақындармен айтысқа түспедім. Қазақ даласында айтыста жеңілу- ақынның өлгенімен тең келетін. Сондықтанда мен алғашқы кезде тек жас, онша әйгілі емес ақындармен сөз таластырып жүрдім.

Мен Шу өзенін бой лап көшіп-қонып жүрген ауылдарды ара лап, оларға халық өлеңдерін, өз өлеңдерімді айтып беріп жүрдім. Ғасырлар бойы қалыптасқан жәйт суырып-салма ақын- рулар мен тайпаларды, ру ақсақалдарын, атақты адамдарды, оқиғалардың барлығын білуге тиіс еді. Ол барлық жаңалықтарға үн қосып, жағдайдыескере білуге тиіс. Ақын тілінің өткірлігі, қысылтаяңда тапқырлығы, тез де ұтқыр жуп юеруі арқылы бағаланады. Ол әріптесін кілкі, сықақ уытына бөлеп, өзі байсалды, ұтымды болуға тиісті Мен осының барлығын үйрендім. Қазақ және қырғыз даласының қарт та даңқты ақындарымен кездестім. Мен тколхоз үшін жалынды үгітші болдым. Колхоз жайында жүздеген өлеңдер айттым, олар сахараны шарлады, өйткені бұлар шын жүректен шыққан өлеңдер еді. Мен ертегідегі Гүлстаннан да тамаша- Москвада болдым… Өлеңдерім үшін маған Еңбек Қызыл Ту ордені берілді. Мен сол кезде былай деген едім, қазір де қайталаймын:

— Мен ногратталған жоқпын, Қазақстанның халық поэзиясы нограттады. Мен жыр шертемін, әзірге жүрегім соғып тұрғанда жырлай беремін…»

1937 жылы бүкіл еліміз Жамбылдың твлрчестволық қызметінің 75 жылдығын мерекеледі. 1941 жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді. 1943 жылы майданна Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты. Бұл жөнінде ақынға хабар жеткенде, ол бір аз отырып барып, қайғылы хабарға өлеңмен жауап берді.

Жамбылдың ақырғы жыры 1945 жылы 9 майда айтылды. Бұл неміс фашистерін біді халқымыздың қаһармандықпен жеңілгеніне арналған еді. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және Құрмет Белгісі орден імен наградталды. Жүз жасқа не бары бірнеше ай қалғанда, 1945 жылы 22 июньде Жамбыл дүние салды.

  1. Жамбылдың «Шәкірт балаларға», «Атаның әлдиі», «Ленинградтық өрендерім», «Балама хат», «Жеңіс жырын жырлаңдар», «Жаңа жыл сәлемі», «Жүз жасаған жүректен», «Өнердің өсуі», «Балаларға», «Жастық жыры», «Бесід жыры» тағы басқа да көптеген өлеңдері балалар әдебиетінен өшпес орын алды.

«Шәкірт балаларға» деген өлеңінде:

Сендерді қоссам жырыма,Мектептен сендер келгенше,

Саңқылдап үнім сайраған.Тағы да бір жыр ойланам.

Қаздаңдап кәрі саусағым,Келген соң, айтып бермесем,

Шетке бой лап ойнаған. Балалар, кінә қой маған! –

деп, ақын ата балалар алдында өзіне алкен міндеттер жүктейді. Ақын ата өзінің әсерлі өлеңдерімен балалар тәрбиесіне айрықша мән беріп, бейнелі сөздерін жыр етіп төгеді. Ер жеткен сайын балалық шақтағы жақсы қасиеттерді шыңдай түсуге, адамгершілік сапань ардақтай білуге, өз Отанының мақтанышы, азаматы болуға баулиды.

«Балаларға» деген өлеңінде – Жамбыл жас шәкірттер арасында бірер жетідей болмай галса, «қуанышым, тірегім, жас ботам» деп аңсаған сағынышты көңілін білдіре, оларды өзіне жақын тартып, қуантып, мәз – мейрам етіп, бар ықыласымен жыр төгеді.

Балалар, аманбысың, шырақтарым,

Майысып көлге біткен құрақтарым.

Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,

Ішінен асып кетсе бір аптаның, —

деп, тасқындата, балаларды өзіне еліктіріп, қызықтыра сөз маржанын тізеді. Ақын ата бұл өлеңінде адам баласының ертеден арман еткен тілегі, болашақтан күткен үміті, балаға деген барлық махаббат, олардың бақыт бақшасы – даңқты ұлы Отанымызда іске асқанын жыр етеді. Оларға жасалып отырған қамқорлық, құрмет барлығын түсіндерді.

Білемін өмірлерің тұрған жайнап,

Күндіз, түн жастық үшін жарық сайлап.

Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су –

Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.

Балалардың көңілін тасқындатып, қанатына су бүркіп аспандатып отырады. Жасалып жатқан барлық игілік, барлық іс соларға, тек солар үшін ғана екенін естеріне салады. Өйткені жастар біздің болашағымыз, олар өміріміздің жалғасы екенін мақтанышпен жыр етеді. Жамбыл өлеңінің жалпы идеясы – баланы семьялық жеке тәрбиеден қоғамдық коллективтік тәрбиеге баулуға бағытталғанын байқатады.

Жамбыл балалардың психологиясын жақсы білетін, оларды өзінің айналасына тез үйіріп ала қоятын. Домбырасын тартып, өлеңін айта отырып, олардың балалық істері туралы шын ынтамен, аталық көңілмен сөйлесе білетін. Олар еліктерлік әңгіме айтып, солармен бірге шаттана алатын. Сондықтан да Жамбыл өлеңдері балаларға рух беретіндей әсерлі де, көңілді шығады. «Бесік жыры» өлеңінде балалардың бақытты өмірін қызыға да қуана жыр етеді.

…Балалық, жастық шағыңды,Жолың ашық аңдаған.

Өсірді елің дарынды.Сен үшін бақша бұлбұлы,

Еліңменен бір көрдің,Сұлу әнін сайраған.

Жарқыраған бағыңды.Сайдың сұлу гүлдері,

Бақ жұлдызы жайнатты,Сенің үшін жайнаған

Жас бөбегім, жаныңды.

Аққан күміс арнадан.

Өмірің кең шалқыған,

деп, баларды пуанта да, серпілте түседі. Оларға жасалған игілік пен әкелік қамқорлықты көздің қарашығындай сақтай да қорғай білу міндеті жастардың өздеріне жүктелетінін де ескертеді; күшті талаптар қоя біледі. Балаға қамқорлық жасаумен бірге оларға күшті талап тар қою арқылы саналы тәртіпке үйретуге болатынын ақын жақсы түсінеді. Бала өмірге өзі араласпайынша оның ішкі сыр – сипатына, өмір үшін күрестің әр алуан тәсіліне түсіне бермейді. Халық сен үшін қызмет етсе, енді сен халқың үшін қызмет етуге міндеттісің дегенге үйретеді оларды.

  1. Балаларды патриоттық рухта тәрбиелеу міндеті Ұлы Отан соғысы жылдарында бұрынғыдан гөрі ерекше жауаптылықпен қолға алынды. Жас өспірімдердің рухын көтеретін Жамбыл өлеңдерінің осы жылдар ішіндегі рөлі, оның патриоттық рухы жастар үшін мейлінше ықпалды болды. Балалар әдебиті тақырыбына жазылған соғыс жылдарындағы шығармалар балалардың жауға деген өшпенділігін арттырды. Жас болса да, оң мен солын танытып, олардың жауынгерлік рухын көтере түсті. Ақын «Балама хат» деген өлеңінде:

Есіңде, балам, бар шығар,

Айтқаным Отан әмірін.

Шегінбе жаудан жанды сал,

Шешілмек содан тағдырың! –

деп, әкелік әмірін көрсете, баласының алдына шарт қойып, жауапты міндеттер жүктеді. Балаға үміт арта сөйледі:

Аянба, балам, аянба!Сендерге арнап осы жол.

Бәлекет сонда ашылар.Достарыңа осыны айт,

Алғадай, ылғи алда бол,Жауларыңды жеңіп қайт!

Аянған адам болмақ қор!Айтарым арнап, саған сол!

Бәйгеге барын тігемін,

әке әмірі екі етілген жоқ, орындалды. Балаларға арналған Жамбыл өлеңдерінің патриоттық сезімдерге толы күш – қуаты осындай ерекшеліктерінен көрінеді.

Жамбылдың жастарға арналған қай өлеңін алсақ та, ол алдымен олардың күшіне сеніп, мақтаныш ете жырлайды. Өйткені жігер де, күш те, қайрат та солардан табылады. Жастарға осылайша сенім арта сөйлеу олардың күш – жігерін тасытып, рухын көтереді, патриоттық сезімдерін шыңдай түседі. Оларды қандай қиыншылық болса да табандылықпен күресіп жеңіп шығуға үндейді.

Жамбылдың балаларға арналған өлеңдерінің бәрінде де осы сияқты аталық көңілмен жылы сезімдерін тасқындатып отырды. Отанға сара жолбасшылығына деген шын ықыласын, адал көңілін білдірді. «Жүз жасаған жүректен» өлеңінде:

Уа, қарағым, балалар!Үстем болсын мерейің!

Ер бол демей не дейін,Жауды қырып айдауға,

Ереуілді майданда,Талмай көмек берейін!

деп, олар қайда жүрсе де көздерінен таса қалдырмай әрқашан дем беріп, жігерін тасқындатып, рухын көтеріп отыратын халқы барын және бұл халық атынан айтылып отырған сөз екенін ауық – ауық естеріне салады. Жамбыл Отан соғысы кезіндегі айбынды қаһармандық ерліктерін тізіп айта бермейді, сол кездегі қызықты да көңілді шаттық кездерді естеріне салады. Оған «Жаңа жыл сәлемі» өлеңін айтуымызға болады.

Жамбыл балаларға арнаған барлық өлеңі арқылы жас өспірімдерді тәрбиелеуді іске асырған және соның тамаша үлгісін көрсеткен патриот ақын.