1.Сәкен (Садуақас) Сейфулин 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысының Жаңа арқа ауданында шағын дәулетті, орта шаруаның отбасында туды. Сәкеннің ата-анасы ауыл арасына қәдірлі, меймандос, адал ниетті, жарқын, сонымен бірге өнерлі кісілер болды. Сәкеннің өзі де әкесінің аң аулағыш саятшы, сауыққой, домбырашы, шешесінің халық өлең-жырларын көп білетін, сөзге шебер адамдар болғандығын айтады. Мұның өзі Сәкеннің өлең-жыр, әңгіме-ертегілерге деген құмарлық сезімінің ерте оянуына көп әсер етеді.
Сәкен бастапқыда ауыл молдасынан оқып, тез – ақ хат танып кетеді. Баласының оқуға алғырлығын, зейінділігін, ой – талабының күштілігін байқаған Сейфолла Сәкенге орысша білім бергісі келеді. Осы мақсатпен 1905 жылы он Успенск (Нілді) мыс заводындағы мектепке береді.Сәкен мунда үш жылдай оқиды. Онан кейін Ақмоладағы бастауыш орыс мектебі не (приходская школаға) түседі. Мұны бітірген соң, үш класти училище де оқиды. Сәкеннің жастайынан екі тілде бірдей білім алуы, оның орыс әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің шығармаларымен, сон дай – ақ өз халқының әдебиетімен молынан танысуына мүмкіндік береді.
1913 жылы Сәкен Омбы қаласына барып, оқытушылар семинариясына түседі. Семинарияны ол үш жылдан кейін, 1916 жылы біті ріп шығады. Сәкеннің ақындық, жазушылық талабы ерте кезден байқалады. Ол – Успенск пен Ақмолада оқып жүрген кезінде – ақ өлең шығара бастайды. Омбы қаласында оқып жүрген кезінде студенттердің «Бір лік » атты әдеби үйірмесіне қатыса ж? ріп, өзінің алғашқы өлеңдер жинағын құрастырады. Бұл жинақ 1914 жылы «Өткен күндер » деген ат пен Қазан қаласында басылып шығады. Бұл кітап Сәкеннің ақындық талабының зор екендігін жалпы жұртшылыққа танытады.
- Сәкен Сейфулин қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың сүйікті жазушысы. Оның «Маузер», « Бандыны қуған Хамит», «Бұлшық ет», «Балалар», « Келіншектің бесік жыры», «Ананың хаты», «Анаға жауап» деген өлең-әңгімелері өзінің жаңашылдығымен балалардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Сәкеннің бұл шығармалары – балалар әдебиетінің дамыған жаңа дәуірінің бет ашары болды.
«Жас өспірімдердің еңбекпен айналысуы, сон дай-ақ олардың әртүрлі ауыл шаруашылық жұмыстарына тікелей араласып, кетуі балалардың ой-өрісін кеңейтеді. Оларды тентек мінездіктен арылтып, саналы да тәртіпті адам болуға икемдейді. Сонымен қатар оларға практикалық іскерліктер мен саналы дағдылар туғызады. Мұнымен бірге еңбек балаларды әр нәрсені білуге талаптандырады, қазіргі материалдық дүние жөнінде азаматтардың құлшына кіріскен ер лік істеріне сүйене отырып, балалар мен жас өспірімдердің рухын көтеретіндей дәрежеде суреттейді.
Шаттық, қызық еңбекте,
с істейміз сүйсіне.
Темір қалақ үн қосар,
Күшті қолдың биіне.
Көкке өрлетіп қалаумен,
Қызыл қышты тізілту.
Қызыл күннің астына,
Орнатамыз қызыл ту…
Бұл өлеңде балаларды еңбекке тәрбиелеу, соған баулумен қатар, социялистік құрылыстың озаттарын, ондағы жас құрылысшыларды мадақтап, олардың еңбегін, Отанға берілгендік ынтасын жыр еткен. Барлық игі жұмыстар солардың жарқын болашағы үшін істеліп жатқандықтан, бұған жастардың өздері де белсене ат салысуы керектігі айтылған. Балаларды еңбек тәрбиесіне баулудағы бұл өлеңнің күшті де әсері болатыны осынысында.
Қараңғылық бұғауынан азат етіп, теңдікті өз қолдарына әперген революцияның жеңісін жас өспірімдерге ұқтыру, түсіндірудің алкен тәрбиелік мәні болды. Өйткені, езілген шаруа балаларының оқуға, өнер – білімге тең праволы болып қол жеткені тек революцияның жеңісі арқасында ғана екенін жас өспірімдерге түсіндіре білудің өзі балалар әдебиетінің басты міндеттерінің бірі болып есептелетін.
Сәкен «Бұлшық ет» деген өлеңінде еңбек еткен адамның еңбегінің табысын сүйсіне жырлайды. Соны жас өспірімдерге үлгі етіп ұсынады.
Боянған түрлі шырайлыБалғын білек балтыр да,
Сұлу емес сырлы бет.Ширатылған түйіндей.
Ширатылған түйіндей,Бұлтылдаса бұлшық ет,
Шын сұлу күшті бұлшық ет.Кім тұрады сүйсінбей.
Көк темір құрыш болатпен,
Асусыз асқар тау кешкен.
Тас қопарып, жер үңгіп,
Шыңырау қазып, жер тескен…
Қайда жүрсе де біздің елде еңбек еткен адам сыйлы да болды, құрметке де бөленді. Отанын да, халқын да сүйсіндіріп, әрқашан даңққа бөлеп отырғанын жас өспірімдерге үлгі өнеге етіп көрсетті.
- Сәкеннің балаларға лайықты шығармалары оның поэзия саласындағы еңбектерімен ғана шектелмейді. Проза жанрында 1922 жылы жазған «Бандыны қуған Хамит » атты әңгімесі бар. Бұл әңгіме революция жеңісінен соң, өкіметке қарсы іріткі салу мақсатымен елдің үрейін, момын шаруалардың берекесін кеті ріп жүрген бандылардың қарақшылық әрекетін әшкерелеуге арналған. Мұнда да автор жаңа орнаған өкіметін оның ішкі жауларынан тазартып, көздің қарашығындай қорғай білу керектігін айту, соны жас өспірімдерімізге түсіндіруі көзделген.
Әңгіменің композициялық құрылысында бір ерекшелік бар. Мұнда да оқиға желісі салған жерден бірден басталып кете қоймайды. Болған оқиғаны толық түсіндіріп, көз алдыңа елестетіп, айқын да дәл суреттеу үшін, Сәкен ең әуелі айналамен, оқиға болатын жермен, шығармада суреттелетін кісілермен таныстырады. Оқиғаның дәл өзіне жеткенше әңгімедегі кейіпкерлердің таптық көзқарасы, ұстаған мақсаттары, кәсібі, өздерінің кім екендігі бірте – бірте ашылып, айқындала береді. Оқиғаның қызықтығы бірін – бірі аңдыған екі көзқарастағы адамдардың қалай кездесетіндігінде болып, оқушы әңгіменің шарықтау шегіне жеткенше асығып, соған келе жатқан бағыттағы әр алуан суреттемелерге елігіп, зор әсер алып отырады.
Әңгімеде суреттелетін банды бастығы Кудря мен оның ізіне түскен Хамиттің жеке басына тән ерекшеліктері, мінез – кескіндері, жүріс – тұрысы, сырт тұлғалары, күш салыстырғанда екеуінің бір – бірімен тең түсетіндері оқушысын өзіне еліктіре тартады. Сайысқа түскен екі адамның тағдыры немен тынар екен деген тынышсыз ойға шомдырып, өздерін патриоттық сезім билеп отырады.
Жазушы банды бастығын суреттегенде: «Кудря жұрттың айтуынша және істеп жүргендеріне қарағанда, өзі балуан, жасаулы мылтықтан тай салу дегенді білмейтін, талайларды өлтірген», — деп оған мүлде адам баласы тең келмейтін алыптай етіп суреттейді.Әрине бұл арқылы жазушы жаудың да осал емес екенін көрсетеді. Ел тынышын кетіріп бүлік салып, ойына келгенін істеп жүрген осындай озбырға қарсы, соны ұстауға ояздық политбюро Хамитті жұмсайды.
Ал Хамит кім? «Хамит ұзынша бойлы, жаурынды, тіп – тік сұр жігіт. Қырша мұрынды, шүңіріктеу қаракер тобылғы көзді, қырып жүретін сақалы, мұрты бар. Жасы 25 – 26 шамасында. Сом, сұлу денесі ылғи сіңірмен шиырылған көк ет еді. Бар денесі серіппелі көк темірден құйып жасағандай. Түйіліп жазылған қиғаштау қасы мен шұңғылдау көзі Хамитте зор қайрат, алкен қайсарлық бар екенін көрсетеді. Бет – аузы бүркіттің бетіндей ». Хамиттің портретін осылай суреттеумен бірге еңбекте, істе төселген және дене шынықтырумен шұғылданып, ер көңілді кейпін жастарға үлгі етерлік қалыпта көрсетеді.
Қорыта айтқанда, Сәкен шығармалары балалар әдебиетіне жаңа тақырып, жаңа мазмұн әкелді. Ол балалар әдебиетін жаңа идеялармен толықтырды. Оның шығармалары жас өспірімдерге Отанға деген сүйіспеншілігі және он көздің қарашығындай қорғай білуді, халқына адал қызмет етуді үйретті. Сонымен қатар, еңбек ету – адам баласы болашағының бақыты екенін түсіндіруге күш салды. Сәкен шығармаларының айқын идеясы балаларды патриоттық рухта тәрбиелеп қана қоймай, ол сонымен қатар балалар әдебиеті тақырыбына жазып жүрген жазушыларға әдістермен қалай, қайтіп жазу керектігінің үлгісін көрсетті.