- Молдағалиев Тұманбай 1935 жылы Алматы облысы, еңбекші қазақ ауданы «Жаршы» совхозында туылған. 1956 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. 1956-59 жылдары «Пионер» журналында. 1959-70 жылдары «Жазушы » баспасында істеді. 1970-73 жылдары «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болды.
1973 жылдан «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар және Жастар әдебиетінің бас редакциясында қызмет істеді, қазір «Жалын» баспасының бас редакторы. Т. Молдағалиев өзінің «Украина қызына» деген өлеңін 1954 жылы жариялады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Студент дәптері» 1957 жылы жарық көрді. Молдағалиев нәзікте сырлы, ойлы да ұшқыр жырларымен оқушы қауымға лезде танылды. Тұрманбай балаларға арнап көп өлең дастандар жазды. «Құралай» атты балаларға арналған өлеңдер жинағы 1961 жылы шыққан. Т. Молдағалиев 100-ден астам ән текстерін жазды. Оның «Құстар қайтып барады», «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Ертіс вальсі», «Шақырады көктем» атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тарап кетті. Ол Байрон, М. Лермонтов, Т. Шевченко, Туманян, С. Капитукан, Ғ. Ғылам, Р. Гамзатов, Ұйғын, Зульфия, Д. Жансарайев т.б ақындардың шығармаларын қазақ аударды. Тұрманбай өлеңінен еңбек адамының жаны жомарт асыл бейнесін көреміз. Үш жігіттің жұмысын жалғыз өзі қиратып тастайтын ата образы бала көзіне, бала сезіміне ерекше әсер қалдырады. Ата ерлігіне сүйенген баланың альп ұшқан көңілі алабұртқан жүрегі, лапылдаған сезамі өзіне ерік бермей атасындай болуға жігерлене түседі. Баланың жігерлене түсуі өлеңнің әсер бергіш ерекшелігінен тұрады. Ол ерекшелік, ақынның бір құбылысқа әр қырынан келіп, адам әрекеттерін, адамның жан дүниесін тереңнен тану шарттарын белгілеп беруінен көрінеді. Өлеңнің эмоциялық мәнінің арта түсуіде осыған байланысты болу керек. Әлгінде ғана атасының еңбегімен табыстарын сүйініп отырған балдырғанға аяқ астынан мына бір сұмдық хабардың сап ете қалуы қандай әсер етті де сейші.
«Дауыл тұрды ер азамат атқа мін!»
Деген жырды қайталадым, жаттадым
Мен білмеппін, мен білмеппін ол күнде
Батыс жақта соғыс болып жатқанын
«Биыл менде оқимын-ау хат танып»,
Деп достарға жүргенімде мақтанып.
Күзге салым қоштастыда бізбенен
Хан майданға әкем кетті аттанып.
Мұндай суық хабар, ызғар төккен үрейлі сөз кімнің болсада жанын түршіктіріп, тас түйіндей етеді. Өзін беріктікке, берілместіккке, ұстамдылыққа баулап, жауға деген наразылықпен Жан ашуының уытты күін білдіртеді. Бар құбылысқа әр қырынан келген балаға әсер бергіш эмоциялық күштілігі міне осынысында.
Тұрманбай Молдағалиевтің «Ұлыммен сырласу» өлеңі көп ізденуден тұрған, алкен оқиғаға құрылған, кең тынысты көркем туынды. Тұманбайдың бұл өлеңі аға ұрпақтың лайықты мұрагерлері жүрегінде патріотизм рухын тұтандырып, өздерін отаншылдыққа тәрбиелеп, бауырмалдыққа баулиды.
Тұрманбай поэзиясындағы осындай ыстық сезім, ойлы сөз, өткір сенім және оқушысын рухтандыра түсетін жеңіске деген оптимистік көзқарас он өлеңдерін жаңа сапаға көтерген. Жас өспірімдерді отаншыл, патриот, мейлінше оптиміст етіп тәрбиелеуде балалар әдебиетінің қуатты күші, ерекше әсері міне осындай болмақ. өмірдің ең түйінді мәселелерін көтеріп, балалардың өздерін осындай күрделі оқиғаларға араластырып жіберуді суреткердің тапқырлығынан туған шеберлік деп. Едік. Аға ұрпақтың лайықты мұрагерлерін, олардың қаһармандық істері мен дәстүрлерін жалғастырушылдарды әрқашан қамқорлыққа Альп, әрқашан көзден таса қалдырмау, әрқашан комуни стік мораль рухында тәрбиелеп отыру- балалар әдебиетінің ең басты міндеттерінен саналады.
- Балаларды патриоттық сезімге, Отан сүйгіштік дәстүрлерге тәрбиелеуде және оларға әсер етюді тиімді әдістері мен формаларын үздіксіз іздестіруге елеулі еңбек етіп, қазақ балалар әдебиетіне мол үлес қосып келе жатқан талантты әрі жерделі ақынның бірі – Тұманбай Молдағалиев. Балаларға арналған, өмір шындығына құрылған оның әрбір өлеңдерінде жүрек тебірентерлік шалқыған терең ой жатады. Баланың балдай тілімен сөйлей отырып, олармен шүйіркелесе, әңгімелесе біледі. Тұманбайдың «Ұлыммен сырласу», атты өлеңі бір ден оқиғадан басталған.
Оқиға не ден басталғаны, қалай басталғаны бір ден балаларды өзіне баурап алады. Әкесінің әкесі кім болғанын білгісі келіп, сұрағына жауап күтіп отырған Дәурен – көзінен жас кетпейтін ерке тотай әздек емес, әр нәрседен хабар дар болғысы келетін, айналасына қызыға қарайтын, жүрегінің оты бар жерделі бала.Дәуреннің бұл сұрағы жетімдік қасіретін көп көріп өскен ақынды алкен ой? а қалдырып, терең тебіреніске түсіреді. «Балаға ойнап сөйлесең де ойлап сөйле» дейтін дәстүріміз бойынша ақын Дәуреннің бұл сұрағына зор мән берген. Балаларды биік ідеал, асқақ мұраттарға тәрбиелеу мақсатын көздеп, жағымды қаһарманды – ата образын ұтымды суреттеген. Бұл өлеңнің желісі оқушыға көп нәрсені аңғартады. Ата жайлы, ата қадірі жайлы әңгіме өріс алған сайын оның сом тұлғасы, құдіреті кошті бір бейне, ата бейнесі пайда болғандай оқиғаның жалғасына баланың аңсары ауып, ата ерлігін одан ары тыңдай бергісі келеді.
Анадайдан көрінетін зор дене,
Мендей болып ту дегендей өңгеге!
Алып еді менің әкем, жан балам,
Өзі тіреу болатындай бөлмеге!
Тұманбай өлеңінің еңбек адамының жаны жомарт асыл бейнесін көріп отырмыз. Үш жігіттің жұмысын жалғыз өзі қиратып тастайтын ата образы бала көзіне, бала сезіміне ерекше әсер қалдырады. Ата ерлігіне сүйсінген баланың Альп ұшқан көңілі, алабұртқан жүрегі, лапылдаған сезамі өзіне ерік бермей атасындай болуға жігерлене түседі. Баланың жігерлене түсуі өлеңнің әсер бергіш ерекшелігінен туады. Ол ерекшеліғк ақынның бір құбылысқа әр қырынан келіп, адам әрекеттерін, адамның жан дүниесін тереңнен тану шарттарын белгілеп беруінен көрінеді.Ауыр күндер суретіне толы мұндай сыншыл бей нені, өзі туған халқының тағдырын, бақытын ойлаған аға ұрпақтың отан сүйгіштік патриоттық тамаша қасиеттерін бала қатты Сезіне отырып, әкелер дәстүрін қадір тұтады. Ер лік істерін естерінде сақтап, жоғары бағалайды. Әкелердің ер лік дәстүрін жас өспірімдер жөргектен баста қабылдап, ерлікке, батылдыққа, отанына, халқына шын берілгендік рухта тәрбиеленеді.Өздерінің бейбіт өмірлеріне қызығады да қуанады.Сондықтан да ақын аталардың қаһармандық істері мен дәстүрлерін жалғастырушы аға ұрпақтың лайықты мұрагерлеріне:
Өр болып өт, кеудеңді ұста жоғары!
Алыстарға бастар сені жол әлі.
Шын батырдың немересі менмін деп.,
Мәңгі – бақи айтуыңа болады, —
деумен аяқтайды ақын өз өлеңін.
- Балаларға арналған Тұманбай поэзиясындағы тағы бір ерекшелік – ол балаларды ойлы, саналы, жерделі етіп тәрбиелеуді көздеп, олармен кәдімгі ересектерше сөйлеседі. Соғысқа кеткен әке, ағаларын сағынған балалар ойынды тастап, үлкен адамдарша еңбек етуге, үлкен адамдарша ойлануға өзінен — өзі бейімделіп алады.Үлкен адамдар көрген қасіретті олар да бастан кешіреді.Соғыс зардаптарының қайғы – қасіреттері оларды бір ден есейтіп жіберді де, белін босаңсытуға ерік бермеді. Міне поэмалар жинағының өн бойынан сезіліп, бала мен ана, бала мен әке, бала мен аға, бала, осы бір жадай Тұманбайдың «Хаттар, хаттар» мен жеңге, бала мен апайы араларындағы қиын – қыстау соғыс жылдарында бастан кешірген оқиғалар жырланады. «Хаттар, хаттар », поэмасында жүрген ағасын сағынған бала:
— Өзіңе, аға, бір сұрақ,
Жауларды қашан жеңесің?
Алдыңнан қашан шығайын,
Ауылға қашан келесің.
Өзі кішкентай болса да үлкендерше әрекет етіп, үлкендер істейтін жұмыстарды атқара жүріп, әлсін — әлі майданда жүрген әкесін, ағаларын көбірек ойлайды. Солардың тағдырларына ортақ боп, көзінің жасын бір сығып ап, солардың амандығын тілейді. Ертерек жауды жеңіп, ертерек жеңіспен еге оралуын армандайды.
Баланың сағынышты әрі аянышты көңілін сезген жауынгер елдегі інісінің, сүйген жарының, ата – анасының көңілін аулап, жеңіс күндерінің алыс еместігін айтып, оларды желпіндіріп қоюға тырысады.
Әке мен ағасының майданна оралмауы, жеңгесінің басқа біреумен кетіп қалуы, соғыс аяқталмай жатып, бірге туған апайының тұрмысқа шығып кетуі – бала үшін орны толмас алкен қасірет еді. Бәрінен де айырылып, бәрінен де қол үзіп бұғанасы қатпаған бала тағдырының осындай күйге душар болуы, жетім қалуы өте аянышты.Қанша қасірет көрсе де, ханша азап шексе де әке шаңырағын ортаға түсірмей, түтінін түтетіп, тұрмысты байта құрып, еңбек майданна араласып кетеді.
Тұманбай поэзиясындағы осындай ыстық сезім, ойлы сөз, өткір сенім және оқушысын рухтандыра түсетін жеңіске деген көзқарас оның өлеңдерін жаңа сапаға көтерген. Аға ұрпақтың лайықты мұрагерлерін, олардың қаһармандық істері мен дәстүрлерін жалғастырушыларды әрқашан қамқорлыққа алып, әрқашан көзден таса қалдырмау, әрқашан тәрбиелеп отыру – балалар әдебиетінің ең басты міндеттерінен саналады.