- Өзінің ақындық өнер жолын 20 – жылдардан бастаған Өтебай Тұрманжанов Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданына қарасты Жалғызағаш деген жерде, 1905 жылы кедей шаруаның семьясында туған. Өтебайдың әкесі Тұрманжан егіншілік шаруашылығымен кәсіп етумен бірге, қолөнеріне жетік адам болыпты. Он саусағынан өнері тамған әрі етікші, әрі ағаштан ер – тұрман жасайтын шебер екен. Шешесі Үмітай да киім пішіп, кілем тоқыған өнерлі кісі болыпты. Осындай ұсақ – түйек кәсіптермен шұғылданып жүрсе де Тұрманжан жоқшылық қасіретін көп көреді. Соның салдарынан 1917 жылы Ташкентке көшіп барады. Олар Ташкенттегі наубайханада істеп жүрген нағашысының қолына келіп, жұмысқа орналасады. Алды – алдын шырмап алған кедейшіліктен Ташкентке келген соң да арыла алмайды. Әке – шешесінің ауыр тұрмыстары болашақ ақынның жас жанына қатты әсер етеді. Мұның үстіне шешесі қайтыс болады. Былай да жоқшылық зардабы арқасына батып жүрген Өтебай шешесі қайтыс болған соң, көшеге, басы ауған жағына қаңғып кетеді.
Өтебайды осындай ауыр тұрмыстан арашалап алған, оны өз бауырына тартқан 1917 жылғы Октябрь революциясының жеңісі еді. Көшеде қаңғып жүрген көп жетім балалармен бірге Өтебайды да жаңа орнаған өкімет қамқорлығына, тәрбиесіне алып, 1919 жылы Ташкенттегі балалар үйіне орналастырады.Өтебай сауатын балалар үйінде жүргенде ашқан.
1922 – 1925 жылдары Өтебай Москвадағы Күншығыс еңбекшілері университетін біті ріп, Ташкентке қайта оралады. Өтебай Тұрманжановтың тұңғыш шығармалары 1922 жылдан бастап, Ташкентте шығатын «Жас қайрат» журналында басыла бастады. Өтебайдың балаларға арналған шығармалары да өз алдана бір төбе. 1952 жылы «Қарлығаш», 1959 жылы «Сұңқар түлектер» деген балаларға арналған өлеңдер жинағын шығарды. Мұнда «Қызыл құмның құпиясы», «Қарлығаш, дәуіт, жылан», «Жолбарыс», «Төрт өгіз туралы ертегі», «Жолаушы мен жеті қасқыр», «Аю мен аралар», «Қарлығаш, көкқұтан», «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос құдалар», «Көктем көріністері» тағы басқа толып жатқан ертегілер, поэмалар, мысалдар, өлеңдер бар.
1933 жылы жақсы поэмаларға арналып жарияланған республикалық жарық конкурста Ө.Тұрманжановтың «Пулемет» атты поэмасында бірінші сыйлық беріліп, үздік жүлде алды. «Ақ алтын» атты поэмасы – қазақ әдебиеті тарихында бірінші рет мақта шаруашылығына байланысты жазылған шығарма. Сонымен қатар «Шыршық сыры» поэмасы да қазақ әдебиеті тарихында ең бірінші рет ирригация – су құрылысы тақырыбына арналып жазылған шығарма.Ө.Тұрманжанов бірнеше оқулықтардың авторы болды.
Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы Өтебай Тұрманжановтың 70 жасқа толу мерекесін бүкіл республика жұршылығы кең көлемде атап өтті.
2.Өтебай Тұрманжановтың балалар әдебиеті саласында көтерген екінші үлкен тақырыбы – балаларды еңбекке баулитын, еңбек зейнетін суреттейтін өлеңдері. Еңбекке деген әркімнің әр қилы көзқарасын және соған тікелей қатысуын Өтебай әр алуан тәсілдермен суреттелетін кішкентай кейіпкерлері арқылы танытады. Балалар әдебиеті ерекшеліктерінің бірі әрқашан белгілі бір оқиға айналасында ақиқатты дәл, нақтылы суреттеу. Сондықтан да Өтебай өлеңдері жас өспірімдерге ерекше жақын әрі түсінікті.
Еңбек бар жерде игілік бар, сый – сияпат, құрмет те соның айналасында болады. Автор негізгі ойы еңбек еткенді құрметтеумен қатар, өмірге бейғамдықпен қарайтын және жеңіл – желпі күнелтуге тырысатын, өз ортасына пайдасы жоқ шыбын – шіркей сияқтыларды қатты әшкерелеуге, оларды күлкі етуге бағытталған. Өлеңнің ең құнды тәрбиелік мәні осы жағынан айқын көрінеді.
Өтебай өлеңдеріндегі тағы бір өзгешелік – балаларға үлгі — өнеге ету үшін шығарманың ең соңында барлық оқиға желісінен, айтылған ойдан белгілі бір қорытынды жасап, естерінде қаларлықтай түйін түйеді. Өлеңнің соңында:
Аралардан бал жедім,
Ондай тәтті көрмедім ,
Құмырсқадан нан жедім,
Ондай дәмді көрмедім, —
деп, ойын – сауық, күлкіден тұрмысты түзерлік ешнәрсе таппай, өмір тетігі деп табылған еңбектен онан тиісті жемісін көргендігін оқушыға дәлел етіп ұсынады. Еңбек процесі немесе өмірге бейімдей тәрбиелеуге бағытталған мұндай шығармалар, әруақытта балалардың ақыл ойының күн санап кеңейуіне зор әсер етеді.
Өтебай өлеңдері жанды суреттер арқылы кестеленгендіктен балаларға бірден тардымды да, ұнамды көрінеді. Шығарманың табысты болуының ең басты себептері осында.
Өтебайдың бұдан басқа Қазақстан миллиардына арналған «Сабан той», «Ащы терден, тәтті нан», «Бір кезде», «Нан туралы баллада» тәрізді өлең жырларында еңбекпен табылған ел ырысын, астықты нанды ысырап етпеуді, төгіп шашпауды, талан-таражға түсірмеуді, аяққа баспауды, оларды көздің қарашығындай сақтап, қадір тұта білуді үйретеді.
Ей, балалар, балалар, Нан қиқымын шашпандар
Болмаңдар, сірә нанға тар.Жерде жатса, баспаңдар!
Өмірдің алтын арқауыТеріп альп қастерлеп,
Бар қасиет нанда бар!Торғайларға тастандар!
«Баланы бастан» деген сияқты осындай терең ойлы нақыл сөздерді оларға мектеп жасына дейінгі балдырған кездерінен құлағына сіңіріп, әдетіне айналдыруына тиіспіз.
Әрі қысқа, әрі тұжырымды өлеңмен айтылған мұндай нақыл сөздер Өтебай поэзиясында өте көп. Ол әсіресе жақсылықты жаңалықты жаратушы еңбек адамдарының қадір-қасиетін жоғары бағалайды.
Жаны жақсы ағаның,Ірілерге санама
Етегін баспа, жолын қуҚара басын қорғаған.
Болайын деген баланың,Қарнын ғана ойлайды,
Бетін қақпа белін бу,Қарнын ғана ойлаған,
Тірлігі жоқ адамда, Өмірінде тоймайды.
Тірілерге санама.Жаман бала тамаққа таласады.
Ар, намыссыз надандыЖақсы бала сабаққа таласады.
Өнегелі адамнан өнегелі ой туады. Балаларға поэзия құдіреті осындай болмақ.
- Өтебай Н.Л.Толстойдың «Жіңішке жіп», «Маймыл мен бұршақ», «Маймыл», «Сауын сиыр», «Үйрек пен ай», «Шаң басқан қасқыр», «Су иесі мен меруерт», «Көкқұтан, балық, шаян», «Қасқыр мен садақ» деген 9 мысал және Изовтың «Көк кептар мен құмырсқа», «Арыстан мен тышқан», «Күзен», «Буркіт пен тасбақа» тағы басқа 32 мысал өлең аударды. Осылардың бәрі өз алдына жеке суретті кітапша етіп шығаруға боларлық шығармалар. Өйткені мысал өлеңдердің диологтары тұжырымды, қысқа, дәл келеді. Оқиға желісінде шұбалаңқылық жоқ, ондағы әзіл-оспаққа құрылған өткір ойлар жанды көріністер арқылы берілетіндіктен көңілге қонымды. Кейіпкерлері де түс-таңбасымен ерекше көзге түседі. Оқиғалар көпке созылмай, тез аяқталады. Мысал өлеңдерді осы ерекшеліктер жас буындарды көңілдендіріп, сезімін серпілдіп, өмір танырлық білім береді. Мысал өлеңдердегі мұндай қасиет балаларды кітапты көбірек оқуға да ынталандыра түседі.
«Арыстан терісін киген есек» деген Изовтың аударған мысал өлеңінде ең жаман қасиет көз бояушылық, жұртты алдау және сол арқылы көп алдында өз беделін арттырып, жалған атаққа ие болу жайы мысқыл етіледі.
Арыстанның терісін есек киді,
Арыстан деп аң мен мал басын иді.
Қошемет қып, құрмет қып алдына кеп,
Тіпті ерекше көрсетті артық сыйды.
Жел ұшырып әкетті тері тонды,
«Арыстан» бұл жұртың есек болды.
Алдамшының айласы ашылған соң,
Есекке қардай борап кесек қонды,-
Мысал өлеңдер барлық ұлтқа бірдей түсінікті де ойдағыдай бола кететін бір ерекшелігі – оның қамтитын тақырыбы, алатын оқиғасының өзі жалпы жұртқа бірдей мұра есепті айтылады. Мына жері ағаттау, қисынсыз екен дерліктей күдік тудырмайды, ойға сыйымсыз жерлері болмайды.
Балалар әдебиеті үшін мысал өлеңдердегі шеберлік ерекшеліктердің бірі диалогтардың ықшам да өте қысқа берілуінде. Изовтың аударған «Балық пен балықшы» деген мысал өлеңінде қармаққа түсіп қалған кішкентай балыққа былай дегізеді:
Мен әле кішкентаймын, сүлектеймін,
Шайнауға тісіңе де ілікпеймін.
Қоя бер өсейін мен пайдаң болар,
Мен саған ақыр меншік мүлікпеймін.
Сонда балықшы оған:
— Мен сенен тұрғаным жоқ ақыл сұрап,
Көнбеймін несиеге, балық шырақ.
Қолдағы даярынан кім айралар,
Үміт қып көп пайдадан алас жырақ.
Екеуінің сөзінде де артық айтылған сөздер жоқ. Тек ақылға қонымды жұмсалатын тұжырымды ойлар ғана бар. Соның өзі балаға көп ой тудырарлық, алды-артын болжарлық және не істесе де ойлап істеуге үйрететін жайларды баяндайды.
Қорыта келгенде Өтебай аударған мысал өлеңдердің бәрі де балалараға үлгі-өнеге боларлық, өмір танытарлық жанды көріністер арқылы бері леді. Өтебай Тұрманжанов балалар әдебиетін жазу жолында 50 жылдан аса үздіксіз еңбек етіп келеді. Қазақ балалар әдебиеті поэзиясының өсуі мен даму жолдары Өтебайдың атымен тығыз байланысты.