- Әлем халықтарының озық шығармалары өзінен ең алдымен бір асыл тектілік аңғарылады. Ақсақалды атамызды,ақ жаулықты әжемізді еске салады. Әлем халықтарының ертегілері баланы шығармашылыққа, тәрбиелілікке, өнегелікке баулиды. Әлем халықтары баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып,оған көркем шығармалар туындыларын жасады.
Әлемдік сөз өнерінің,әсіресе балалар әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі Джозеф Редьярд Киплинг (1865-1930) суретшілер әулетінен шыққан. Оның әкесі Джон Лонвуд көзге ерте ілінген қылқалам шебері болған.Киплингтің аты ағылшын болғанымен,заты азиялық деуге әбден болатын сыңайлы. Өйткені ол Үндістанда туып,балалық бал дәуренін,кейін қаламгерлік саналы өмірінің біразын сонда өткізді.Жас жазушы Үндістанның таңғажайып табиғатын жан-тәнімен жақсы көріп,үнділердің тұрмыс салты мен әдет-ғұрпын жете зерделеп,олардың мәдениеті мен әдебиетін,сенім-нанымдарын,әңгіме-аңыздарын,тілін терең зерттеді.Халық аңыздарын арқау ете отырып,”Джунгли кітабын” жазып,ең алғаш қасқыр асыраған үнді баласының таңқаларлық таңғажайып тағдырын әңгімелеп берді.Қаршадай кейіпкерінің есімімен “Маугли” атанған әңгімелер легінде бөрі бала туралы түрлі хикаялар шертілді.
Киплинг кітабының кейіпкерлері-аңдар,бірақ барлығы да адам тәрізді әрекет етіп,адам тәрізді ойлап,сөйлей біледі.Әлбетте,бұл ертегілерде болатын жәйт.Әйткенмен Киплинг әңгімелерінің ертегіден ерекшелігі-оларда аңдардың түр-тұрпаты, мінез-құлқы,тіршілік тынысы, қаракет қимылы керемет дәл әрі анық суреттелетіндігі сондай-біз сол аңдар туралы сан талай соны сырға қанығып,әрқайсысын өмірдегі қалпынан еш айнытпай көреміз.
Киплингтің бөрі бала туралы тамаша туындысы өткен ғасырдың сексенінші жылдары Рәшит Рақымбековтың аударуымен қазақ оқырмандарына да жетті. Бөрі бала хикаясы жастарды батылдыққа баулитын бағалы шығарма екні шексіз.
Әлемдік сөз өнерінің,әсіресе балалар әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі Джозеф Редьярд Киплинг (1865-1930) суретшілер әулетінен шыққан. Оның әкесі Джон Лонвуд көзге ерте ілінген қылқалам шебері болған.Киплингтің аты ағылшын болғанымен,заты азиялық деуге әбден болатын сыңайлы. Өйткені ол Үндістанда туып,балалық бал дәуренін,кейін қаламгерлік саналы өмірінің біразын сонда өткізді.Жас жазушы Үндістанның таңғажайып табиғатын жан-тәнімен жақсы көріп,үнділердің тұрмыс салты мен әдет-ғұрпын жете зерделеп,олардың мәдениеті мен әдебиетін,сенім-нанымдарын,әңгіме-аңыздарын,тілін терең зерттеді.