- 1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Ер жүрек кеңес халқы өзінің барлық күштерін Отан қорғау жұмысына бағыттау ісіне кірісті. Кеңес Одағындағы істеліп жатқан барлық жұмыстар соғыс мүддесіне сәйкес қайта құрылды. Кеңес азаматтары майданға, кеңестік Отанымызды қорғауға аттанды. Барлық кеңес азаматтарымен бірге жазушыларымыз,Қалмақан Әбдіқадыров, Тайыр Жароков, Баубек Бұлқышев, Әбу Сәрсенбаев, Жұмағали Саин тағы басқа жолдастар майданға аттанды. Тіпті сол кезде тоқсаннан асқан қарт ақын Жамбылдың өзі де майданның алдыңғы қатарындамын деп есептеді. Оның «Ленинградтық өрендерім» өлеңі барлық Кеңес Армиясына үлкен рух беріп, неміс баскыншыларына қатты соққы болып тигені әлемге аян. Мұндағы «Интернационалдық негіздің мықтылығы, халықтар достығының мызғымас беріктігі, тұтастығы зор роль атқарды. Коммунистік партия тәрбиелеген бұл қасиеттер әдебиетте көркем суреттік болуын тауып көрінді.
Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиетінің негізгі тақырыптары майдандағы ерлік күрестер мен тылдағы азаматтардың өндіріс пен ауыл шаруашылығындағы қаһармандық еңбектері жайында болды.
Жамбылдың балаларға арналған өлеңдерінде алдымен жер жүзі пролетариатына қамқорлық жасап отырған Коммунистік партияның басшылық ролі бірінші қатарда жырланады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында жазушылар барлық кеңес халқына, сонымен қатар жас өспірімдерге де рухани азық боларлық, олардың жігер-қайратын шындай түсетін жақсы шығармалар берді. Бұл жөнінде жас жауынгер Баубек Булқышевтің «Әмір мен өлім туралы» «Шығыс ұлына хат» (1943) әңгімелерін ерекше атаймыз. Баубектің осы әңгімелерінің бәрінен де тауы қайтпаған жалынды жастық шақтың Отанына беріле кызмет ету жайындағы патриоттық сезімдері, ерлік істері көрінеді. «¥р да жық ақымақ офицтер біздің жастығымызды, болашағымызды кұртқысы келеді. Біз, әрине бере алмаймыз оны! Өлерміз, бірақ бере алмаспыз! Бермейміз! Орыс та осыны айтады, қазақ та осыны айтады, ССРО-дағы барлық ұлттар осыны айтады»,— дейді Баубек Бұлқышев «Өмір мен өлім туралы» әцгімесінде олардың Отан қорғау күресіндегі көздеген негізгі нысаналы мақ-саттары да осы еді.
Баубек Бұлқышев жастар алдында осындай патриоттық сөздерімен нысаналы мақсаттар қоя отырып, Отан үшін, өмір үшін күресуге шақырады. «Менің жастығым адам баласының қызметіне берілді. Мүмкін мен жастығымды қайыра алмаспын. Бірақ, ол босқа кетпейді, менің кіші інілерімнің еншісіне тиеді. Кейінгі жастар, жас інілерім, сендер бақытты жандарсындар. Сендер соғыс дегенді білмей өтетін боласындар. Біз- жастығымызды сендердің бақыттарынның жолына құрбан еттік. Сендер тыныш өмірде бақытты жасайтын боласындар!»—деп, Баубек Отан соғысының жеңіспен аяқталатынына көзі жетіп, зор сеніммен сөйледі. Ол өз Отанынык сондайлық қадірлі екенін, оның әрбір тау-тасына дейін, тіпті кара қүйын топырағына дейін қадірлі екенін патриоттық жыл сезіммен баяндап берді.
«Шу өзенініңбойымен жүре берсеңз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы февраль айы екен. Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған.
Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды. Мен киіз үйде өстім. Сол кездені барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін, мен тіл ал-май қасаратынмын.
Менің ағам — әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тнгенде, барлық тентектікті ұмытып, Бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені катты кызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда даусым Бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім. 14 жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладын. Ораза кезінде үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сияпат көрсете бастады. 15-ке толған мен атақты ақын Сүйінбай туратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап, оның үйіне танып келдім де, мен әндете бастадым.
Жүрегім менін елжіреп, Көзімнің жасы мөлдіреп, Өткізіп ем ертерек, Өксумен бала шағымды. Көксеген бірақ көбірек, Бақытты болашағымды.
Алба-жұлба киініп, Кедейлікке күйініп, Жаяулап жерді жағалап, Домбыраны сабалап, Безегем тіл мен жағымды.
Өлеңіме риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырып алып:
— Сенің ақындық дарының бар екен, даусың да жақсы, ұнайсың, жігітім,— деді Сүйінбай.
Қарт ақынның тілеуі бойынша мен көптеген әндерді құйқылжыта айтып бердім. Онын біреуін сол үйде отырып шығардым. Сүйінбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, қошеметімді, өзімнің жастығым мен тәжірибесіздігімді өлеңге қосып, Сүйінбайды аспан әлемін нұрға бөлеген таң шапағына, жарық жұлдызға теңеп, өзімді ақынның інісімін деп атап, көмегін, колдауын сұрадым. Ол уәде берді.
Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді. Сүйінбай түні бойы ақындық, шеберлік жайында әңгімеледі. Сөйтіп мен оның шәкірті болдым, онын өлекдерін жұртқа тараттым. Тек 16 жасымнан бастап қана мен өз бетіммен жырлауға бел байладым, бірақ көрнекті, тәжірибелі ақындармен айтысқа түспедім. Қазақ даласында айтыста жеңілу — ақынның өлгенімен тен саналатын. Сондықтан да мен алғашқы кезде тек жас, онша әйгілі емес акындармен сөз таластырып жүрдім.
Мен Шу өзенін бойлап көшіп-қонып жүрген ауылдарды аралап, оларға халық өлендерін, ертегілерін, қиссаларын, атақты ақындардың өлендерін, өз өлендерімді айтып беріп жүрдім. Ғасырлар бойы қалыптаскан жәйт суырып салма ақын — рулар мен тайпаларды, ру ақсақалдарын, атақты адамдарды, окиғалардын бәрін білуге тиіс еді. Ол барлық жаңалықтарға үн қосып, жағдайды ескере білуге тиіс еді. Ақын тілінің өткірлігі, қысылтаяңда тапқырлығы, тез де ұтқыр жауап беруі арқылы бағаланады. Ол әріптесін күлкі, сықақ уытына бөлеп, өзі байсалды, ұстамды болуға тиіс еді. Мен осының барлығын үйрендім.
1941 жылы Жамбылга мемлекеттік сыйлық берілді. Ұлы Отан соғысы күндеріңдің Жамбыл өзінің өлеңдерінде совет халқын Отанды қорғауға, еңбектегі ерлікке шақырды.
Кеңес адамдарының батырлығын, СССР халықтарының, мызғымас достығын жыр етті. 1943 жылы майданда Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты. Бұл жөнінде ақынға хабар жеткенде, ол біраз отырып барып, кайғылы хабарға өлеңмен жауап берді.
Жамбылдың ақырғы жыры 1945 жылы 9 майда айтылды. Бұл неміс фашистерін біздің халқымыздың каһармандықпен жеңгендігіне арналған еді. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Кызыл Ту және Құрмет Белгісі ордендерімен наградталды. Жүз жасқа небары бірнеше ай қалғанда, 1945 жылы 22июньде Жамбыл дүние салды.
Жамбылдың «Шәкірт балаларға», «Атаның әлді», «Сәлем саған, комсомол», «Ленинградтык өрендерім», «Балама хат», «Жеңіс жырын жырландар», «Жаңа жыл сәлемі», «Жүз жасаған жүректен», «Өнердің өсуі», «Балаларға», «Жастық жыры», «Бесік жыры» тағы басқа да көптеген өлендері балалар әдебиетінен өшпес орын алды.
«Шәкірт балаларға» деген өленінде:
Сендерді қоссам жырыма, Саңқылдап үнім сайраған. Қаздаңдап кәрі саусағым, Шекте бойлал ойнаған.
Мектептен сендер келгенше, тағы да бір жыр ойланам. Келгенсоң айтып бермесем, Балалар, кінә қой соған! —деп, ақын ата балалар алдында өзіне үлкен міндеттер жүктейді. Ақын ата өзінің әсерлі өлеңдерімен балалар тәрбиесіне айрықша мән беріп, бейнелі сөздері жыр етіп төгеді. Ер жеткен сайын балалық шақтағы жақсы касиеттерді шыңдай түсуге, адамгершілік сапаны ардақтай білуге, өз Отанынын мақтанышы, азаматы болуға баулиды. Өзін ұялы байтерекке, биік шынарға балаумен қатар, жасыл жапырақтай жамырасқан бөбектердің де биік шынардай болуына талпынтады. «…бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Олардың ақылы өсіп, адамгершілігі артып жетіледі. Жеке адамның тікелей тигізетін әсерін ешбір формамен, ешбір уставпен, ешбір тәртіп ережесімен, сабақ уақытының кестемсімен алмастыруға болмайды. Адамның жеке басының әсері жас жанға күн сәулесімен бірдей, мұны ешбір басқа нәрсемен алмастыру мүмкін емес —- дейді, К-Д- Ушинский. Өзінің жеке басының мінез-құлқын және ақын-жазушылар шығармасынын жоқ.
«Балаларға» деген өлеңінде — Жамбыл жас шәкірттер арасында бірер жетідей болмай қалса, «куанышым, тірегім, жас ботам» деп аңсаған сағынышты көнілін білдіре, оларды өзіне жақын тартып, қуантып, мәз-мейрам етіп, бар ықыласымен жыр төгеді.
Балалар. аманбысың, шырақтарым, Мабысып көлге біткен кұрақтарым, Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын, ішінен асып кете бір аптаның,—деп, бірден тасқындата, балаларды өзіне еліктіріп, қызықтыра сөз маржанын тізеді. Ақын ата бұл өлеңінде адам баласының ертеден арман еткен тілегі, болашақтан күткен үміті, балаға деген барлық махаббат, олардың бақыт бақшасы — даңқты Коммунистік партияның басшылығы арқасында ғана біздін, социалистік ұлы Отанмызда іске асқанын жыр етеді.
Балаларды кеңестік патриотизм рухында тәрбиелеу міндеті Ұлы Отан соғысы жылдарында бұрыннан гөрі ерекше жауаптылықпен қолға алынды. Жас өспірімдердің рухын көтеретін Жамбыл өлеңдеріңің осы жылдар ішіндегі ролі, оның патриоттық рухы жастар үшін мейлінше ықпалды болды. Елімізге қатер тудырған неміс басқыншыларының зұлымдық әрекеттері әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеп өсіп бара жатқан бағытын тоқыратып, тоқтатып тастай алған жоқ. Балалар әдебиеті тақырыбына жазылған соғыс жылдарындағы шығармалар балалардың жауға деген өшпенділігін арттырды.
Жас болса да, оя мен солын танытып, олардың жауынгерлік рухын көтере түсті. Ақын «Балама хат» деген өлеңінде:
Есінде, балам, бар шығар, Айтқаным Отан әмірін. Шегінбе жаудан жанды сал, Шешілмек содан тағдырың— деп, әкелік әмірін көрсете, баласынын алдына шарт қойып, жауапты міндеттер жүктеді. Балаға үміт арта сөйледі:
Аянба, балам, аянба! Бәлекет сонда аршылар. Алғадай, ылги алда бол, Аянған адам болмақ кор! Бәйгеге барын тігемін,
Сендерге арнап осы жол. Достарыңа осыны айт, Жауларыңды жеңіп кайт! Айтарым арнап, саған сол әке әмірі екі етілген жоқ орындалды. Көп ұлтты каһарман кеңес халқы жер жүзінде өздерінің ерлік, патриоттык күшін танытып, Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтады. Басқыншылықпен кіріп, біздің бейбіт өмірімізді шайқаған неміс қарақшыларының тасталқанын шығарды, тізе бүктірді, жермен жексен етті. Балаларға арналған Жамбыл өлендерінің патриоттық сезімдерге толы күш-қуаты осындай ерекшеліктерінен көрінеді.
2.Әлем әдебиетінде Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі оның «Абай жолы» роман эпопеясы жарияланғаннан кейін белгілі болды.«Абай жолы» — қазақ әдебиетінің әлемдік мақтанышы.
ХІХ ғасырдың 10 – 20 – жылдары жазушы әңгімелер мен «Қаракөз», «Бәйбіше тоқал», «Қорғансыздың күні», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Қилы заман», «Қараш — қараш оқиғасы» повестерін жазды — бұл жазушының кемелденген тұсы болды. Осы шығармалардың негізгі тақырыбы төңкеріс кезіндегі қазақ ауылының өмірі мен тұрмысы, қорғансыз жандардың тағдыры болып табылады. Бұл қарапайым адамдардың зардап шегуі, езгіге түсуі ғана емес, сонымен қатар халықтың рухани ояну тұсы. Мұхтар Әуезов Майлин мен Торайғыровқа қарағанда адамгершілік тақырыбына көп оралады.
Автор бұл әңгімелерде әйелдер бейнесін ерекше бөліп көрсетеді.Әуезов әйелге толстойша немесе Тургеневше емес, басқаша қарады. Онда әйелдердің тағдыры өте ерекше болып келеді. Жазушы шығыс әйелінің қайғысын шынайылықпен әңгімелейді, оның қайталанбас тұлғасын аса бір нәзіктікпен және құрметпен тілге тиек етеді.
Әуезовтің ерте кездегі шығармаларының өзінде өте бір таңқаларлықтай кемел қаламмен жазылған әйелдер бейнесінің галериясы жасалған. «Қилы заман» повесіндегі батыл Бекейге арналған шағын тараудың өзін оқыған адам бұл әйелді ұмытпайды. «Өскен өркен» романындағы бақытсыз Алуаға арналған бір ғана тарауды оқысаңыз, осы әйелді өмір бойы есіңізде сақтап қаласыз.
Ал «Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі өр кеуде қыз Ғазиза мен оның әжесін, кексе әйелді қалай ұмытуға болады.
Жас сұлу аярлықтың торынан қара үзіп шыққан кезде «Қаралы сұлу» есте сақталып қалады.
Абай эпопеясында дана ана Ұлжан мен мейірімді әже Зере және таза махаббаттың бейнесі Тоғжан да — қайталанбас тұлғалар.
1929 ж. Әуезовтің інжу — маржаны — «Көксерек» шағын повесі жарық көрді.
- Ғ. Мүсірепов – қазақ әдеби тілінің зергері.Оның тілі ,қазақ тілінің үнділігі мен нәрлілігін өз орнына қолдана білуі кез келген оқырманды таң қалдырады.Мүсреповтің шығармаларында оның 30-40 жылдары жазған “”Ашынған ана ”,”Ананың анансы”,”Ер ана”,”Ақлима ”,”Ананың арашасы”сияқты аналар жөніндегі новеллалар топтамасы елеулі орын алады.
1993 жылы жазушы М.Горькийдің “Адамның тууы ” және “Италия туралы ертегілер ” әңгімелерінің еркін аудармасын жасады.Аудармашы олардың стилінің романтикалық көтеріңкілігін сақтай отырып әңгімелердің көлемін біраз қысқартты және кейбір психологиялық сәттерді баса көрсетті.атауларын да өзгертті.Қазақ оқырманы “Адамның тууын””Ананың анасы ” деген атпен оқыды. Орысша түпнұсқасында адамның дүниеге келуіне басты назар аударылса,аударманың қазақшасында ананың бейнесіне,қасиетті аналық сезімге басты орын берілді.
Горькийдің әңгімелері Мүсіреповті аналар туралы новеллалар топтамасын жазуға итермеледі. Дегенмен де “Ана”, “Ашынған ана”, “Ер ана”, “Ақлима” — өзінің тамырларымен ұлттық топырақтан шыққан шығармалар. Горькийдің ықпалы жазушының өз дарынының ерекшеліктерін көрсетуге көмектесті.