- Ертегі өлең мақалдар мен мәтелдерден басқа халық шығармаларындағы ерлік істерін дәріптейтін батырлар жыры да бар . Халықтық шығармалардың ең көлемдісі ең көбі мазмұны көп жырланатын осы батырлар жыры.Батырлар жырының желісі ,онағы суреттелетін кейіпкерлер де ерте заманда болған оқиғаға жатады.
Батырлар жырының ауыз әдебиетінің ең асыл мұраларының бірі.Батырлар жырының оқиғасы қызық ,мазмұны терең тілі көркем болады.ондағы кейпкерлердің іс әрекеттері :қайтпас ер ,жауына мейлінше қатал өз еліне мейрімді ,ар-намысқа ұстамды өнегелі ісі бар адамдар болып суреттеледі.Сондықтан батырлық жырлардағы батырлар да ,аса қадірленіп ,сүйсініп оқиды.
Іріктеліп алынып ,балалардың оқуына лайықталып эпостық жырлар да басқа шығармалар сияқты жас азаматтарды батылдыққа ерлік іске табандылыққа ,әділеттілікке ақылды және ақжарқын болуға үйретеді Халық эпостарындағы батырлар образы патриоттық идеяның образы болғандытан ол балаларға күшті әсер қалдырады.
- Эпостық жырларда оқиғаны еселеп,қайталап айту жағы да көп кездеседі.Мұндай ерекшелік оқиға желісін ұмытпауға,есте тезірек сақтауға,тіпті жаттап айтуға көп мүмкіндік береді.Ондағы тамаша теңеулермен тұрақты эпитеттердің мол болуы да балаларды әсерлендіріп жібереді.
Ыбырай Алтынсарин өзінің 1879 жылы бастырып шығарған “Киргизская хрестоматия”- деген балалардың оқуына арналған кітабында “Қобыланды батыр” жырынан үзінді келтіріп,”Тайбурылдың шабысын” тектен-тек енгізбеген. Көшпелі қазақ ауылы баласының ұғымына жеңіл тиетін,кәсібіне,мал шаруашылығына қатысы бар өздеріне таныс жайларды көбірек айтуға жеңіл бөлінгендігі байқалады.
Батырлық жырлардағы гиперболалық күшті суреттемелер балаларды қатты әсерлендіріп,олардың жігер-қайратын шыңдап,ой-қиялын тасқындатып отырады.Мысалға Қобыланды батырдың Қазан шахарына аттанғандағы Тайбурылдың шабысын алайық. Тайбурылдың шабысы өте әсерлі суреттелген. Ондағы әрбір гиперболалық өсірмелі теңеулер ат шабысын көз алдына келтіріп,Тайбурылдың тұлға-кескінін көріп отырғандай боласың. Тайбурылдың шабысын оқығанда,оны бәйгеге қосып,алда келуін тосып,тілеулес болған атбегілер сияқты қатты сүйсінгендіктен жүрегің алып-ұшып,делебе қозып отырады. Тайбурылдың шабысы үлкен кісілерге осындай әсер еткенде,ат құлағында ойнайтын,бәйгеге шабатын қазақ балаларына онан да күшті әсер қалдырып,олар Тайбурылдың үстінде өздері шауып бара жатқандай сезінеді.
Қобыландының алға қойған шартына бел байлаған Тайбурыл өзін баққан Құртқаны мерт етуге болмайтындай намысқа тырысады. Қобыландыны мұқатып,үш күн бұрын алда кеткен Қараманды басып озып, “ Қазанның сырлы қаласын намаздігер өткенде,намазшамға жеткенде көрсетермін көзіңе” – деп қырық күншілік жолды бір-ақ күнде қусырып тастайтынына сүйсінбей тұра алмайсың.Міне,бұл балалардың талабын,ойлау қабілеттілігін арттырып отыруға,әрнәрсеге бой ұрып қызығуға ұмтылдырады.
Алпамыс туралы жырда патриархалды-феодалдық қоғамның ыдырауын бейнелей отырып,халық бірлігінің қажеттілігі идеясы көрінеді.”Алпамыс” эпосы-өте көне батырлық жыр. Онды тек көненің тұрмыс-салт қатынастары ғана емес,көне мифтік ұсыныстар да бейнеленген.Оларда негізінен батырлардың өз тайпа мен руларын қорғауы,аңшы — мергендер туралы әңгімеленеді. “Алпамыстың” қазақша нұсқауларын оқып зерттеу,оның кейінірек кезеңде құрылғанын көрсетті.”Алпамыстың” қазақша нұсқауларының ішіндегі әдеби жазылғаны-С.Аққожаевтың нұсқасы.Ол Қоңырат руының байы Байбөрінің баласы болмаған деген тарихпен басталады. Өскен соң өзін “қубас” деп кемсітетін өгей ұлы Ұлтанды тәрбиелейді.Ренжіген Байбөрі мал-мүлкін үлестіріп,бәйбішесімен өз аулынан кетіп қалады.Көп жылғы күйзелістері сәттілікпен аяқталып,олардың Алпамыс атты баласы болады.Ол бес-алты жасында-ақ батыр боп шығады.Одан соң айдай сұлу Гүлбаршынға үйленеді.
Жырдың екінші бөлімі-батыр мен қалмақ руларының тарихы.Алпамыс әйелімен туған ауылына келіп,қалмақтың ханы Тайшын әкесінің үйірін айдап кеткенін естиді.Айдалған мал үйірінің артынан қуып,мыстан кемпірдің айласымен зынданға түсіп қалып,көп жылдар сонда азап шегеді.Одан босанып және қалмақтарды талқандап Алпамыс үйіне қайтып оралады.
Үшінші бөлімінде белгілі сюжетпен аяқталады “күйеуі өз әйелінің тойының үстіне келеді”. Алпамыс жоқта Ұлтан Алпамысты өлді деп сендіріп,батырдың мал-мүлкі мен отбасын әмеңгерлік салтымен өзі иемденбек болады. Бірақ Алпамыс Ұлтанды жазалайды.Эпос мерекелік салтанатпен аяқталады.”Алпамыс” жырындағы батырлық-патриоттық тақырып отбасылық-рулық тақырыппен сәйкес келеді.
Ақжүніс ,Құртқа ару бейнесінің батырларды батыл ержүрек еткен.
Балаларды тәрбиелеуде эпостық жырларда және Тайбурыл шабысы деп аталатын үзіндінің өзінде патриоттық мотивтер сондай күшті. Біріншіден,балаларды өз елін,өз жерін сүйетін намысына берік отаншыл етіп үйретсе,екіншіден отанына,еліне қастандық еткісі келген сыртқы жауларға мейлінше қатал болуға баулитынын да ескеруге тиістіміз.