Стилистиканың негізгі ұғымдары

Стилистика тіл білімінің бір саласы болып саналады. Стилистикадағы негізгі ұғымдардың бірі стиль екендігі ғылыми еңбектерінде айтылған. Стилитика көбінесе шешендік өнері туралы ғылыми ретінде танылған. Ол тек ХХ ғасырдың баскезінде ғана шешендік өнерінен бөліне бастайды. В.Г.Белинский былай дейді: Сөйлеу өнерінің, әсіресе жазу өнерінің зерттеуді өте қажет ететін өзінің техникалық жақтары бар. (В.Г.Белинский. изб.соч.М., 1948, 48 б.) стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады. Бұл ретте әсіресе тіліміздегі синонимдер мен оның варианттары көбірек пайдаланылады. Мұндай синонимдер мен фразеологиялық синонинмдер, морфологиялық синонимдер мен синтаксистік синонимдер. Лексикалық синонимдерге мына тәрізді сөздер жатады:

  1. Айту Мылжыңдау
  2. Сөйлесу. Көпіру.
  3. Міңгірлеу. Көку.
  4. Күмілжу. Оттау.
  5. Мыңқылдау. Басу.

Бұл синоним сөздердің бәрі сөйлеудің әр түрлі сипатын білдіреді. әр түрлі жағдайда жұмсалған. Сондықтан олардың мағыалық реңдері біркелкі емес. Бірі жағымды, бірі жағымсыз, бірі кекесінді, бірі тұрпайы реңде қолданылатынын аңғару қиын емес.

Біреудің сөзін сөйлеп, біреуді жоқтау деген ұғымды тұрақты сөз тіркестері арқылы біруге болады. Сойылым соғу, жыртысын жырту, шашбауын көтеру сияқты синонимдес фразеологизмдер біздің тілімізде көп кездеседі. Сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарынан басқа олардың әр түрлі қосымша реңдері болады: сөйлейді, көп сөйлейді, мылжыңдады, көпірді, көкіді, көк езу болды т.б.

Тіліміздегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарына басқа осындай қосымша реңін эмоциональды – экспрессивті бояу дейміз. Оларды сондай-ақ тілдің стильдік сапасы немесе мәнерлі тәсілдері деп те атайды. Стильдік сапа немесе мәнерлегіштік сипат тек лексика мен фразеологияға ғана тән құбылыс емес. Стильдік сапа – тілдік еденицалардың қай – қайсысына да тән құбылыс.

Морфологиялық тұлғаллар мен синтаксистік құрылыстардың да мәнерлегіштік сипатын дәлелдейтін көптеген мысалдар келтіруге болады. Сөйлегіш, сөйлемпаз, сөзшен, сөзуар, сөз құрам т.б.

Стилистикалық ұғымдар бір – бірімен тығыз байланысты болып келеді.