Қазақ тілінде бау-бақшаға байланысты бірсыпыра сөздер бар. Аталған сөздер туралы профессор А. Айғабыловтың арнаулы еңбегі де жазылған.
Кемпір қауын, тасыбалды – қабығы жұқа, ерте пісетін қауын.
Мәлек: 1. Қауын қазан болғанна кейінгі піспей шикі қалғаны. 2. Кішкене қауын. (Шу). Күләбі – күзде пісетін қабығы қалың қауын. Күләбі қауынды қыста көп сақтауға болады. Алматы облысы Шелек ауданында күлләулә, Қырғызстан жеріндегі қазақтар тілінде қырқма қауын деп атайды.
Торлама – сырты тор-тор болып келген тәтті қауын (Шу, Мерке).
Пошақ – қауынның, дарбыздың қабығы.
Шопақ – дән, ұрық. Қауынның шопағын жинап ал! Алматы облысының кейбір аудандарында шөпек дейді.
Тасқабақ – қабығы қалың сары асқабақ. Тасқабақ тәтті болады. Алматы облысы Шелек ауданында тасқабақ жеуге жарамайтын, балалар ойнап жүретін сырты қатты кішкентай асқабақ.
Су қабақ – ожау, ыдыс үшін пайдаланатын іші қуыс қабақ. Су қабаққа құйған тамақтың дәмі бұзылмайды. Шелек ауданында шөміш қабақ деп аталады. Қауақ.
Айыл жуа // сарымсақ – чеснок. Осы жерде айыл жуаны көп егеді. Алматы облысының кей аудандарында тауда өсетін жабайы сарымсақ қолдан еккенін қытай пияз дейді. Сарымсақ сөзі татар, ноғай, башқұрт тілдерінде чеснок мағынасында қолданылады. Сәбізді Маңғыстауда кемсір, Орынбор қазақтарында ешкі құйрық десе, асқабақты Маңғыстауда әскелді деп атайды. Чаркап // шөмелей – шөптің кішірек үйіндісі. Алматы облысының кей жерінде шөмеле болып айтылады. Шу, Мерке ауданында Чаркап, Көкшетау облысында күпәнә, Семей облысы Ақсуат, Көкпекші аудандарында шөме дейді.
Ашуыт – ащылы сортаң жерге шығатын шөп. Бұйығы – құмды жерде өсетін өсімдік. Бұл өсімдікті Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде бұйырған деп атайды. Боздық – көде, сортаң жерде өсетін шөптің түрі. Желін-жеміс. Балаларға жазды күні желінді тонау Саратовтан тартамыз.
Жымшық – шікілдектің қабығы.
Зәгөн – айдалған жер. Онда бару үшін зәгөнді айналып өту керек (Сар).
Көл – пішендік жер. Бәріміздің көліміз бар шабатын. (Саратов).
Көкпек – сортаң жерге шығатын түйе сүйіп жейтін өсімдік (Сар).