- Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды селосында туды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Армиядан оралған соң, С. М. Киров атындағы қазақ университетін бітірді. «Пионер» журналының бөлім бастығы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. КПСС мүшесі.
Мұзафар Әлімбаев негізінен ересектерге арнап жазатын ақын болғанмен, ол еш уакытта балаларды назарынан тыс қалдырмаған. Ол «Жұмбақтар» (1954), «Биікке, биікке» (1955), «Менің ойыншықтарым» (1952—61), «Алатаудың баурайында» (1960), «Орақ олақ» (1962), деген кітаптарымен, «Бал дәурен, шіркін, балалық» (1973) деген бір томдық таңдамалысымен жас оқырмандарына ертеден таныс. Оның балаларға арналған орыс тіліндегі өлеңдері Бүкіл одақтық «Пионер» журналымен «Пионерская правда» газетінің беттерінде және коллективтік жинақтарда басылды. М. Әлімбаев 1958 жылдан берІ бөбектерге арналған республикалық «Балдырған» журналынын редакторы. Мүнда ол мектеп жасына дейін-гІ бөбектерге және бастауыш класс окушыларына арнап өлеңдер мен әңгімелер жазып түрады. Ол бір естелігінде:
«Менің шешем өмірімнің ең бірінші, ең жаксы, сң ақылды және ең қатал ұстазы болды. Ол көптеген халык жырларын: бесік жырын, түрмыс, қаһармандык жырлар-ды, даналық ертектер мен кайталанбас аңыздарды біле-«» тін еді.
Ол үлы Абайдың өлеңдерімен мені ерте таныстырды. Рас оның терен мәнін мен әлде қайда кейін ұқтым. Мен әкемнен 9 жасымда айрылдым. Он төрт жасқа шыға бергенде небәрі жеті күн ауырып, шешем дүние салды. Сөйтіп мен ец жақын ұстазымнан және анамнан айрыл-дым. Шексіз қасірет меніқ қыр соңымнан калмады. Ал мен он бес жасқа шыққанда өзімнің алғашқы өлеңімді жаэды»м, бұл өзім жатқа білетін — «Ана» дейтін өлеңім. Анасы бар әрбір ұл мен қыз оны әркашанда тындап, әрқашанда ренжітпеуін мен қалаған болар едім. Мен, балалар, Сіэдер, біздің үлкек де айнымас адал анамыз— Отанды бағалап, шын жүректен жақсы көрген-дерінді қалаған болар едім»,— дейді.
Ақыннын анаға, ұлы Отанға деген мейірбандылығы, берілгендігі, оны зор құрмет ететіні, солар алдында, қызмет ете беретіні бар шығармасынык үлкен өзегі боп тартылған, биік мұнарасы боп қалана берген.
Мұзафар Әлімбаев медальдармен, Казақ ССР Жоғар-гы КеңесінІн. кұрмет грамогасымен наградталған.
М. ӘЛІМБАЕВ ӨЛЕҢДЕРШДЕГІ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ
Автордың балаларға арналған өлендері кыска болған-мен, белгілі сюжетке, тартымды ойға, т.ерен пікірге күрылған. Ақын балалардың қызығып та қуанып окуын көбірек ойланады. Сондықтан- да Мұзафар өмірдің кіш-кене бір керіністеріне үлкен мән беріп, түйінді ойлар айтуды езіне зор мақсат етіп қояды.
Ақынның әсіресе мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш мектеп оқушыларына арнап жазған өлеңдері тым қызық, өте әсерлІ. Оны үлкен кісілер де сүйсініп окып, балалық шақтарын еске түсіреді. Ақын «Кім ұтылды, кім ұтты…» өлеңінде тау асып ойнап кеткен үш баланын қарны аіііып, колдарында калған екі алманы бөлісе алмай жаткандарын сөз еткеи. Екі алманы үшке бөлісе алмай таласып, керілдесіп жаткан екі жолдасына үндемей тұрған үшінші бала былай дейді:
Қның емес бұл мүлдем, Теп-тең етіп бөлейік Екеуің ал бір-бірден, Мен-ақ соған көңейін. Не керек сол айтысып, Сен бер маған жартысын. Не керек сол тартысып,
Сен бер маған жартысын. ЕкеуІ оғак көиіпті, Жарты-жарты бөлікті Басу айтқан балаға Өз қолынан беріпті. Кім ұтылды, кім ұтты? Кін ұқпады, кім укты?
Ақын өлеңін сұрақпенен аяктап, оқиға шешімін балалар-дыа өз талқысына салады, сөйтіп, олардыц ойын дамы-туға, өздерінше пікір таласын тудыруға сілтейді. Ақың өлеңі тартымды ойға қүрылатыны осыдан ап-айқын көрі-неді.
«Әріптер сыры» өлеңінің мамандық тандауға жол ашатын сыр-снпаты бар:
«А» —Алтай бала дэрігер,
Аурудан сактар ол мені. *Ә»— Әнуар өнер біледі,
Әдемі етік тігеді. «Б» — Бауыржан сакшы — жауынгер
Батыр деп сұйген кауым ел. «В» —Володя мастер мен дёйді,
Вагондарды жөидейді. «Г» — Гүлжамила бакшашы,
Гулге толған бақшасы. *Ғ» — Ғажап бояу жағады,
Ғали сурет салады. *Д» — Дүлділ аттяр баптаған,
Дэрменді журт мактаған.
Мұндағы ор әріп әр түрлІ маыандықты тандайтындай мазмұнға қүрылған. Және бІрІнші класс оқушыларьшың жаттап айтуына ыңгэйлы. 36 әріпті түгел танып шыққан бірінші класс окушылары эта-аналар жиналысы кезінде мсктеп сахнасына шығып, бірі «А», екіншісі «Б», үшінші-сі «Ә» болып рольдесіп, жатқа айтып шықса, жарты жылдық окудың білім к.орытындысы болып, ата-ананы зор қуанышқа бөлер еді. Педагогтардың акын, жазушы-ларға қояр тілек, талаптары шығармаларыныңтәрбиелік мәні басым болумен қатар, білімдік мазмұнға құрылуын тілейді. Оқушылардың сөздік қорын байытатын талғам, ойлы, парасатты көркем сөздер болуыи талап етеді. ӨлендердІ тез жаттап айтуына икемді боп тұруын жақ-тайды.
«АЛАТАУ БАУРАЙЫНДА» ПОЭМАСЫ
Баланы адалдыққа, кішіпейілділікке, мейрімділікке тәрбиелеу халықтың педагогика мақсаттарының бірі болған. Адамгершілігі мол парасатты кісі әрқашан өз басының қамынан гөрі ел қамын, халық қамын көбірек ойлайды да өз Отаны алдында қызмет етуге әрқашан дайын тұрады. Міне, осындай сипат Мұзафар Әлімбаевтың «Алатаудың баурайында» поэмасынан ерекше орын алған.
Жақсы деген жарлынық жаман шалашын сұрап алған Пернебек оны түзеймін, үлкейтемін, үй етемің деп шалаш астын қазып жатқанда кесек-кесек алтын тауып алады. Куанышы қойнына сыймаған Пернебек бұл сенің үйіңнің астынан шықты, бұл алтынды сен ал деп Жақыға жалынады. Оңай олжадан бас тартқан Жақы Пернебекке өзің ал, алтын өз еңбегінмен табылды дейді.
Жарымаған жарлының, Жаралғаны адалдық. Жарлымын да жарлымын, Жанға жандас қараулык,
Көзің сатып жеген нан, Кептеледі өңешке. Терің сатып жеген нан, Балдан тәтті емес пе? —деп, Жақы тағы да Пернебектің алтынды алмасына қоймайды. Аш көзділік, арсыздықтың жоқтығы қандай сыйлы. Пернебек те алтынды алудан бас тартады: Оңай олжа — арам ас, мен де алтыннан беземін. Бола қоймас балам аш, терсем де жер тезегін.
Ақырында біз көрген таршылықты солар көрмесін, олардың болашағы бақытты болсын деп екеуі бірінін қызын екіншісшің ұлына қосып, алтынды соларға бермек бола-ды, бірақ екеуінің баласы да алтынды алудан бас тартады. Ақырында бір дана қарияның айтуымен алтынды халық мүддесіне жұмсап, алмалы бақтар орнатады. Ол халық игілігіне айналады.
Міне, бұл баланы адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу идеясынан туған тоқтам. Жүре келе түсінер, өмірдің өзі үйретеді дей жүріп, баланы бақылаудан тыс қалдырса, оны құрметтемесе,- балаға баласынып қараса, онда ата-ананың ұтылғаны. Ал егер баланың бойына ізгілік егілмесе, оған кұрметпен қарамаса, ондай бала өзіне өзі сұрқия, басқаға да жексүрын боп көрінеді. Бұған біз Мұзафар Әлімбаевтың «Егерде» деген өлеңін үлгі етер ек.
Ауланың қарын күрер ем, аяғым су болмаса, Бақшаны баптап жүрер ем, үстіме шаң қонбаса,
Бұл бала не істеу керек екендігін біле тұра соған илікпейді. Қолы бармайды. Қара жұмысқа жиірене қарайды.
Суға да мен барар ем, Егер қарым талмаса, Отынды да жарар ем, Ағаш қатты болмаса.
Жастайынан осындай тәрбиеде ескен шолжак бала көбіне жамандыққа үйір болады. Ал жамандыққа үйір кісі жан біткенді жек көреді. Жасынан өзімшіл, жалқау өскен бала өзге түгіл өзінің жақынына да қарамайтын болады. Ақын бұл жағын да дұрыс айтқан:ер ем Жанатты, жылап маза алмаса, жақсы оқыр ем сабақты, кітап қалың болмаса…
Еш нәрсе істегісі келмейтін, ешнәрсеге икемі жоқ жалқау бала тіпті оқуға да мойны жар бермейді. Дайын тамақ, дайын асқа ғана үйренген. Тұла бойын жаман жолға бастайтын қырсық билеген тілазар жалқау баланы Мүзафар қатты сынаған. Осыдан үлкен корытынды жасайғындай, ақылға келетіндей, сабасына түсетіндей ой салған. Өзінін зор болашағына үлкен кесір келтіретін осындай жамандықтан баланы. өте жас кезінде арылтуға күш салған жақсы. Бала бойындағы жамандық біткеннің бәрін де өріс алдырмауға, оны тез арада тұншык,тырып тастауға әрекет еткен абзал. Мүмкіндік, жағдай бар екен деп баланы тым еркелете беру, есірте беру жақсы нәтиже бермейді.
Мүзафар көркем сөз зергері. Оның өлеңдерінен бала жанын мәз етерлік елжіреген бос сөздер, кұлак тұндырарлық кұрғак өсиеттер көздеспейді. Оның өлендерінен тілге женіл, жүрекке жылы тиіп отыратын терең ой, өткір пікірлер табылады. Мұзафар өлеқнің көркемдік түрлерін тек метафоралар мен эпитет сиякты бейнелі, мәнерлі сөздерден ғана іздемейді. Ол сөз қолдану шеберлігін әр сөзді орнын тауып жүмсай білуден іздейді. Ор-нын тауып қолдана білсе, терең мазмұнға, ерекше көркемдікке ие болып құлпырмайтын, түрленбейтін бірде-бір сөз жоқ екенін Мүзафар жақсы түсінеді. Ол — ізденгіш, талғамы күшті, бала жанын түсінетін талантты ақын.