М.О.Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысының қазіргі Абай ауданында көшпелі малшының жан ұясында дүниеге келген. Атасы Әуе, әкесі Омархан елге қадірлі, сауатты, әдебиет пен өнерге құмар жандар болған. Абай аулымен сыйлас, аралас-құралас, туыс болған жандар. Атасы Әуез кішкене кезінен немесересі Абай өлеңдерін жаттатып отырған. Жазушының балалық шағы Абай аулында өтті. Мұның өзі болашақ жазушыға көп әсер етті. Өйткені , Мұхтар өзінің аса зеректілігімен Абайдың көптеген өлеңдерін алдырған кезінде- ақ жатқа айтатын болған.
Алғаш Абай аулындағы бастауыш мектепте оқып , оны 1908 жылы бітіреді. Бір жыл өткен соң , 1909 жылы Семейдегі бес класты училищеге келіп түседі . Оны 1914 жылы бітіріп , 1915 жылы Семейдегі мұғалімдер дайындайтын семинарда оқиды. Бұл семинарияны 1919 жылы бітірді. Әр түрлі қызметте бола жүріп, 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультетін , одан соң Ташкенттегі Орта Азия университетінің аспирантурасын бітірген.
М. Әуезов балаларға арнап көптеген шығармалар жазды. Шығармашылық алғашқы қадамдарында , яғни 20-шы жылдары жазған әңгімелер мен повесттері « Қорғансыздың күні» , « Барымта» , « Жетім» , « Ескілік көлеңкесінде» , « Қаралы сұлу» , «Қараш- қараш оқиғасы» , « Қилы заман» повесттері.30-40 жылдары «Іздер», «Білекке білек», «Шатқалаң» т.б. сияқты бірнеше әңгімелер дүниеге келді.
М.Әуезовтің, қазақ әдебиетінің , ұлы шығармасы «Абай жолы» алғаш «Абай» деген атпен 1942 жылы бірінші, 1947 жылы екінші кітабы жарық көрген.
Жазушылық жолын драматургиядан бастаған және оны өнерінің өзге салаларымен қатар жарыстары өмірінің аяғыына дейін дамыта жетілдіріп, құбылта құлпыртып әкелген Әуезов Мұқтар 1912 жылы «Қорғансыздың күні» деген әңгіме жазады. Бұл оның көркем прозасының басы еді. «Қорғансыздың күні» оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылндағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңімен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс- тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі жаяды.Бұл ретте «Қорғансыздың күнінде» зор тәрбиелік мағына жатыр.
Абай жөніндегі роман-сол кезеңде кіллі дүние жүзіне көркем сөз құдіретімен, жазушы шеберлігімен қазақ Еліні әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын танытқан шығарма. Халықты, халықтың әдебиетін мойындатқан туынды.
Еңбегі . Әңгімелері. Жазушының алғашқы прозалық шыығармасы-1921 жылы жазылғанн “Қорғансыздың күні” әңгімесі. Асыраушысы, сақтаушысы, қорғаушысынан айырылған жас Ғазиза, оның кәрі әжесі мен соқыр шешесінің тағдырлары. Әңгіме Ақан болыстың жас бала Ғазизаға жасаған зорлығы, қиянат атаулының шегі жоқ дегенге сендіреді, Жан түршіктіреді. Жазушы табиғат суретін, Күшікбай жайындағы әңгімені тарта отырып, психологізм, символдық бей нені шебер жымдастырады. Кейіпкерлерді суреттеуінде де олардың ішкі Жан дүниесімен үйлесімділік табады.
Жазушының алғашқы шығармаларының бірі “Оқыған азамат”, “Кінәмшіл бойжеткен”, “Ескілік көлеңкесінде”, “Қаралы сұлу” әңгімелері әлеуметтік теңсіздік, қоғамдық әділетсіздік қана емес, адамдардың қым-қиғаш, қиын өмірі бір-біріне өздері жасайтын озбырлық пен қиянаттан легенді айтады.
М.Әуезов әңгімелері терең психологизмнің, нәзік лиризмнің. Сон дай-ақ қазақтың шешендік тілінің үлгісі десе де болады.
“Кім кінәлі?”, “Сөну-жану”, “Қыр суреттері”, “Жетім” әлеуметтік тақырыптарды қозғайды. Жазушының бірнеше әңгімелері бір-екі эпизодты, шағын оқиғаға құрылғанымен де табиғат суреттеуі, кейіпкер психологиясын беруі терең әрі нәзік.
Повестері. Жазушының табиғат, табиғаттағы тіршілік иелерінің өмір ұүшін күресі, айқасы “Көксерек” повесіндегі қасқыр бейнесімен берілген. Адам мен жыртқыш аң арасындағы айқас, суретіне басқа көзбен баға беруге мәжбүр етюді. Құрмаштың бөлтірік кезінде қолға түсен асыранды Көксерегінің әрекеттері айтылады. Қанша қолдан тамақ беріп, түнде қойнына алып жатқанымен де, тағының бәрібір жыртқыштығын қоймайтыны, оның әр қимылынан, әр айла, әрекетімен көрінетіні көркем жазылған. Жазушы жыртқыш аңның психологиясын әр әрекетімен, әр ісімен береді. Осыған дәл табиғат суретін қоса өзгерте отырып, идеяға апарады. Қолда өскен Көксеректің алғашқыда қойды үркітіп қрорқыта бастауы, ұрлап тамақ жеуі т.б. әрекеттерінен жыртқыштығын байқата бастаған қасқырдың соңында өзі қолынан ас беріп , бауырына басқан Құрмашты өлтіріп кетуіне дейінгі аралықта жазушы осылай болуының себебін де оқырманның ашып тануына мүмкіндік береді. Шығармажауыздықтың, зұлымдықтың шығуына адамдар өзі түрткі болады деген бір ойды берсе, екінші жағынан, жаратылыстағы әркімнің өз өмір сүру әдісі бар оған иелік етуге, билік етуге, күшпен көндіруге болмайды деген ойды айтады.
Жазушының «Жетім» әңгімесіндегі жетім балалар тағдыры қатты толғандырған . Мұхтар мұндай төзімсіз жағдайларға жайбарақат қарай алмады . Сондықтан да ол «жетім» атты әңгімесінде қаңғып қалған Қасымныңтағдырына егіле отырып, оны дарынды шеберлігімен тебірене суреттеп берген . Әке – шешесінен жастайынан айрылып , әжесінің тізесін құшақтап қалған Қасым жарты жылдан, соң онымен де қоштасады.
Қасымның тағдыры енді Иса мен оның ұрысқақ долы әйелі Хадишаға қарап қалды . Қасымның әке- шешесінен , әжесінен қалған отыз шақты қой , он шақты ірі қараға ие болған Иса мен Хадиша оларды талан – таражға түсіріп , көжеге ортақ қылғанша деп , ұрып – соғып , аштан- аш қаңғытып жіберді.
Әңгіме аса әсерлі табиғат суретінен басталады: С. Қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көрініп дәмелендіріп тұрады. Жолдың аузында созылып жатқан көлденеңі он шақырымдай, бірақ ұзыны тәуір болғанмен еенсіз кереге сықылды жалғыз жал. Не бауыр, не сыртында ықтасын жер жоқ. Арқалық жадағай жалғызболған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да панасы болмайды. Қыстың басынан екі жағын қар алып, жұмыртқадай қыылып тегістеп тастайды.Алыстан қарағанда да бұдыры жоқ жалаңаш, көруге аса көңілсіз. Арқалықтың осы түрі оқырманы бірден-ақ бір түрлі оқыс оқшау сезімге салып, сүреңсіз табиғаттың әлдеқандай бір беймәлім сырынан секем алғызады. Құлазыған құла тұз, жалаңаш жон, қахарлы қыс, бұрқаған боран… Бұл өңірдегі табиғаттың осы көрінісінің өзі-ақ әлдебір жұпыны, жоқ-жітік халдің хабаршысындай адамға ауыр ой салады. Сонда бұл сурет тек қана табиғат көрінісі емес, сол кездегі заман сипаты, адам тағдыр-тіршілігінің түрі тәрізденеді.
Осындай әсерлі суретке жалғаса келіп, Күшікбай батыр жайлы аңыз әңгімеленеді.