Сәкен (Садуақас) Сейфуллин 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысынын Жаңаарқа ауданында шағын дәулетті, орта шаруанын семьясында туды. Сәкеннің ата-анасы ауыл арасына қадірлі, меймандос, адал ниетті, ақ жарқын, сонымен бірге өнерлі кісілер болды. Сәкеңнің өзі де әкесінің аң аулағыш саятшы, сауыкқой, домбырашы, шешесінің халық өлең-жырларын көп білетін, сөзге шебер адамдар болғандығын айтады. Мұның өзі Сәкеннің өлең-жыр, әңгіме-ертегілерге деген құмарлық сезімінің ерте оянуына көп әсер етеді.
Сәкен бастапқыда ауыл молдасынан оқып, тез-ақ хат танып кетеді. Баласының оқуға алғырлығын, зейінділігін, ой-талабынын күштілігін байқаған Сейфолла Сәкенге орысша білім бергісі келеді. Осы мақсатпен 1905 жылы оны Успенск (Нілді) мыс заводындағы мектепке береді. Сәкен мұнда үш жылдай оқыды. Онан кейін Ақмоладағы бастауыш орыс мектебіне (приходская школаға) түседі. Мұны бітірген соң, үш кластық училищеде оқиды. Сәкеннің жастайынан екі тілдес бірдей білім алуы, оның орыс әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің шығармаларымен, сондай-ақ өз халқының әдебиетімен молынан танысуына мүмкіндік береді.
1913 жылы Сәкен Омбы қаласына барып, оқытушылар семинариясына түседі. Семинарияны ол үш жылдан кейін, 1916 жылы бітіріп шығады. Сәкеннің ақындық, жазушылық талабы ерте кезден байқалады. Ол — Успенск мен Ақмолада оқып жүрген кезінде-ақ өлең шығара бастайды. Омбы қаласында оқып жүрген кезінде студенттердің «Бірлік» атты әдеби үйірмесіне қатыса жүріп, өзінің алғашқы өлендер жинағын құрастырады. Бұл жинақ 1914 жылы «Өткен күндер» деғен атпен Қазан қаласында басылып шығады. Бұл кітап Сәкеннің ақындық талабының зор екендігін жалпы жұртшылыкка танытады.
Сәкен оқытушылар семинариясын бітірісімеп, Ақмола төңірегіндегі бір ауылдық мектепке мүғалім болып орналасады. Бүл кез (1916 жыл) патша өкіметінің майдан жүмысына қазақтан солдат алу жөнінде жарлық шығарып, халықтың оған қарсы наразылығы ұлт-азаттық күресіне ұласқан уақыт болатын. Қазақ қоғамының тантық жігі айқын ашылып, халық ашық күреске шыққан бұл шақта Сәкен түгелдей еңбекші бүқара жағында болады. Ұлт-азаттық күресіне қолынан келген жәрдемін береді. Көтеріліске қатысушылармен байланыс жасап, оларға ауыл арасынан күш-көмек жинау ісіне көмекте-ссді. Көтерілісті қолдаған бірнеше өлеңдерін жазады.
1917 жылғы февраль революциясы тұсында Сәкен Акмола қаласына келіп, алғашқы Совдептерді құру ісіне араласады. «Тіршілік» атты бұқаралық бағыттағы газетті ұйымдастырып, оның бетіне халықтың қас дұшпандары — ел жуандарын, оларды жақтаушыларды әшкерелейді. Сәкеннің «Қел, жігіттер», «Жолдастар», «Жүмыс-керге»
т. б. осы сияқты революциялык мазмұнды өлеңдері осы тұста жазылады. Ол «Бақыт жолына» атты пьеса жазып, еқбекші халыққа Октябрь революциясының жеңісін уағыздайды.
Сәкен Ақмола қаласында Кеңес өкіметін орнатушылардың алдыңғы сапында болады. Ол Акмола уездік Совдепінің президнум мүшесі, оның халық ағарту жөніндегі комиссары болып кызмет істейді. Сэкен 1918 жылы Коммунистік партиянын, қатарына өтеді. Осы жылы жазда контрреволюцияшыл күштердің әлегімен Акмоладағы Кеңес өкіметі уақытша сәтсіздікке үшырайды.
Сәкен Совдептік басқа да мүшелерімен бірге тұтқынға алынады. Әуелі Ақмола түрмесінде, кейін Петропавл, Омбы қалаларынын түрмелерінде, кыстың калшылдаған қатты аязында аш-жалаңащ, кол-аяғы кісепдеулі күйінде атаман Анненковтын азап вагонында болады. Жалынды революционеракынмүныңбірде-бірінемойымайды.
Академик жазушы Сәбит Мұкановтың сөзімен айтқанда: «Сәкен таза ғана әдебиетші емес, ол әлеуметшіл, саясатшыл адам. Октябрь революциясын ол жаудан қаламмен ғана қорғаған жоқ, найзамен де қорғады. Ол қазақ аулында бірінші кеңесті құрды, бірінші партия ұясын ашты, бірінші партизан боп жазылды, кеңес өкіметін қорғау жолында бірінші боп жаумен майдандасты, бірінші рет алашорда мен Колчак бандаларының айуандық азабын тартты, қалам мен найзаны жауға бірдей сілтеп, кан майданда жауды жеңісіп, еңбекші бұқараға мәңгілік бостандық әперушінің біреуі болды. Сәкенді бүгінгі күні екбекші елдің ардақтайтын, сыйлайтын, әдебиетке істеген 20 жылдық еңбегін тойлайтын ссбебі — сол. Ол аты ғана ақын емес, революционер, большевик ақын. Ол — еңбекші бүқараның ақыны ғана емес, октябрь майданында жауын жеңіскен батыр»1.
1919 жылы Сәкен Омбыдағы Колчак түрмесінен жолдастарының көмегімен қашып шығып, жасырын атпен бетпақ даланы басып өтіп, Түркістан жаққа барып, ондағы Кеңес өкіметінің жұмысына қатысады. Сәкен айдауда, қуғында жүрген кезінде де өлең жазуын бір токтатқан емес. Ол өлеңдёрінде ақын өзінің халық үшін, оның жарқын келешегі үшін күреске бел буғандығын ашық айтады. Әсіресе осы тұстың туындысы — «Жас казақ марсельезасы» өлеңі қазақ жастарының революцнялық гимніне айналды.
1920 жылы Сәкен Ақмолаға келіп, жаңа құрылған совет өкіметінің оқу-ағарту, баспасөз жұмысын басқарады. Сол жылы ол Қазақстан Орталык Атқару Комитетінің президиум мүшесі болып сайланады. Қоғамдық қызметпен қатар, жазушылык еңбегі өрлеу үстінде болған Сәкен сол 1920 жылы «Қызыл сұнкарлар» атты әнгілі пьесасын жазады. Сонымен бірге оның кеңес тақырыбына жазған көптеген өлеңдері осы кезде жарық көреді.
Сәкен Сейфуллин қызмет бабында осыншалықты аса жауапты, сан-салалы жұмыстарды атқару үстінде де жазушылық еңбегін әсте доғарған емес. Жиырмасыншы жылдарда Сәкеннің «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экс-пресс» атты өлеңдер жинағы, оның өз өміріне байланысты жазылған «Тар жол, тайғак кешу» атты романы жарық көреді. Бұдан кейінгі жылдарда ол «Жер қазғандар», «Бандыны куған Хамит» повестері мен көптеген әңгімелерін, «Кеңесстан», «Кызыл ат», «Көкшетау», «Маузер» поэмаларын жазды. 1936 жылы Бүкіл Қазақстан жұртшылығы Сәкен Сейфуллиннің әдеби қызметінің жиырма жылдығын тойлады. Жазушының қазақ кеңес әдебиетіндегі зор еңбегін жоғары бағалаған партия мен үкімет оны «Еңбек Қызыл ту» орденімен наградтады. С. Сейфуллин 1938 жылы қайтыс болды.
СӘКЕН ҚАЗАҚ КЕҢЕС БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ
Сәкен Сейфуллин қазақ кеңес балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың сүйікті жазушысы. Онық «Маузер» (1929), «Бандыны куған Хамит» (1922), «Бұлшық ет» (1923), «Балалар (1925), «Келіншектің бесік жыры» (1926), «Пионерлер» (1929), «Октябрь күні» (1929), «Біз комсомол» (1935), «Ананын хаты» (1925), «Анаға жауап» (1926) деген социалнстік реализм әдісі-мен жазылған өлең-әңгімелері кеңес өкіметінің алғашқы орнаған жылдарынан бастап-ақ өзінің жаңашылдығымен балалардың сүйіп окитын шығармаларына айналды. Сәкеннің бұл шығармалары — балалар әдебиетінің социалистік реализм жолымен қайта дамыған жаңа дәуірінің бет ашары болды.
Сәкен «Бұлшық ет» деген өлеңінде еңбек еткен адамның еңбегінің табысын сүйсіне жырлайды. Соны жас өспірімдерге үлгі етіп ұсынады.
Боянған түрлі шырайлы Сұлу емес сырлы бет. Ширатылған түйіндей, Шын сұлу күшті бұлшык ет.
Балғын білек балтыр да.
Ширатылған түйіндей.
Бұлтылдаса бұлшық ет,
Кім турады сүйсітібей. Көк темір кұрыш болатпен, Асусыз асқар тау кешкен. …
(С. Сейфуллин. Өлеңдері мен поэмалары, 1957 жыл 126-бет). Кайда жүрсе де біздің елде еңбек еткен адам сыйлы да болды, құрметке де бөленді. Отанын да, халқын да сүйсіндіріп, әрқашан даңққа бөлеп отырғанын жас өспірімдерге үлгі-өнеге етіп көрсетті. Еңбекке жаңа көзқарас 20 шы жылдар әдебиетінің қолға алған ең күрделі де ұтымды бет алысы болды. Осыған орай мектептерде еңбек тәрбиесін колға алу кеңес педагогикасы-нын басты міндетіне айналды. Коммуналар мен интернаттарда және шаруа жастар мектептерінде политехннкалық оқудың іске асуыиа байланысты балаларды еңбекке социалистік көзқараста болуын үйретті. Ол кездегі политехникалық оқудың міндеті балаларды өндіріс пен ауыл шаруашылық ісіне негізделген еңбектін түрлі салаларымен таныстырып, үйретіп отыру көзделген еді. Сәкен «Калаушылар жыры» деген өлеңінде:
Қолда калақ шот аяқ, Сұрғылт балшық үстіміз Жігерлі сүр қалаушы — Жігерлі сүр түстіміз.
Жас өспірімдердің еңбекпен айналысуы, сондай-ақ олардың әр түрлі ауыл шаруашылық жұмыстарына тікелей араласып кетуі балалардың ой-өрісін кеңейтеді, Оларды тентек мінезділіктен арылтып, саналы да тәртіпті адам болуға икемдейді. Сонымен қатар оларға практикалық іскерліктер мен сапалы дағдылар туғызады. Мұнымен бірге еңбек балаларды әр нәрсені білуге талаптандырып, қазіргі материалдық дүние жөнінде реальдық ұғым берді. Сондықтан Сәкен еңбек еткен азаматтардың кұлшына кіріскен ерлік істеріне сүйсініп, балалар мен жас өспірімдердің рухын көтеретіндей дәрежеде суреттеді:
Шаттық, қызық енбекте, іс істейміз сүйсіне. Темір қалақ үн қосар, күшті колдың биіне.
Көкке өрлетіп калаумен,
Қышыл кышты тізілту. Қызыл күннің астына, Орпатамыз кызыл ту…
(Сәкен Сейфуллиннін. өлеңдері мен поэмалары, 1957 ж. 309-бет).
Бұл елеңде балаларды еңбекке тәрбиелеу, соған баулумен қатар, социалистік қүрылыстың озаттарын, ондағы жас құрылысшыларды мадақтап, олардын еңбегін, Отанға бсрілгендік ынтасын жыр еткен. Барлық игі жұмыстар солардың жарқьш болашағы үшін істеліп жаткандықтан, бұған жастардың өздері де белсене ат салысуы керектігі айтылған. Балаларды еқбек тәрбиесіне баулудағы бүл елеңнің күшті де әсерлі болатыны осынысында.
«МАУЗЕР» ПОЭМАСЫ
Сәкен «Маузер» поэмасында 1917—1922 жылдар арасындағы революциялық күрестерде ерлік, табандылық көрсеткен қазақ еңбекшілерініқ жарқын бейнесін жас өспірімдерге әсерлі түрде суреттеп берген. Отаны, елі, өз халқының азаттығы үшін қан майданда ауыр жараланып, әл үстінде жатқан азамат өзінің ақтық сөзін анасына, жас жарына, баласына, еркіндік жолында күрескен майдандас достарына арнайды.
Тастамады қолынан Қан аққан ер маузерін «Босамандар» деді де қанын сүртті аузының дегендері В. И. Ленин идеясын іс жүзіне асыру жолында қан майдан күрестерінде жүрген басты кейіпкердің сондайлық беріктігін, табандылығын көрсетеді. Мұнда халық азаттығы үшін революциялык күрес үстінде ауыр жараланған азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі, өлім халінде жатса да жауға деген қаталдығы, оған берілмейтін қайсарлығы жас өспірімдер санасына козғау сала-тындай дәрежеде әсерлі суреттелген.
Анама сәлем дегейсін, Егілмесін күйініп, Тап үшін өлді баласы, Болаттай болсын түйініп. Бұл поэманы социалистік реализм әдісі негізінде туған қазақ кеңес балалар әдебиетіндегі революциялык дастан дәуірімізге де болады. Өйткені мұнда Кеңестік революцияның жағымпаздық идеясы күштарлықпен, партиялық пафоспен бейнеленген еді. Ондағы «Анама сәлем дегейсің» деген бір ауыз сөз Бүкіл оқырмандар жүрегін дір еткізіп, бірге соқтырып тұр. «Маузер» поэмасының табысқа жету құпиясын ең алдымен оның осындай жаңа формада жасалуына себеп болған мазмұнынан іздесек керек. «Жаңа өнер жана кейіпкерден басталады»,— деген М. Горький сөзінің ақиқаттығы міне осыдан көрінеді. «Маузер» поэмасында кейіпкерді қуанышта да, қиыншылықта да өмірмен, халықпен, коллективпен байланыстыра көрсету жаңашылдығы бар. «Маузер» кейіп-керінің бейнесінде оның өзге адамдармен ортақтығы және сонымен бірге оның жеке басының қайталанбас ерекшеліктері тайға таңба басқандай боп қалыптасып қалған, Мұндай көркем бейнені типтік бейне деп атайды.
Айтқайсың жолдас, жарыма, Жас бала қалды колында. Көз қырын салар ерлер көп, Екбекші тап жолында —
Өзі өлсе де ол жалғыз емес екенін, әкесіндей қамқоршы Лениндік Коммунистік партияның барлығын, бала-шағасының жетімдік көрмейтінін, оларға өз қолымен ұлт азаттығын, бостандықты әперіп кеткенін естеріне салып, соны өзіне берік сүйеніш етеді. Ол езі өлсе де арманына жетіп өлгеніне риза, өйткені өз ұрпақтарына еркіндік тұрмыс орнатты, бас бостандығын әперді, оларды шаттық өмірге кенелдірді. Сондықтан да шығармаңың бас каһарманы:
Бесіктегі жас ұлым,
Ер жетсе өсіп балдырған,
Мына кекті маузерім,
Соған мұрам қалдырған. Октябрьдің күнінде, Туғандығын ақтасын! Мына кекті маузерді, Дұшпанға арнап сақтасын!—
Революция жауларының қолынан құрбан болған азаматтың жауынгерлік образын жасай отырып, оған карсы күрестерді жалғастыра беру керектігін Сәкен жас өспірімдерге көбірек ескертеді. Ол өлсе де өз ізін суытпайтын, оның ой-арманын болашақта іске асырып, ілгері дамыта беретін ұрпағына, өмірінің жалғасына, мыиа біздерге тапсырган. К,ан мен тер төгіліп, жеңіспен орнатылған кеңес екіметін, өз Отанын ішкі, сыртқы жаулардан көздің қарашығындай сақтай білсін деп өзінің акырғы сөзің санатын жас нәрестесінің колына зор сеніммен, үміт іттыра тапсыруды өтінеді. Өйткені жас ұрпақ болашақ екендігі дүниесінің қожасы деп біледі. «Маузер» поэмасында таптық күрестің жанды картицалары жасалуы арқылы оқиға бірден-бірге күрделене береді.Тап жауының қолынан каза тапқан қаһарманның ерлігіне сүйсінген оқырман оның оптимистік сеніміне ризалық білдіреді.
Корыта айтқанда, балаларға арналған Сәкен әңгімелері жас өспірімдерді, пионерлерді коммунистік рухта тәрбиелеудің және оны Кеңестік реализм бағытында жазу-дың үлгілерін көрсетті. Сәкен балалар әдебиеті тақырыптарына қалай жазу керектігін, қандай тақырыптарға жазуға болатынына жол салып берді.
БАНДЫН ҚУҒАН ХАМИТ
Сәкеннің балаларға лайықты шығармалары оның поэзия саласындағы енбектсрімен ғана шектелмсйді. Проза жанрында 1922 жылы жазған «Бандыны куған Хамит» атты әңгімесі бар. Бұл әңгіме Октябрь революциясынын жеңісінен соң кеңес өкіметіне қарсы іріткі салу мақсатымен елдің үрейін, момын шаруалардың берекесін кетіріп жүрген бандылардың қарақшылықәрекетін әшкерелеуге арналған. Мұнда да автор жаа орнаған кеңес өкіметін оның ішкі жауларынан тазартып, көздің карашығындай қорғай білу керектігін айту, соны жас өспірімдерімізге, пионерлерге социалистік реализм негізінде түсіндіруі көздслген.
Әңгіменің композиялық құрылысында бір ерекшелік бар. Мұнда да оқиға желісі салған жерден бірден сондағы жаратылыстың әсем көріністерін мөп-мөлдір сәулелі күнді, таңертеңгі түскі, кешкі мезгілдегі бұлттарды, айнала төңіректі оқиғаға байланыстыра суреттейді. Табиғаттың әсем көріністерін суреттеген соңғы жолдарында табиғат бояулары туралы, жан-жануарлар туралы, ауа туралы және егіншілер мен шөп орған шалғыншылардыц шаруашылығы жаблы, тиімді күн райы туралы суреттеу әңгіменің негізгі түйіні, арқауы болып отырған оқиғаға байланысты алынған. Табиғаттың бұл көріністері әцгімеленіп отырған оқиғадан оқшау тұрған жоқ, қайта осылай суреттеу арқылы жас өспірімдердің көңіл күйін аулауға, оқиғаның себептерін ашып айқындай тусуге көп жәрдем ететінін жарыстыра айта отырады. Табиғаттың адамды таң-тамаша ететін осындай эстетикалық сұлу да әсем болмысын әсерлі суреттеген Сәкен әңгімесіндегі пейзаждық көріністер негізгі кейіпкерлердің мінезі мен типтік бейнесін әр жақты аша түсуге қызмет етіп отырғанын байқаймыз.
Дәуір шындығьш және басты кейіпкерлерді психологиясын, таптық көзқарастарын ашу үшін жазушы табиғат суреттерін параллелизм жасай отырып айқындайды. Бұл тек табиғаттың сұлу картиналарын суреттеу ғана емес. Пейзаж адамның түйсігі арқылы беріледі де, сол адамның сезім, ой, көңіл күйін, оның өмірге қарым-қатынасын түсінуге жәрдемдеседі, «Бандыны куған Хамит» әңгімесіндегі орман сұлулығын суреттегеңдегі табиғат образы Хамиттің типтік образымен ұштасып, ұлғая түседі. Осы көріністе Хамиттің гуманистік мораліне қасқыр мінез, қара ниет Кудряның ішкі дүниесі қарсы қойылған. Хамит пен Кудря арасындағы тартыс көрінісі дауылда жаңбырмен жуылып, тазарған жаңа өмірдің басталуымён, таңмен, болашацпен үштасады.
Хамиттің бандыны іздеп бара жатқан бағыты осындай қалың орман. Бірақ бүл жерде жайылған мал да, қөрші тепкен үйлер де жок. Хамит келе жатқан орман іші қанша көркем болғанмен жалғыз-жарым адамға қоркынышты, үрейлі. Оқушы осы жағын да ерекше сезініп отырады. Өйткені жалғыз жолаушыны бандылар қай жағынан қоршап алар екен деген ойлар оқушысын әлсін-әлі үрей-лебдіре береді.
Мұның үстіне әңгіменің басынан аяғына дейін өзінін қарақшылық пиғылымен жексұрын керініп отырған Кудрянык Хамитқа қарсы жасырын келе жатқандағы шын амал-айла тәсілдері мен сыртқы портретін суреттегенде Хамиттін ендігі жердегі тағдыры немен тынар екен деген жан шошырлық ойлар окушыны еріксіз тынымсыз халге қалдырады. Автор бұл жерде Кудряны былай суреттеген: «Лесниктің үстінде қара шинелі бар, басында құлақшың. Құлақшынның бауын байлаған. Аяғында қалың ұлтанды қара етік. Сақал-мұртын қырған, жасы отыздың ішінде, шаналы кара торы жігіт, еңгезердей, ұзын бойлы, жауырынды, қолында шыбыртқы камшысы бар, көк аттың үстінде тіптік қаққан қазықша отырып келеді»,— дейді. Әңгіме композициясынық шебер құрылуы осы жағынан көрінеді. Оқиға өзінің шарықтау шегіне жеткенге дейін пейзаждық көрінісімен де, кейіпкердік сырт тұлға, мінез өзгешеліктерімен де окушысын әр алуан ойға салып, оның жан-жүйесін, психологиялық еркін билеп алады. Кудряны бұрын кермеген Хамит оны шын мәнінде леоник деп қалуы да оқушыны қобалжытады, өйткені оқиғаның немен тынарына көз жетпей, оқушы әқгіменін аяғына жеткенше асығып, әр алуан ойға кетіп отырады. Жазушынық даралық қасиеті мен шеберлігі оқиғаға толы осындай драмалық егестерге құрылған ерекшеліктерімен көрінеді.
Екіншіден, жазушы мұндағы әңгіме оқиғасын шашыратпай түгелдей екі-ақ адамның басына жинақтағандықтан кеңес өкіметінің алғашқы орнаған жылдарындағы халық арасына іріткі салуға тырысқан жаулардың, басқыншы бандиттердің барлық сыр-сипатын, зұлымдык әрекеттерің Кудря образы арқылы әшкерелеген. Кішкентай әңгіменің өзімен-ақ Сәкен басты кейіпкер Хамит пен Кудря образдарын типтендіріп бере алған. Екеуінің жек-пе-жек алысқан жердегі өмір үшін күрескен жан түршігерлік шайқастары арқылы автор тозығы жеткен ескі өмір мен өресін кең жайған кеңестік социалистік жаңа құрылыстың арасындағы тартыс күресін танытқан.
Үшінші жағынан, әңгіме белгілі мақсат пен айқын идеяға құрылғандыктан, соны бейнелейтін сөздердін де тізген моңшақтай қисын тауып, өзінің көркемдік сипатқа ие болғанын көреміз. Адам портретін беруде болсын, не жаратылыстың әсем көріністерін шаруашылық және өмір тіршілігімен байланыстыра мәнерлеп суреттеуде болсын, Сәкен түрлі бейнелі сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді, метафораларды кеңінен пайдаланады.
Корыта айтқанда, Сәкен шығармалары балалар,әдебиетіне жаңа тақырып, жаңа мазмұн әкелді. Ол балалар әдебиетін жаңа идеялармен толықтырды. Оның шығармалары жас өспірімдерге, пионерлерге Отанға деген сүйіспеншілікті және оны көздің қарашығындай қорғай білуді, халқына адал қызмет етуді үйретті. Сонымен қатар, еңбек ету — адам баласы болашағынын бақыты екені түсіндіруге күш салды. Сәкен шығармаларының айын идеясы балаларды коммунистік рухта тәрбиелеу максатын көздеп қана қоймай, ол сонымен қатар балалар әдебиеті тақырыбына жазып жүрген жазушыларға социалистік реализм әдісімен қалай, қайтіп жазу керектігінің үлгісін көрсетті.