С.Дөнентайұлының балалар әдебиетіне қосқан еңбектері

ХХ-ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіңің көрнекті қайраткерлерінің бірі-педагог ақын Сәбит Дөнентаев 1894 жылы Павлодар облысының Ермак ауданында кедей шаруаның жанұясында дуниеге келді. Әкесі зерделі кісі екен . Баласының сауатын ашып,хат танытуға, Сәбит оқыған азаматтар қатарына қосуға көп күш жұмсайды. Сәбит жастайынан зерек болып өсті.Оның оқуға деген құштарлығы арта берді. Алғаш Қасым қажы дегеннің медресесінде татарша оқиды. Діни оқулармен қатар, бұл медреседе география, тарих, есеп пәндері де өтіледі. Сәбит өз бетінше оқып, орыша хат таниды, газет-журналдар оқи бастайды.

Сәбит медресені бітірген соң , яғни 1913-1916 жылдар арасында бұрынғы Павлодар уезі, Ұрық болысында ауылдық мектеп мұғалім болып істейді. Осы кездерден бастап балалардың ұғымына жеңіл, түсінуіне оңай әрі қызық, әрі күлдіргі, олардың білімін толықтыруға септігін тигізерлік мысал өлендер жазды. Оның өлеңдеріінің тұңғыш жинағы 1915 жылы Уфа қаласында «Ұсақ-түйек» деген атпен басылып шықты.Осыдан бастап Сәбит белгілі ақын аталып, есімі көпке әйгілі бола бастайды.

Сәбит 1917 жылы, мамыр айында Семей қаласына келеді.Сондағы муғалімдер дайындайтын үш айлық курсқа түсіп, оқиды:екінші жағынан «Сарыарқа» редакциясында экспедитор болып қызмет істейді.

1919жылы Сәбит өл еліне – Ақсу болысына қайтады .Сонда барып, халық ағарту жұмысымен шұғылданады:әкесінің шаруашылығына қарасады: үйленіп өз жанұясын құрады.

Сәбит 1924 жылы Семей қаласына келеді, сондағы губерниялық қазақ газеті басқармасында –«Қазақ тілі» газетіне қызыметке турады. Өзі арулы болып, өзінің және әйелінің денсаулығы нашарлаған соң, 1930 жылы Сәбит газет қызметінен шығып, өз еліне қайта оралады. Онда тағы да мұғалім болып істейді. 1931жылы Семейге қайта келіп, «Қазақ тілі», «Жаңа ауыл» газетіне қызметке кіреді.

Жасы кемеліне келі, шығармашылық ойы да толысып әдебиетімізді жасасу жолында атсалысқан шағында Сәбит безгек ауруына шалдығып, сонан 1933 жылы 23мамыр күні 39 жасында мезгілсіз қазаға душар болады.

Сәбит революциядан бұрын, 1913-1917жылдар арасында жазған өлендерінің бір сыпырасында халықты,жастарды оқуға , мәдениетке , дүние тану өнер-білімін, техниканы, ұлы орыс халқының оқуын, мәдениетін үйренуге, сонда үлгі алуға шақырып, үгіттейді. Мысалы,ол «Замандастар» деген өлеңінде:

Жабысайық өнерге,

Ынтықпай, қарап өленге,

Өзіміз керек демесек,

Керек қып бізді келер ме?

Сақтанбасақ бір қақтар,

Келешек мырза келерде,

Жумулы болып көзіміз,

Ізденбесек өзіміз.

Білімінен білгендер

Келіп бізге берер ме.

Ұмтылайық оқуға,

Айналмай көр-жер қоқымға…-дейді.

Осы сияқты, ол «Талап» деген өлеңінде де халықты, жастарды оқуға, білімге, талаптылыққа, техника үйренуге шақырады. Ақынның бұл өлеңі мынадай:

Әр дәулет саған даяр етсең талап ,

Бақ келмес іздеп сені жатсақ қарап.

Нұр жауар талаптыға деген қарттар,

Жүргенге жөргем бар ғой бұрыннан ақ

Жалғызғызбын, жарлымын деп қорғаланбай,

Сал құлаш бір өзіңді жүзге балап.

Әр бірі талаппенен тауып жатыр,

Дүниеде нелер өнер көрсең санап…

Жоғарыда Сәбит Дөнентаев өз өлеңдерінің алғашқы жинағын «Ұсақ-түйек» деп атады дедік.Осы атақ Сәбит өлеңдерінің бәріне сай келеді деуге болады . Оның балалар әдебиетіне қосылатын шығармалары негізінен ұсақ, қысқа , шағын әрі мазмұнды, түсінуге жеңіл болып келеді . Ақын өлеңдері қысқа жазылса да белгілі оқиғаларға құрылғандықтан, өзіне лайық кейіпкерлері, типтік образдары бар. Өтірік, өсек, жағымпаздық, мен-мендік және тәкаппарлықты әшкере ету-Сәбит Дөнентаев жазған мысал өлеңдердің ең басты тақырыптары болады. Оның «Қожа», «Ауырған арыссы», «Ужеген қасқырға»,.Көзі тоймаған ит», «Екі теке «Бозторғай» мысал өлеңдері кейбір адамдарда болатын аңқаулық, өрескел қылықтардан, өсек-аяң,өтіріктен, жағымпаздық немесе бірді-бірді соғыстыратын айлакер сұм істерден аулақ болуға үйретеді.Ондай жағымсыз әрекеттердің адам баласына жат жақтарын әжуа, мазақ етіп, мейлінше әшкерлейді.

Сәбит мысалдары көңілге қонымды, әрі терең мағыналық, күлдіргілі болып келеді. Мұны оның «Бозторғай» деген мысалының сюжет мен мазмұнынан көруге болады.

Бозторғай тұрымтайдан әбден зорлық, қорлық көреді. Соны қырғиға шақпақшы болады. Қырғиды ол бір бөденені жеп қойып,тағы бір бөденені аңдып отырған жерінде кездестіреді. Қырғи бозторғайдың шағымына құлақ қоймайды. Қазір қолым бос емес, күт,төз, жаның шықпайды деп ұрсады.

Бозторғай мұны енді қаршығаға айтпақшы болып, соны іздейді . Оны іздеп келе жатыр, көлде қырылып жатқан үйректерді көреді, оларды қырған қаршыға екенін біледі. Сонан ол қаршыға мен сияқты зәбір көргеннің мұңын тыңдамайды екен,бұл да момынға зәбір көрсетуші екен деп түйеді.

Деді де бір түкіріп, ұшты аспанға,

Қайткенде айла табам шыбын жанға?

Бұлардың бәрінен де бекзат еді,

Барайын деп ойлады лашын ханға.

Көп іздеп, неше түрлі бейнет көріп,

Оны да бір мезгілде тапты келіп.

Түбінде бір теректің»бекзадасы»

Жеп отыр қаздың етін көкрек керіп

«Жаным-ау» мынау біздің төреміз бе?

Шынымен ақтық көрмей өлеміз?

Кемтарға бұлар қайтып кек әпермек?

Құдірет «көн «деген соң көнеміз бе?

Дағдарды осыны айтып торғай сорлы.

Жеріне барам деген барып болды.

Бүркітке, құс патшасы, жолығуға

Кезіпті жер-жаһанды, оңды-солды.

Тапқаным бүркітті іздеп , таппағаным,

Шаққанын ішкі мұңын шақпағаным

Білмеймін, әлі күнге естігем жоқ,

Жатқанын жаны тыныш, жатпағанын!…

Ақын мұнда патша үкіметінің әкімдерін келістіріп сынаған. Оның басқа мысалдары да осылай болып келеді. Сәбит мысал жанрына шебер ақын деуге болады.