Жазба әдебиеті дамыған қандай елді алсақ та оның негіді ауыз әдебиетімен тығыз байланысты, содан қоректене отырып жетілгеген білеміз. Бұл-жазу, сызудың шығуына , сауатылыққа және мәдениеттің үздік өсуіне байланысты іске асатын құбылыс. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы ерекшеліктерді, ондағы бастр-басты айырмашылықтарды белгілей келіп, В.Г. Белинский мынадай теориялық анықтамаларға тоқталған еді. “Ауыз әдебиетінде аты мәлім автор болмайды, неге десеңіз ауыз әдебиетінің авторы әрқашан да –халық. Халықтың немесе тайпаның әлі балаң дәуірдегіндегі оның ішкі және тысқы өмірлері табиғи қалпында айқын көрсетілетін өлең-жырларын шығарушылыр кім дер еді, оны ешкім білмейді.”.
Ал әдебиет ол басқаша. Әдебиеттің шығарушылысы халық емес, оның авторлары-халық рухының әр алуан жақтарын өзінің ой-ақылы арқылы білдіретін жеке адамдар.
Халықтық шығармалардағы балалар әдебиетінің өсіліп-жетілуімен қатар, ХІХ ғасырдың жазушылары да балалар әдебиетінің өркендеуіне ат салысып, жетекші роль атқарады.
Егер біз фольклор балалар әдебиетінің алтин бесіді десек “Әліппе ” мен “Букварь” балалар кітабының, балалар жаба әдебиетінің негіді болды дер едік. ХІХ ғасырдан бастап-ақ қазақ балалар жаба әдебиеті өзінің тұрақты педагогикалық көз-қарасы анықталған және түрлі жанрларда жазылған әдебиет болып қалыптасты.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап балаларға арналған жаңа типті орыс-қазақ мектептерінде оқытылатын “Букварь” (1892) , “Әліппе”, “Қазақтар үшін орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (1876) “Қазақ хрестоматиясы” (1879) шыға басталды. Мұның өзі жаңа типті орыс-қазақ мектептерінің ашылуына байланысты туған игілік еді. Қазақ балалары үшін ашылған мектептер, соншама аз болса да, қазақ халқының арасында олар орыс білімінің тарауына көмектесті. Балалар ендігі жерде Діни медреселерде оқымасын, олардың бастарын Діни уағыздарын мектептеріне тартылсын деген пікірлер туа бастады. Бұл кезде Діни медреселерде оқитын шәкірттерге ислам дінін дәріптейтін өлеңдерді, түсініксіз аяттарды хормен айтқызып, еріксіз жаттауға мәжбүр ететін:
Қайрауат-ау, қайрауат,
Баймұғамет салауат.
Елімізге сәулет бер,
Бай, мырзаға дәулет бер,
Молдамызға нәубет бер,
Молдеке, Бізе рұқсат бер,-
деп , молда алдана иіліп тәджім беретін. Мұның өзі бала миын жас кезінен діни сүрелермен уландырып, қай нәрседен болса да қорқып, бұқпантайлап өмір сүруге кіріптар етіп қоятын. Балалар үшін сол кездегі келелі тақырыптардың бірі хайуанаттар, жан-жануарлар жайында жазылған өлеңдер-жырлар болып табылады.
Осы тұстағы қазақ балалар әдебиеті орыс әдебиетінің қазақ тіліне аударылуыымен де толығып, жетіле түсті. Өз шығармаларымен қатар, Ыбырай Алтынсарин И. А. Крыловтан,и И. И. Дмитриевтен, Ушинский хрестоматиясынан балаларға лайықты көптеген өлеңдер, әңгімелер аударып, өз хрестоматиясына енгізді. Ыбырай мен Абайдың орыс әдебиетінен аударған шығармалары қазақ балалар әдебиетінің өсіп, дамуына игі әсерін тигізді.
Қазақ балалар әдебиеті мен балалар фольклорына жататын обай мұраларды жинап, іріктеп алу, бір жүйеге келтіру, бастыру жағы да осы ХІХ ғасырдан бастап қолға алынған еді. Осыған орай қазақ балалар әдебиеті педагогикалық принциптерді қолдануға тиіс өрелі ойлар өріс ала бастады.
Ертедегі фольклорлық шығармалар ру, тайпалардың ортақ әдеби мұрасы болса, келе-келе қоғамдық қатынастың дамуына таптық сипат алған, оның басты себебі адамдардың ара қатынасындағы әлеуметтік теңсіздіктен әр алуан топтар, нәсілдер, тектер, таптар пайда болған. Соның нәтижесінде белгілі бір таптың салт – санасына, талғам – талаптарына лайық көркем шығармалар пайда бола бастаған. Еңбекші қарапайым халық жаратылыспен қарым – қатынаста, қоғамдық әрекетте және өзімен өзі сырласқанда өлең – аңыздар шығарған. Оны әдетте жұрт алдында, көп көзінде орындаған. Айтушы да, тыңдаушы да бетпе-бет қатар отырып, шығармашылық бірлік құрған.
Шығарманы ә дегенде белгілі бір ақын, жыршы, жыраулар шығарған, содан соң аталған әдеби мұра бір елден екінші елге басқа біреулердің жаттауымен жетіп отырған. Заманы алыстаған сайын түп нұсқаның алғашқы авторлары ұмыт болып, ол біртіндеп бүкіл халықтық ортақ мұраға айналған. Мысалы : “” “Қозы Көрпеш- Баян сұлудың” отыздан астам варианттары сақталған. Бұл жырдың өмір тарихы сан ғасырмен өлшенеді. Сол орталықтағы оның бірінші жырлаушысының есімі ұмытылған, басты сюжеттік желісі әр алуан өзгерістерге ұшыраған. Сондықтан фольклорлық әдебиеттің нақтылы авторы аталмайды. Ол шығарма қай ұлттың, қай халықтың көркем шығармасы еді деген сұрақ бірінші орында тұрады.
Ауыз әдебиеті үлгілерін кез келген адам шығармаған, оған сөз өнеріне қабілеті, бейімі бар адамдардың қатысы бар.
Фольклор ағылшын сөзі ол халық шығармасы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы. Халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Фольклор дүние жүзі халықтарының бәрінде бар. Ал халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп. атайды. Ауыз әдебиеті ертеден келе жатқан мұра. Орыс халқының ұлы сыншысы Б. Г. Белинский“Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы” деген еңбегінде ауыз әдебиеті мен жаба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп ауыз әдебиеті ерте замандағы ой – сананың жемісі дейді. Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін. Бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес дейді. Билинский ауыз әдебиетінің ерте кезде халықтың жазу, сызу өнері болмаған заманда туғандығын дәлелдейді. Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Рессейде ауыз әдебиетін зерттеген Буржуазияшыл ғалымдар “мифтік теория” дегенді ойлап шығарды. XIX ғасырдың 50 – 60 жылдарында орыстың Буслаев, Миллер, А. Н. Афанасев секілді ғалымдары қолдап ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға әр түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп. қарады. Сөйтіп идеалистік көз қарасқа негізделген мифтік теория ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады. Ауыз әдебиетінің шығуы жайында өткен ғасырдың II жартысында Батыста тағы бір теория пайда болды. Бұл “ауысып алу” теориясы деп. аталды. Оны Рессейде А. Н. Пыпын, В. В. Стасов, А. Н. Веселовский т. б. ғалымдар қолдады. Бұлар орыс халқының ауыз әдебиетінен басқа халықтың ауыз әдебиеті мен мазмұны жағынан салыстыра зерттеді және әр елдің ауыз әдебиетінде ұқсас келетін сюжеттерге айырықша көңіл аударды. Осының нәтижесінде, бір елдің ауыз әдебиетінде кездесетін сюжеттер екінші бір елдің әдебиетінен ұшырай қалса – ақ болғаны, оны олар бір – бірінен ауысып алған деп. есептейді. Мұндай ауысып алулар әр түрлі қарым – қатынас, сауда – саттық жолдарымен жасалған дейді. Мәселен Веселовский орыстың батырлар жырының сюжеті Батыс Европадан алынған десе, Пыпын оны тек Батыс емес, Шығыс елдерінен де келген деп. дәлелдейді. Орыс халқы Шығыс елдері ауыз әдебиетінен көп сюжет алған деген пікірді Стасов та, кейінен Потанин де көрсетеді. Ауыз әдебиетінің тууы, даму жайында “ауысып алу” теориясы ғылыми теріс, дәлелсіз және қате теория еді.