Балалар ауыз әдебиетін жасаған –халық. Адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе болмаған. Халық еш нәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, тәтті қиялын өлең етіп, ән етіп баласына арналған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланың жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдына неше алуан тілек-мақсаттар қою өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған. Өйткені “Адам-дүниені ұйымдастырушы, екінші жаратылысты, мәдениетті жасаушы күш-қуаттың иесі, адам –жаратылыстың органы, жаратылыс оны өзін тану, өзін көркейту үшін туғызған, міне балаларға осыны ұғындыру керек.” деген М.Горький. Демек, халық ауыз әдебиетінің алғашқы пайда болуы, шығуы халықтың балаға арнап айтқан өлең, жыр, ертегілерден басталады.
Бала өскен соң, өздерін қоршаған жаратылыстың ішкі құпиясын ғылым жолымен сезініп білмесе де, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, адаспай кете беретін болған.
Халық ауыз әдебиетін балалар сүйіп оқиды, қызыға тыңдайды. Халықтық шығармалармен мектеп жасына дейінгі балалар да ата-анасының, туған- туысқандарының айтуы бойынша ертеден-ақ таныс бола бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаш сөздер, мақал-мәтелдер, өтірік өлеңдер-бәрі де баланы қызықтырып, оларды мәз-мейрам етеді. Сайып келгенде,осының бәрін балалар ауыз әдебиеті деп атауға болады.
Балалар ауыз әдебиетіне халықтық шығармаларымен бірге туып жасасып келе жатқан, бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың өмір тәжірбиесіене туған игі ісі, жемісі жатады.
Балалар ауыз әдебиеті-балалардың психологиясымен, олардың ерекшелігімен санасудан туған және оларды тәрбиелеу ісінен келіп шыққан игілік.Жылаған бөбегін жұбату үшін немесе ұйықтату үшін ата-анасы балаға бесік жырын шығарған. Бөбектердің кішкентай саусақтарын қимылдатып, өз саусақтарымен өздері ойнап, уілдеп бірінші тіл қатқаны, мәз-мәйрам боп сықылдап күлгені ата-ананы шексіз қуанышқа бөлеген.
«Бесік жырынан » кейін- «тұсау кесу» жыры келеді. Мұнда жас нәрістенің қаз тұрып , апыл-тапыл басқаны «тәй-тәй» деген әнді әуенмен, жылы сөзбен , мазмұнды әсем ырғақпен жыр етеді. Балдырған өскен сайын әннің де, өлеңнің де мазмұны тереңдеп, енді балаға тілек, мақсаттар қойыла бастады.
Бізге балалар ауыз әдебиетін жинау, бастыру, оны бір жүйеге келтіріп, жас өспірімдерге ұсыну жұмысы тек ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғана қолға алынды.. Өйткені ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазақ даласында ең бірінші рет жаңа типті орыс-қазақ мектептері ашыла бастауына байланысты халық ағарту жұмысымен шұғылданған педагогтар ең алдымен халық ауыз әдебиетіндегі бала тәрбиелеуге арналған шығармаларды жинауға бет бұрды. Олар балаларды оқытуға , тәрбиелеуге ең қажетті материалдар халық ауыз әдебиетінен табылатынын анықтады.
Қазақта балалар ауыз әдебиетін бірінші жинаған және оны ең бірінші рет құрыстырып, «Қазақ хрестоматиясы», «Мактубат» атты кітаптарына енгізіп, 1879 жылы бастырып шығарған Ы б ы р а йА л т ы н с а р и неді. Төрт бөлімене құрастырылған осы кітаптың бірінші бөліміне өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелер, ертегілер енгізілген. Ы.Алтынсарин тек балалар ауыз әдебиетін жинаушы болып қалған жоқ, сонымен қатар ол қазақ балалар жазба әдебиетінің атасы болады.Осыдан соң-ақ қазақ халқының алдыңғы қатардағы оқыған азаматтары, педагогтары қазақ балалар ауыз әдебиетін жинаумен шұғылдана бастады.
Халық шығармаларыныңкөркемдікпринципі — жағымды кейіпкерлердімейліншедәріптер суреттеу мен қатар, жағымсыз кейіпкерлерді жиіркенішті , жексұрын етіп көрсетуге негізделген. Халық ауызәдебиетіндегі көркемдік әдістің творчествалықкүші өзіндік өзгешелігіміне осында. Адам өз ғасырыныңайнасы болғандықтан , ол өз заманыныңсипатын танытады . Біз осы негізге сүйеніп ,балалар ауызәдебиетіндегі эстетикалық идеалға көңіл аударамыз. Қай жерде өмір болса, сол жерде поэзия бар,- депПушкин айтқандай , қай жерде шындық болса, сол жерде поэзия бар,- дейді Беленский . Бұл екеуі бірін- бірі толықтыратын өзекті мәселе. Бірақ өмір бар жерде өтірікте , қиянат та болады ғой. Ал қиянат бар жерде нағыз халықтың поэзия болуы мүмкін емес. Беленский айтқандай , соған қоса шындық керек. Шындық бар жерде өмір дегенің гүл-гүл жайнап , көркемденіп , жанданып сала береді. Халықты қанаттандырып, рухтандырып, ерекше әсер етеі. Сондықтан поэзия халық үшін өмір шындығын суреттеумен ғана әсерлі , шынайы көрінеді. Ал шындықты аңсау халықтың эстетикалық идеалынантуған. Бұдан шығатын қорытындыэстетикалық ешқандай көркем шығарма тумайды. Өйткені , идеалсыз өнерөмірдің тек салқын , жансыз нұр сүлдесіне айналған болар еді.
Халықтың әдеті , салты, дәстүрі , ғұрпынан тыс фольклор болмайды. Сондықтан фольклордағы эстетикалық идеал халықтың салтымен , әдетімен , ғұрпымен , дәстүрімен кәсібімен тығыз байланысты дамытады да, әрқашан әр түрлі жағдайларға байланыстыхалықтың көңіл-күйін танытып отырады.
Күйіну- сүйіну үстіндегі эстетикалық идеал – ауыз әдебиетіне тән ең тамаша ерекшелік.
Балалар ауыз әдебиетінде эстетикалық мазмұн , эстетикалық идеал әр жақты , әр алуан мол болды. Соның өзі балалар санасының дамуына үлкен мүмкіндіктер туғызады. Өйткені, балалар ауыз әдебиетінде халықтың болашақтан үміт еткен эстетикалық идеалы өте күшті сезіледі. Әсіресе жыршының шығарманы суырып салып орындап отырған кезінде оқиғаның ақиқатына жетердегі адамның жан дүниесін тебірентіп эстетикалық әсері тым күшесісіп отырады. Ауыз әдебиетінің ең тамаша ерекшелігі оның осындай күйінше -сүйінше үстіндегі эстетикалық әсерінен байқалады.
Егер ауыз әдебиетінің осындай қасиеттерін кино немесе магнитафон , не кітап арқылы бермен болсақ , ол өзінің эстетикалық әсерін мүлде төмендетіп алған болған еді. Демек халық шығармаларындағы жақсы адам эстетикалықидеалдан туған еңбекқор шаруаның типтік образы екені көрінеді.
Халық шығармаларында типтік образдардың портретін суреттегенде аппақ етін –қарға , қызыл бетін қанға , оған ғашықтығын кеудесіндегі жанға балап айту бар. Осыдан келіп оның ер көңілділігі , ер болып туып , ел алдында халқы үшін қызмет ететіні бірге суреттеледі.
Эстетикалық тәрбие көркем өнер мен әдебиетінің барлық салаларында ұлы шеберлер жасаған аса құнды мұраларды балалардың толық түсініп , сол шығармалардан рақаттанып , рухани азық алдын көздейді. Бұдан шығатын қортынды эстетика адамның шындықты көркем түрде игерузаңдылығын білдіретін ғылым, соның жалпы заңдылығын көркем түрде танытатын ғылым . Эстетикалық идеал-халықтың арман мүддесін бейнелеп , шындықтың шексіз шыңына жетуге тырысатын көркемдіктің шырақтау шегі.