Таяу Орта Шығыстағы, Солт.Африка мен Оңтүстік – Батыс Европаны орта ғаысрларда мекендеген Аоабтар мен Араб тілінің ана тілі есебінде пайдаланған халықтардың әдебиеті. Шығыстаға ең бай әдемдегі ең көне әдебиеттердің бірі. Түп негізі қадым замандарға халық поэзиясы үлгілеріне тіреледі. Араб әдебиетнің – “Ақындар атасы” аталған Имру-л-Қайс (500-540) деп есептеледі. Бүкіл өмірін ауыр күрес үстінде өткізген “Жиханкез ханзада” Имру – л – қайс өз заманының шынайы суретін жасаған шығармалар туғызды, Араб поэзиясының негізгі заңдарын белгіледі. Оның ізін баса шыққан Тарафа (543-569) жырларынан Исламға дейінгі көшпенді бәдеуйлердің дүниеге көзқарасы, өзіндік философиясы аңғарылады: Әл-харрис Ибн халлиза (т.ж. белгісіз — 570) мен Амир Ибн Кулсум (т.ж белгісіз — 600) ақындық таланттарын өз руларының намысын жоқтап, атақ абыройын көтеру жолына жұмсаса, ан-набиға аз-зубяни (т.ж, белгісіз — 604) Араб әдебиеті тарихындағы Сарай ақындарының тұңғышы болды. Араб әдебиетін жаңа белеске шығарған Зухайр Ибн Аби Сулма (530-627) офолистік философиялық поэзияны (Хикма) дамытты, Араб ақындарының ішінде бірінші болып адамның ішкі дүниесін жыр арқауы етті. Ғажайып өмір кешкен Антара ибн Шаддат әл-Әбси (525-615) Араб әдебиетінің даму тарихында елеулі роль атқарған махаббат мұңына, нәзік сезімге суарған әсем туындылар, қайтпас ерлікті дәріптеген жорық жырларын қалдырды. Бойына дарыған үлкен қабілетті мал табу құралы еткен Әл Аъша (530-629) негізінен мадақ жырларын (мадых) шығарумен айналысса, Әл Хутайя (т.ж. белгісіз — 679) Сатиралық туындыларымен (Хиджа) танылды: Әйел ақын Әл – Хамса (575-664) эллегиялар (Риса) авторы ретінде белгілі, ал жауынгер ақын Хаким Ат Таий (Атымтай Жомарт VІғ) өз жырларында азаматқа тән абзал қасиеттерді дәріптейді.
Араб поэзиясының ең алғашқы туындысы Құран Ислам дінінің негізін салушы Мұхаммедтің өсиет, насихат сөздерімен діни аңыздардың жинағы болып табылады. Құран діни кітап болғанымен, әдеби тілді қалыптастыру, проза стилін бір ізге түсіру саласында айтарлықтай қызмет етті. Ислам дінінің, Құран шығуымен байланысты Араб әдебиеті жаңа түр, жаңа сипат алды. Ақындардың бір тобы исламға наразылық білдіріп, Мұхаммед пен оның сахабаларын сқақтаса, екінші топ ақындар Мұхаммед бастаған істі барынша қолдайды, жаңа діннің барлық маңданда жеңіп шығуы жолында ат салысады. Осы діни күрес поэзиясының ең көрнекті өкілдері Қағб ибн Зуайр (т.ж. белгісіз 662) Хассан ибн Сабит (т.ж белгісіз — 674) Әбу Зуайб Әл – Хузали (т.ж. бнлгісі — 646) болды.
Халифаттың ыдырау дәуірінде өмір сүрген ұлы ақын, “әлемді жырға толтырған” Әбу Ат — Тайб Әл Мутанабби (915-965) дүние жүзі әдебитіндегі ең көрнекті тұлғалардың бірінен саналады. Шығыстың ұлы ойшылдарының бірі Әбу-л-Аъла, Әл-Маърри (973-1057) ұзақ жасап, ақын, прозайх әрі филосов ретінде артына мол мұра қалдырды.
(8-15) Мұсылман әлеміндегі гүлстандардың бірі Арабтар билеген Оңт.Испанияға сәйкес өзінтік ерекшеліктері бар Андалузия әдебиеті көркем жайды. Шығыс пен Батыс аралығындағы мәдени көпір іспеттес болған Андалузия Араб әдебиетіне көптеген талантты ақын жазушылар мен әдебиетшілер берді. Олардың ең мәшһүрлері: Ибн Абд Рабихи (860-940) Ибн Шухрайд (992-1034) Ибн Зайдун (1003-1071) Ибн Хамдис ас-Сикили (1055-1132) Лисан ад-Дин ибн әл — Хәтиб (1303-1374).
1256 ж Бағдатты Шыңғыс ханның немересі Хулагу ханның жаулап алуына байланысты Араб халифаты құлайды да, Араб халқы үшін бірнеше ғасырға созылған қара түнек заман туады. Монғолдар, Мамлүктер, Түріктер билігіндегі елде әдебиеттің дамуы баяулайды. Жақсы дәстүрлер көнереді әдеби өмір тек XІX ғ-да ғана қайта жандана бастайды. Алайда бұл кезеңде әр түрлң тарихи жағдайлар нәтижесінде Араб әдебиеті өзінің өлкелік, тілдік диалектілік белгілеріне сай мысыр, Сирия, Ирак, Ливан, Алжир т.б. Дербес әдебиетке бөлініп кетеді.