Д.Лондон (1876-1916) өмірі, шығармашылығы

Джек Лондон Американ жазушысы. Қазақ оқырмандары оның “ Ақ азу”, “Солтүстік жорығы”, “Өмірге құштарлық”, “Киш туралы аңыз”, “Әйел ерлігі”, т.б. Көптеген туындыларын ана тілінде оқыды. Солардың бірі – “Мексика ұлы” атты әңгімесі.

Мексика ұлы.

Ривера рингке елеусіз көтерілді. Әр тұстан шашыраңқы сараң ғана соғылған алақандар көрермен қауымның оған деген сенімсіздігін айқынсездіргендей. Шынындада, бұл қауым үшін Ривера бөрі аузына тасталған жетім лақпен пара – пар еді. Өйткені оның қазіргі қарсыласы аты шулы азулы боксер ұлы Дени болатын.

Жас мексикандық өз бұрышына жайғасып, қарсыласын күтті. Әр минут жылдай созылып баяу жыжыды. Дени өзін ұзақ күтуге мәжбүр етті. Тіс қаққан жырындының бұл қағидасы темір қанат боксершісінің талайына сабырын сарқып, көңіліне қоқыныш ұялататын жүйкесіне тиетін

Ривера өзінің бұл айқаста қалайда жеңу керек екенін бірсәт есінен шығарған жоқ оның осы айқасқа итермелеген ұлы күш сыры зал толы көрермендердің бірінің ойына да кіріп шықпайды. Дэнни Уорд ақша үшін сол ақшаға негізделген жеңіл өмір үшін айқасып келеді. Ал Ривера өзінің не үшін, кімдер үшін төбелесетінін терең түсінеді. Оның көз алдында бір сәт туған елінің аянышты тұрмысы, жанары ыза – кекке толыққахарлы бейнесі көңілдегідей ап – айқын елестеп өтті.

Қым –қиғаш көріністер: “компания ләпкесі алдындағы алаң, сол алаңда иін тірескен мыңдаған аш жұмысшылар, солардың қамшы ысқыртып, қылыш ойнатқан генерал Росальо Мартинеспен Парфирно Диастың солдаттары, қанды қырғын… осы бір көріністер өмір бақи таусылмастай жазықсызтөгілген жұмысшы қаны мәңгі тиылмастай көрінеді… қаралы түн , қапас түн ! сол түн құшағында тағдыры үшін тартысқан жандармүрдесі Вера — Круске жөнелтіліп, акулаларға жемболып жатыр. Өліктер арасымен ілгері еңбектеген ол жендеттер айуандықпен азаптап өлтірген ата- анасының парша-парша мүрдесінғана тапты әсіресе кеудесіне тауболып үйілген өліктер астынан бас ғана көрініп жатқан ана бейнесі санасын семсердей тілгілейді. Тағы … Тағыда солдаттар винтовкасыажал оғын қардай боратты. Сол оқ астымен аш күзендей бүгіле еңбектеп қашқан жетім ұлан жүрегі уланған қасқырдай алас ұрады” Дауыл соққан теңіз шуындай ду соғылған шапалақтар үнінен селтетіп, басын көтерген Ривераайналасында құрдайц жоғалаған жаттықтырушылар мен секунданттарын ертіп, орталық алаңмен келе жатқан Дэнни Уордты көрді. Оны қолпаштап соғылған алақандар даулы бесминут бойы дүрілдеп тұрды.

Ал Ривераға назар салмады тіпті оны ешкім оны осы жерде бар – жоғын білмейтін, білгісііде келмейтін тәрізді.

Зал тағыда дуқол соқты. Дэнни Уорд қарсыласына қарай беттеген еді. Ол еңкейіп, Ривеаның оң қолын екі қолмен алып, ашына жай сілкіп қойды. Содан – соң бетін Ривраның бетіне тақай күлімсіреді…