Француздын XIX ғасырдың аяқ шеніндегі реалист жазушысы Ти Де Мопассан

Лекцияның мәтіні:

Ти Де Мопассан 1850 жылы 18 августа дүниеге келді. Ол — француздын, XIX ғасырдың аяқ шеніндегі реалист жазушысы. Мопассан өзінің қысқа өмірі ішінде жемісті еңбек етіп, алты роман, үш жүзден астам новелла, жол дәптерінен жазылған үш кітап, көптеген өлендер, фельетондар мен мақалалар жазды. Оның творчествосы буржуазиялық тұрмысты жиіркене әшкерелеп, француз коғамыныц реалистік суретін шебер береді, Стендаль мен Бальзактыц реалистік дәстүрін берік ұстанады. Мопассаннық тұңғыш шығармасы — «Пышка» атты новелла. Одан кейін «Өмір», «Сүйікті досым», «Монт-Ориоль», «Пьер мен Жан», «Ажалдай айбатты» романдары жарық көрді. Бұл романдары және аса жатық тілмен, сұлу, образды етіп жазған көркем әңгімелері капиталистік дүниенің сансыз кеселдерін айыптау, жеке меншіктілердің сараңдығы мен жалмауыздығын әшкерелеу тақырыбына жазылған. Бұларды оқығанда сол дәуірдегі француз қоғамына тән әр түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері көз алдыңа елестейді.

Мопассан еңбекші халық өкілдерін шын жүректен, жаны аши суреттеді. Жанашырлық, мейірбандық, таза адамгершілік сезімдер тек осы адамдарға ғана тән қасиет деп түсінді. Басқыншылық соғыстарға ол мүлде қарсы болды. Гуманист жазушы буржуазиялық қоғамдағы адам тағдырына қатты қиналды, бірақ одан қалай құтылудың жолын біле алмады. Сондықтан да көптеген шығармаларынан тарығушылық сарыны байқалады.

Кертартпа сыншылар Мопассанның шыншыл, өткір үнін өшіре алмайтынын біле тұрса да, оны қудалаумен болды. Олар қоғамдық «таза адамгершілікке» кір келтірдің, діннің қадірін түсірдін, адамға теріс көзбен қарадың деп оған жала жапты. Бірақ ұлы жазушының реалистік шығармалары буржуазиялық қоғамдағы, капиталиста дүниенің баяндылығы жөніндегі жалған пікірлерді жоққа шығарды. Сондықтан да Мопассан шығармаларының прогресшіл зор маңызы бар.

Мопассан 1893 жылы 6 июльде дүние салды.

ШАЛ

Әңгіме

Қоңырқай күз күні дуалдық биік ағаштарының арасынан сығалап, ферма ауласына нұр төгіп тұр. Сиыр жайылып тұқылдаған жердің шөбі жуырдағы жауыннан жылт-жылт етеді; әбден су сіңіп мидай болжыраған жер аяқ тайдырып жүргізбейді; жемісі мол алма ағаштардың бұтақтары жерге тәжім етіп, әбден піскен ал қызыл алмалары көк шөп үстіне топ-топ түседі. Қатар арқандалған төрт тайынша шалғында жайылып жүр, олар анда-санда үйге қарап мөңіреп қояды: ат қораның алдындағы көңді қопарып жүрген ақтылы-қара тауықтардың ортасындағы екі әтеште дамыл жоқ, жем тапса болды, қытқылдап мекиендерін шақырады.

Ауланың есігі ашылып, жасы қырықтар шамасында болса да, алпысқа келген шалдай белі бүкірейіп, жүзін әжім басқан бір шаруа шықты; ішін сабанмен кептеген зілдей ауыр ағаш кебіспен қарыштай адымдап келеді. Бойына лайықсыз ұзын қолы тізесінен төмен салбырайды.

Фермаға жақындай бергенде зәулім биік кәрі алмұрт ағашына байлап, қасына үйшік орнына бөшке қойған сары иті құйрығын бұлғақтата шәуілдей үріп алдына ұмтылды.

—Қой, Фино! — деді қожасы.

Иті жымдай болды.

Әлден уақытта үйден шаруаның әйелі шықты. Үстінде тоқыма кофтасы тақтайдай кең кеудесін қаусара қысып тұр. Сұр юбкасы тобығынан жоғары тұр да, көк шөлке киген сирағы сидиып көрінеді, оның да аяғында сабанмен септеген ағаш кебісі бар. Басындағы көне орамалы сирек шашын жауып тұр; қоңырқай, жүдеу, өксіз кескіні мен опырылған аузы шаруа әйелдерінде көп кездесетін доғал, тұйық адамның пішінін аңғартады.

—Шалдың халі қандай? — деп сұрады одан күйеуі.

—Кюренің айтуынша халі әбден біткен, ертеңге де жетпейтін сияқты,— деді әйел.

Екеуі бірдей үйге кіреді.

Ac үйден өтіп, олар аласа, күңгірт бөлмеге барды. Әйнегіне шыттан құрап перде ұстаған бөлмеге болар-болмас қана сәуле түседі. Төбенің жұқалтаң шатырын ұзыны мен көлденеңінен салынған екі жуан бөрене ұстап тұр, ол ескі-ріп, ыс басып карайып кетіпті, шатыр үстінде күндіз-түні егеуқұйрықтар асыр салады. Дымқыл тартып сызданған ойлы-қырлы жер еденді бөлменің бір жақ бұрышында сәл ғана ағараңдап бір кереует көрінеді. Сол қараңғы түкпірде шаруа әйелдің қарт әкесі ауырып өлім үстінде жатыр. Оның ауыр тыныс алғаны, бұзылған насостай бірыңғай қатты қырылдап, қысылып жатқаны осы жерге естіледі.

Ерлі-зайыптылар әл үстінде жаткан сырқаттың үстіне келді де, самырқау пішінде қарады.

Күйеуі тұрып:

Әрине, енді бітіпті, таң атудан қалмайды,— деді.

Түстен бері ол енбойы осылай қырылдап жатыр,— деп жауап берді әйелі.

Олар бүдан әрі үндеген жоқ. Әкенін. көзі жұмулы жа­тыр. Топырақтай қоңыр, қуарған өңі ағаш бейнедей сұлық тәрізді. Тынысы тарылып, аузын әрең ашып, зорға дем алады, әр тыныс алған сайын үстіндегі кір ақжайма бір көтеріліп, бір басылады.

Күйеуі біраз уақыт үндемей тұрған соң барып:

—Ол өткенше аялдай тұру керек. Басқа амалың жоқ. Жалғыз-ақ арам шөпті не істер екем, күннің «райы жақсы, ертең отау керек еді,— деді.

Мына сөз әйелінің тынышын алды. Ол сәл ойланып тұрды да:

—Егер де ол бүгін өлсе, сенбіден бері жерлей қоймайды ғой, олай болса арам шөпке сенің ертең күні бойғы уақытың бар,— деді.

Күйеуі кепке шейін ойланып барып, ақырында:

—Солайы солай ғой, дегенмен жерлеуге ертең шақырған жөн; Турвильден бастап, Манетоға дейінгінің бәрін менің шарлап шыққанымша қанша, оған алты сағаттан кем уақыт кетпейді,—деді.

Әйелі екі-үш минут байымдап тұрып:

—Ендеше сен қазір бар, Турвиль жағын айналып шық, үлгересін, әлі ерте,— сағат екіден жаңа асты. Қайтыс болды деп айта бер, өйткені ол енді кешке де бармайды,— деді.

Күйеуі айтылған болжалдарды қостар-қостамасын білмей екшеп-текшеп біраз ауытқып тұрды. Ақыры бекініп:

—Жарайды ендеше, барайын,— деді.