Француздың ұлы жазушысы Виктор Гюго (1802-1885) шаруа отбасынан шыққан офицердің баласы: Гюгоның әкесі бірінші француз республикасының соғыстары мен Напалеон жорықтарына талай рет қатысқан. «Тоқсан үшінші жыл» романында Францияның солтүстік- батысында (Бреталь мен Ванделда) республиканың контрреволюциямен соғысын суреттей келіп Гюго «менің әкем осы соғысқа қатысқан адам; демек, мен бұл соғыс туралы купердің сөзімен баяндай аламын»,-дейді.
Валдеяға жасалған жорық кезінде ақынның әкесі Кант қаласының тұрғыны шкипердің қызы соғыс Трибюшемен танысып, кейіннен соған үйленеді. Виктор Гюгоның анасы кейіннен революция құлатқан Бурбондар династиясын шақтаулы, поелист болған. Ол 1814 жылы Бурбондардың тағына оралуын шаттана қарсы алды. Әкесі отбасымен бірге тұрмады десе де болады. Өйткені ол үнемі жорықта болатын.
Балалары тек аналардың және сол кісі сенім артқан тәрбиешінің қолында өсті. Бұл туралы ақынның «одалар» деп аталған өлеңде айтылған. Гюго ұзақ жасады. Жүз елуге тарта шығарма жазды. Атақты романдары «Париж құдай ана соборы», «Тұл қалғандар», «Күлімпаз», «Теңіз бейнетхорлары», «Тоқсан үшінші жыл».
Гюго жастайынан-ақ манорхиялық идеядан аулақтап, прогресшіл идеяға ден қоя бастады.
Февраль ревалюциясынан кейін (1818) Гюго біржолата республикашыл болып алды. Напалеон Біріншінің жиені 1851 жылғы 2 декабрьде франциядағы екінші республика дейтінді тұншықтырып тастағанда ауыл осынау өрі-тұра француз императорынан, Напалеон үшіншіге қарасы батыл күреске шығын, ақыры туған елінен қашуға мәжбүр болды.
1870 жылы Напалеон үшінші құлағаннан кейін Парижге қайтып келді. Мұнда халық оны қошеметпен қарсы алды. Ол прусс әскерлері Парижді қоршағанда барлық қишылықтарға төзіп, Парижді қорғау туралы прокламация басып шығарды.
1851 жылы 18 мартта Париж Коммунасы жарияланды. Коммуна талқандалысымен іле-шала жеңілген коммуналарға дүрсе қоя берге буржуазияшыл жендеттерге қарсы шықты. Буржуазия Гюгоға үшінші республика дейтінінің парламент сайлауында оның кандидатурасын екі рет сүріндірумен жауап берді.
Гюго 1885 жылы қайтыс болды.