1815-16 жылдары Гофманның «Шайтанның шипасы» («Эликсир Сатаны»), 1819-21 жылдары »Серапионовтық бауырлар» («Серапионовы братья»), 1820-22 жылдары аяқталмаған «Мурр мысықтың тұрмыстық көзқарастары» («Житейские воззрения кота Мурра») романдары және көптеген әңгімелері, хикаяттары, аңыздары, новеллалары жарық көрді. Жазушының әңгімелері Ж.Оффенбахқа Гофманның ыңғайымен музыка жазуына түрткі болады. П.И. Чайковский 1892 жылы Гофманның ертегісінің желісі бойынша қойылған «Шерткіш» («Щелкунчик») балетіне музыка жазады, ал Р.Шуман әйгілі «Крейслерианасын» «Гофманның ертегілеріне» еліктеп дүниеге әкелді. Ресей мен Францияда Гофман толық өз бағасын алды деуге болады. Оның тақырыптарьшьщ бұл жерде ерекше бағалануы тегін емес. Тіпті орыс жазушылары XX ғасырдың басындағы өздерінің әдеби бірлестігін Гофманның «Серапионовтық бауырларының үлгісімен» «серапионовтық бауырлар» деп атады. Екі елде Гофманның фантазияларына еліктеу бекер емес. Осы жерде айта кететін жағдай, Гофман үшін фантазия, фантастика деген-шындықты танып білу тәсілі болып табылады. Гофманның творчествосы өзіне дейінгі және өзінің кезіндегі әдебиет пен мәдениеттің тәжірибелерін бойына жинақтағанын біз жоғарыда айтып өттік. Гофман арқылы романтизм ағымы басқа әдебиеттер меп мәдениетке, атап айтқанда Бальзактың әдеби әдісіне, Готьеге, Одоевскийге, Гогольге (‘»Вий»), Достоевскийге («Двойник») белсенді түрде әсер ете бастады. «Шайтанның шипасындағы» кейіпкер Медардтың шеккен бейнеттері Лев Толстойдың «Отен Сергийінде» көрініс тапты. Ағылшын американ әдебиеті де тыс қалған жоқ: Диккенс Готорн, Э.По творчестволарына оның игі ықпалы болды. Ол туралы Герцен, Белинский көп еңбектер жазды. Гофман творчествосындағы шындықтың фантастикалық бейнесі, оның образдарының мысқылдық сипаты «қос әлемдік мазақтамалары» («ироническое двоемирие или же с двойной мотивировкой») немесе «қос қабатты дәлелдемелері» Пушкиннің «Қарғаның мәткесінде» («Пиковая дама»), Одоевскийдің «Сильфидасында» кездеседі. Гофман туралы Одоевский былай деп жазды: «Гофманның әрқашан Сервантес секілді, Стерн секілді кемеңгер адам болып қала бермегі күмәнсіз».
Гофманның эстетякас. Оның творчествосында кейінгі романтизмнің өзіндік қырлары молынан тоғысқан деп тағы да айтып өтуге болады. Бөлшектенген Алманияның сатиралық бейнесі неміс романтиктерінде, әсіресе Гофмаида, өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланады. Мысқылдық жағдайлар, алданғандардың күйі (шванктар үшін) типтік әуен. Гофман өз творчествосында жалаң прагматизм философиясының мәнін ашады. Оның шығармаларының тағы бірсуреткер және қоғам, музыкант және қоғам десе де болады /неміс менталитеті/. Оның музыкант, суреткер және ақын бейнесі шығармаларының керемет көркемдік романтикалық құрамына қайталанбас өзіндік ерекшелік дарытады. Гофман поэтикасының басты мәселелерінің бірі комедиялық, оның ішінде сайқымазақтық жағдайлар (шындықты тану әдісі). Гофман әдебиетке романтикалық қаһарманның жаңа түрін әкелді. Оған дейінгі мен романтиктері өз қаһармандарының тәнсіз «Менің» («Я») суреттеді. Яғни біз олардың не кигенінен, нені сүйгенінен бейхабар қаламыз (Шамиссоның, Новалистің, тіпті Клейсттің қаһармандары да осындай). Гофман болса «біздің поэзиямыздың ертегісі», өзінің сүйіктісі- Крейслерді әкелді.
Гофманның 1819 жылы «Ергежейлі Цахес» («Крошка Цахес») деген ертегісі шықты да, Шамиссоның айтқанындай, Гофман бірінші юморист атанды.