Шешендік өнер қай ғасырда болса да халыққа, қалың көпшілікке әсер ететін оның санасын сезімін баурап, жігерін тасытатын қуатты құрал болып келген, ол өнер күні бүгінге дейін сол күшін, қасиетін жойған жоқ. Демек, халық алдында баяндама жасап, дәріс оқитын ғалым, жазушы жалпы әрбір білімді, мдениетті адам үшін, шешендік өнертуралы білімнің тарихымен танысып, теориясымен қарулану сте артық емес. Шешендік өнердің шығуы, қалыптасуы және даму белгілі шешендердің есімдерімен, олардың мазмұнды, маңызды сөздермен белгіленеді. Мәселен, ежелгі Грецияда, б. ж. санауымыздан арғы 500-300 жылдар аралығында атақты 10 шешен өмір сүрген. Лисий мен Исократтың, әсіресе Демосфеннің қызметтері мен шешендік шеберліктері ерекше аталады.
Грециядан кейінгі шешендік өнердің ерекше дамыған елі Рим Республикасы Грек өнерімен білімінің тетелес мұрагері болған Рим де Красс, Антоний бастаған атақты шешен қолбасылар, қоғам қайраткерлері өткен. Алайда, олардың барлығы да айтулы шешен.
Марк Туллый Цицеронның (106-43ж) қатарында күн қасындағы ай сияқты көмескі көрінеді. М. Т. Цицеронның сақталған 27 сөзінің ішінде Л. С. Каталинаға қарсы айтылған төрт сөзі шешендік шеберліктің шыңы болып табылады.
Ежелгі гректердің өнері мен білімін, әсіресе Демосфенді оқып үйренген табиғатынан дарынды Цицерон Афинада іресі салынған шешендік өнердің Рим де ғажайып сарайын тұрғызды, атап айтқанда, риторика ғылымының (негізін) теориясын жасап, (шешендік өнердің) шешендердің үш түрлі (жоғары, орташа және төмен) – болаты туралы тамаша еңбек жазды. Олары ”Шешен туралы”, ”Брут, немесе атақты шешендер туралы”, ”шешен” дейтін үш трактатында жан жақты баяндалған.
Цицерон Марк Тулий – ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен жазушы. Салт аттылар сословиесінде 63 ж Консуль болван кезінде Цициронның беделі қатты өсті (Каталинаның қастандығын ашты, сенат та басшы роль атқарды). 1 триумвират (үштік одақ) құрылған соң Цицеронның ықпалы төмендеді; тіпті 58-57 ж қуғынға түсті. 56-50 жылы Г. Томкей мен Юлий цезарьды жақтады. Олар араздасқаннан кейін 49-47 жылдары азамат соғысы кезінде екеуін татуластырмақ болды. Цезар жеңген соң саясатынан қол үзді.
44 ж Цезар өлтірілгеннен кейін ғана байта саясатқа араласты. Оның М. Антонийге қарсы 14 сөзі осы кезеңге жатады. 43 ж 2-ші трицвиратқа қарсы күресте, сенат жеңілген кезде, Антоний мен Октавиан Августың қолынан қаза тапты.
Цицеронның саяси идеясы — ”аралас” мемлекет құрылыс (монархия, ористократия, және демоктария элементтері бар б.з.б. 3-2 жылдың басындағы Рим Республикасы үлгісіндегі мемлекет). Аадмгершілік идеясы – грек философиясы теориясы мен Рим саяси (шешендік) теориясын ұштастыра білген. Дағдарыстар дәуіріндегі Республиканың ”бірінші адамы”, ”татуландырушы”, ”тртіп сақтаушы және қамқоршы” кісілер Цицеронның өзін осындай адамның үлгісі деп. есептеді.
Марк Тулыийдың шығкармашылығынан (үзінділерді есептегенде) саяси бағытта, негізінен сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер, саясат, практикалық, философия, теориялық философия жөнінде 19 трактаты, аса маңызды психология, құжат және Римдегі азамат соғысы дәуірі туралы деректеме болып табылады. 800 астам хаты сақталған.
Халықтың даналық сөздерін, бұқаралық дстүрлерін зерттеп білгенде жалпы риторика білімінің негізін салушы ежелгі Рим шешені Цицеронның бір пікірі еске түседі. Римдіктердің шешендік өнерді қалай игергендігі және халқының дарындылығы туралы ол былай деген екен :
”Атақ құмар жастардың қайтенде шешендік өнерді үйренуге талпынбаған бірде – бірі жоқ шығар. Сонда әуел баста теориялық білім дегеннен бейхабар, тіпті шешендік өнердің жаттығу тәсілі мен ғылыми ережесі бар деп. ойына да кірмеген олар адам тек өзінің ақыл күшімен жете алатын сатыға жетті. Оған жетуге маңызды, әр түрлі және сан алуан сот істерінің көптігі себеп болды. Соның нәтижесінде әркімнің өзінше талаптанып алған біліміне ”.