Шешендік (оратор)латынның “айту”деген сөзінен шыққан.Шешен болу адамның қабылет-дарынмен бірге,білімділігіне (эрудициясына)қатысты болып келеді.Сонымен бірге шешен болып тумаса да,оны өмірге ізденіс, дайындықтар арқылы қалыптастыруға да болатын беліглі. Шешендікті зерттеушілер өнер ретінде қарастырады. Шешендік өнер дегеніміз — дұрыс сөйлеп,сөзді дұрыс айта білу деген сөз.Яғни,адамның тіл шеберлігі, жақсы, тартымды, дәлелді, сенімді сөз айта білу.Жұрттың назарын аударып,әсер ету,сөзіңе ұйыту т.б.
Шешендік ,әсіресе, ертегідегі,яғниантикалық дәуірдегі Грецияда және Римде жақсы дамыған.Әрине шешендік өнре әр халықта болатыны белгілі.Шешендіктің туып,қалыптасуы қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдайлармен де байланысты болады. Ертедегі Грецияда қала алаңдарында жиналып,халық әр түрлі мәселелерді талқылайды.Мысалы,Афины қаласында қала жұртшылығы өздерін толғандырған жағдайларды ортаға салып, талқылыап отырған. Сондайда жұрт ішінен шыққан шешендер сөз сөйлеп өмірлік жайларда қозғаған. Сөйтіп, шешендер шыққан.Олар өздерініің ерекшелігімен халық арасында құрметке де ие болған.Ондай адамдардан, тіпті мемелкет қайраткерлерді шыққан.
Шешендік сөз өнер туралы Платон,Аристотель еңбектерінде біздің эрамызғаа дейінгі Ү-ІҮ ғасырларға айтылғаны зерттелген.
Ертедегі шешендіктер туралы айтар болсақ. Грецияда Демосфенің шешендігі тарихтан өте белгілі. Ол басында шешендікке онша икемі болмаса да, кейін бұл өнерді меңгеріп, белгілі тұлғаға айналған. Ол өзініңшешендігімен дамытып, көп еңбек еткен, дайындалған, үйренген,қалыптасқан.Тіпті,жер астынан бөлме жасап алып,сонда оңаша дайындалған.Ол сыртқы ажуларға қарсы халықты ұйымдастырып, сөз сөйлеп,соғысқа жігерлендіріп отырған.Сондайда бір сыртқы патша оның шешендігін естіп,таңқалып,ол халықты сөзімен ертетіндей кім,маған оның сөзін жазып алып әкеліп беріңдерші,оқиын дейді. Сөйтіп, Демосфенің сөздін оқыған патша шынында мына сөзді аузынан естісем, менің өзімде өзіме қарсы соғыс ашқандай болады екенмін” дейді . Ертегдегі Грек тарихшысы Плутархтың “Салыстырмалы өмірбаяндар” кітабынан шендер туралы көп жазған.
Ал Римнен шыққан әйгілі шешен Цицерон болса,біздің эрамызға дейінгі І ғасырда өмір сүріп, тіпті, шешендік туралы еңбектер де жазған. Мәселен оның “Шешен”, “Шешендік туралы”, “Атақты шешендер туралы” деген еңбектері бар.
Осы айтылған шешендер және де басқаларшешендікөнердібарыншамеңгерген,тұлғалар болған.Шешенболуүшінтапқырлық, өткірлік ,сөзшееңдік, анықтық, түсініктілік, ойлылық, мағыналық сияқты сөз айту қасиеттері керек. Көпшілік алдында сөйлеушінің шеберінен айлану қажет.
Шешендік өнер көптеген басқа да салалармен философия, логика, педагогика, тіл, білім, этика мен эстетика сияқты ғылымдармен тығыз байланыысты. Ол-синтетикалық өнер,жан-жақты өнер.
Қазақ халқының атақты үш шешені: Төле,Әйтеке,Қазыбек бұл өнердің шеберлері.
Ал бүгінгі радио мен телехабарламаларға келсек,шешендік өнерге үйренудің қажеттлігі өзінен-өзі туындайды.Айталық журналистер, жүргізушілер, коментаторлар шешендік өнерді қажетінше үйренулері тиіс.Кез келеген хабарда өз ойын дұрыс жеткізе алмаған журналист сәтсіздікке ұшырайтыны белгілі. Адамзат ой мен сөзді қатар дамытқан.Сөз ойдың көрінісі, бейнесі.Логика әсіресе,телерадио-журналисттер үшін таптырмайтын қасиет. Өйткені, олар шешендік өнермен бірге, логика арқылы ойларын нақты, дәлеледі әрі бейнелі жеткізе алса, қызықты да әсерлі хабар жүргізе алса жетісті деген сөз.