Ақпарат таратудың спутниктік жүйесі

1931 жылдың 4 мамырынан бастап жүйелі түрде қазақ және орыс тілдерінде хабар беріле бастаған қазақ радиосы өмірге мықтап орнықты. Ауылды жерлерде, елді мекендерге жаппай репродукторлар қою 30 жылдардан басталды. 1933 жылдың аяғында 68,2 пайыз елді мекне радиоландырылды. 1980 жылдары хабар таратудың орта сөткелік мөлшері 67 сағат болды. Осы уақытқа дейін мемлекеттік радио 4 республикалық бағдарлама бойынша хабар берді. 19 облыс орталығында, 8 қалалық, 16 аудандық студиялар жұмыс істейді. Ал, барлық аудандарда аптасына 15 – 20 минуттық хабар беретін орендар бар. Елді мекендердің қазіргі кезде 89 пайызы радиомен қамтылған. Бірнеше арна бойынша саяси – публицистикалық „қоғамдық – саяси хабарлар редакциясы”жұмыс істеп, екінші арна бойынша ұлттық – мәдени, ақпаратты – музыкалық „Шалқар” бағдарламасы хабар береді. Үшінші Канада қысқа толқында стерио – музыкалы хабарлар,ал төртінші арнадан шетел хабарлары бері леді. Жалпы хабар беру сөткесіне 81 сағат,хабарлар негізінен 6 тілде: қазақша,орысша,немісше,ұйғырша,корейше, татарша жүргізіледі.Болашақта ағылшын,түрік тілдеріндегі хабар қосылмақ.

1992 жылы ең алғашқы коммерциялық радиостудиялар –„радиомаксимум” және „Бит 16” ашылған болатын.Сонан кейін „Тотем”, „Рик”, „31 — канал”, „Європа — Казахстан”т.б. көптеген радиостудиялар ашылды. Бұл радиостудиялар шетелдік радиостудиялардың тәсілімен жұмыс істейді.Музыка және қысқа хабар,жылдам темп және актуальні, жедел факт імен каментарийсіз хабар, Музыкасы көбінесе шетелдік,батыстық болып келедді. Қалалық „Бит 16”негізінен жасөспірімдерге бағытталған,оңғы музыкаларды жаңалықсыз беретін.

Хабар тарату әлемінде республикалық радионың өзіндік орны бар. Республіка алдыңғылардың қатарында халықаралық „Интерспутник”, „Инфоркосмас” ,”Интелсат”сияқты спутниктік ұйымардың құрамына кірді. Қазақстан 1994 жылы „Интелсатқа”ресми түрде кірді, оған дейін „Интерспутниктің”мүшесі болатын. Қазір Қазақстанда „Жарық „,„свет” деп. аталатын космостық жүйе жұмыс істейді. 1990 жылдың аяғында бұл жүйенің іске қосылуы бүкіл ауылды жерлерді теледидармен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Қазақ – түрік халықтары бірлескен „Таңпалас ТВ”, италия – қазақ біріккен „тотем”каналдары жұмыс істеген болатын.Республикада хабар таратудың спутниктік,кабельдік,кассеталық,кодтық түрлері дамып келе жатыр.Республикада бұрынғы ТАСС тың салалары,аса кошті,қуатты „Дана пресс” , „Азия пресс” сияқты агенттіктерінің жұмыс істеуі, қазақстандағы коммуникацияның дамып,өсіп отырғандығының куәсі.