Магнитафондардың техникалық сипати

Қазіргі кезде студиядан тыс жасалатын хабарлардың үлес салмағы күн сайын артып отыр.Студиядан тыс хабр ұйымдастыру үшін керекті құрал “Репортер”.Бұл магнитафонды журналистің айрылмас серігі деп айтамыз.Өйткені репортер арқылы кез келген жерден хабар жазып келуге болады.

Радиожурналистер алғашқы кәсіби шағын магнитафонды 1952 жылдан бастап қолданды.Оны Киевтің радиозаводы шығарды.Алғашқы оның маркасы “Днепр — 8” деп аталды, кейін “Репортер – 1 ”деп өзгертілді. (Репортер – латын сөз,жаңалық,хабар жеткізуші,әкелуші деген мағананы білдіреді.)

Киев радиозаводы алғашқы бұл өнімдерімен шектеліп қоймай,одан әрі ізденістерін жалғастырды.1957 жылдың көктемінде болған VІ Бүкілодақтық,жастар мен студенттердің Москвадағы фестивалінде Орталық радио торабы және шетел журналистері “Репотер – 2 ”магнитафонымен жұмыс істеді. “Репортер – 2 ”алғашқысына қарағанда жеңілрек болды, әрі жетілдіріп шығарылды.

1960 жылға дейін екі мың “Репортер – 2 ”жасалынды, оның 250 Орталық радио үйіне, 1000 данасы Ресейді өзге облыстарына,қалған 700 ден астамы басқа республикаларға таратылды. “Рпепортер – 2 ”ден кейін дүниеге келген “Репотер – 3”алдыңғыларға қарағанда жеңілрек болды.Осы аталған магнитафондардың ьарлынығда да өшіру тетігі болмады.Радиожурналистер арнайы қорапқа салып жаңа ленталар алып жүретін болған.Доңғалақ катушкамен жұмыс істеді.Жазу ұзақтығы 15 минуттан аспайтын болғандықтан өзімен бірнеше лента алып жүру қолайсыздық тудырды.

Радиожаңашылдары бұдан да жақсырақ,жеңіл әрі ыңғайла аппараттар шығаруды одан әрі жолға қоя отырып,радиожурналистерге жаңа құрал ұсында, ол “Репортер – 4 ”болды.Бұл магнитафонның салмағы 1,5 кг.Жазуы тазалығымен ерекшеленді.төрт бұрышты кассетаны пайдалануға мүмкіндік туды.Белгісіз себептермен магнитафонның бұл жаңа түрі заводттан шығарылмады,өндіріске енгізілмеді.

Алдыңғы магнитафондардың кемшіліктерін ескере отырып,радиоинжнерлер “Репотер — 5”құралын ойлап тапты.

Ғылым мен техниканың,адамзат ой өрісінің кең қанат жаю арасында “Репортер – 6 ” магнитафоны дүниеге келді.Ол тұрақты тоқпен қамтамасыз етілді.Хабар жазудың сапасы артты.Тек сөзді ғана жазып қоймай әндерді жазуға мүмкіндік туды

1980 жылы Олимпияда қарсаңында магнитафонның басқа түрі “Репортер – 7 ”шығарылды.Алимпияда барысын жазуға оның алғашқы 160 данасы қолданылды.Қазіргі кезде “Репотер – 7 ”құралының жеті мыңға жуығы қолданылып жүр.

Хабар жасау кезінде журналистің ескеретін нәрсесі — студиядан тыс жазылған репотаждың немесе сұхбаттын тыңдармандар үшін,әсерлі болғандығы.Міне осындай,тыңдауға жағымды,жақсы хабарлардың дайындалуына осы электронды ақпарат құралдары үлкен мүмкіндіктер жасай алды.