Өскелең ұрпақ үшін радои-жан жақты азамат болып қалыптасу универсиетті,адам баласының ең асыл қасиеттерін тарату мектебі.Адионың басқа ақпарат құралдарын негізгі айырмашылығы да,пәрменділігі де балаар мен жастарға әр түрлі дыбыс құдыреті арқылы түрліше көңіл күйге түсіп:қуану мен ренжуіне,ойлануы мен толғауына,ең бастысы,жаңалық тыңдауына мүмкіндігі мол.
Ондай мүмкіндікті қазір жас шамалары әркелкі балаларымыз пайдалана алады.Мысалы.Бүкілодақтық радионың балалары мен жас өспірімдерге арналған хабарлар бас редакциясының Бас редакторы қызметін атқарған А.Меньшиков ол тұрғысында былай дейді : “Бүкілодатық радионың програмасында әлі жааза,сыза білмейтін сәбилерден бастап,орта мектепті аяқтап,өмірге қадам басқалы отырған жасөспірім қыздар мен жігіттерге де арналған хабарлар бар”.Дәл осындай хабарлар Қазақ радиосынына да беріледі.
Республикалық радионың баларға арналған алғашқы хабарларының текістісі архив қорларынан кездестіру қиын.Бірақ оның қай кезден бастап берілгендігі туралы мағлұмат берерлік деректер бар.
Бүкілодақтық радио “Таң шапғы” радиогазетінң 1934 жылдың 1 қазанында эфирге шығарса,ал Қазақ радиосы бойынша “баларға арналған хабар 1931 жылдың 15 қарашасынан бастап берілді”,-деп жазды Р.Сағымбеков өзінің “Алматыдан сөйлеп тұрмыз”деген кітабында.Бірақ осы кітаптың тағы бір жерінде бұған қайшы пікір бар.Оның “Тұңғыштар сөйлейді”деген таруында жазушы Айтпай Хангелдин: “1930 жылдардың бас кезінде Қазақстан Орталық Атару Комитеті жанындағы Өлкелік радиокомитеті Карл Маркс көшесіндегі бір кездегі музей болған үйдегі көшіп келді.Бұл кезде мен осы комиттетің прецидателі едім… 1932 жылы радио арқылы берілетін хабарлардың көбі қазақ тілінде жүргізілуі керек деген нұсқау болды.”дейтін естелік бар.Сонымен екі дерек екі түрлі мерзімді:яғни,бірі-1931 жылдың күзі десе,екіншісі-1933 жылдың көктемі дегені айтады.
Осы жерде еріксіз ойландыратын бір мәселе бар.Ол Р.Сағымбеков алғшқа мерзімді атағанда енндей дерекке,болмасы естелікке сүйеніп отырғандығын көрсетпейді.Біздің ойымызша екінші мерзім көңілге қонарлықтай.
Ендеше,Қазақ радиосының балаарға арналағн хабарларының эфирге шығуы 1933 жылдың көктемі деген мерзім дұрыс болуы керек.Бірақ бұғна дейін балаларға арналған хабарлар берілмеген деп кесіп айту да қиын.Өйткені “Радиослушатель”журанлының 1929 жылғы 15 номерінде басылған Орынбор радиостанциясының бір күндік бағдарламасында: “жарты сағаттық баларға арналған: “насекомдар мен жануарлар өмірі”деген әңгімелесу,бір сағттық “Радиопионер”газеті деп көрсетіледі.Ал осындай хабарардың Қызылорда,Ақмола радиостанцияларынан да берілу мүмкін.Өкінішке орай,микрафондық материалдардың сақталмауына байланысты оған нақты жауап беру қиыпдап тұр.Сондықтан біз “Қазақ радиосының балаларға арналағн хабары” деп тек республикалық радионы бөліп әдейі айтып отырмыз.