Айтыс. Айтыстағы тапқырлық сөздер

Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір саласы – айтыс өлеңдер. “Айтыс” деген атау қазақ ұғымында өлеңмен айтысу, өлең сағысына, жарысына түсу мағынасында қолданылып келген. Айтыс дәстүрі тек қазақта ғана емес, Иран, Индия халықтарында да, арабтың бәдуйлер деп аталатын көшпелі тайпасында көшпелі тайпасында да және түркі тілдес өзбек, түрікпен, қарақалпақ, қырғыз сияқты халықтарда да болған.Айтыс әр елдің өз тілінде аталған. Мысалы: арабта “мұғалақат”, өзбекте “лафар”, қырғызда “айтуш”. Айтыстың диалогтық кейбір жолдарын V-VII ғасырлардағы Орхон-Енисей жазуларындағы Иоллы ақынның “Күлтегін” дастанынан кездестіреміз. Немесе XI ғасырларда жазылған Баласағұнидің “Құтадғу-Білік” шығармасының бірнеше өлең шумақтары айтыс үлгісінде құрылған. XIII ғасырда өмір сүрген Ұлы жыршының Шыңғыс хан мен өлеңмен жауаптасқаны да айтыс түріне жатады. Айтыстың топтасып айтылатын кейбір түрлері бұдан да арғы заманға барып тіреледі. Адам баласының өзінен жоғары нәрселердің бәрін “тәңірі” деп танып, табиғатқа табынған. Сәбилік дәуірде туған бәдік тағы басқа сондай жырлар айтыс өлеңдерінің ең көне түрі болып табылады. Айтыс қазақтың сөздік қорын жетілдіретін бай қазына.

Айтыстың тарихи даму жолы, өзіндік ерекшеліетері бар. Айтыстың басты ерекшеліктерінің бірі – ол өзінің ұзақ даму жолында болған оқиғаны, шындықты, ақиқатты өткір тілмен бүкпесіз айта алатын берік қалыптасқан дәстүрге аайналды. Расында айтыс нағыз ақындық өнер. Ипровизаторлық өнер, оның үстіне айтыс – поэзиямыздың көлемді де күрделі жанры.

Айтысқа кез-келген адам түсе бермеген, айтыс сайысына түсетін ақын ойдан тез шығарғыш дарынды да, сөз нөсерін түйдек-түйдегімен құйлатын төкпе де қарсыласынан тұтқиылдан төнетін ұшқыр да, ұтқыр, логиклық ой да күшті болуы шарт .

Айтыс сайысына дейін екі жақ ақындар да сөз жоқ үлкен дайындықпен келеді. Ол өзінің туған жерін ардақтап адам ата тегін, дін саптарын білумен бірге өз қарсыласына мін тағатын кемшіліктерін, осал мінездерін соғұрлым көп білсе, соғұрлым тиімді.

Айтыстың өзіндік тағы бір ерекшелігі, оған әйел еркек бірден қатасып отырғанын еске алсақ, мұның көпке ортақ өнер, ортақ жанр болып дамығанын көреміз. Ақын әйел қатыспаған айтыс кемде-кем. 1965 жылы “Жазушы” баспасынан шыққан 3-томдық айтыстың нақ жартыс ақын әйелдер.

Айтыстың күшті дамыған кезі XVIII-XIX ғасырлар. Бұл кездегі айтыстардың көпшілігі ру шеңберінде қалған. Айтысқа қатысқан ақындардың қай-қайсысы болмасын, өз руының әруағын көтеріп, туын жоғары ұстауға тырысқан. Айтыс ақындарының өткен ғасырдағы өкілдері Сүйінбай, Шернияз, Қатаған, Орынбай, Шортанбай, Кемпірбай, Шөже, Балта, Жанақ, Түбек,Тоғжан, Ақсұлу, Тәбия, Майлықожа, Тезекбай, Әсет, Ырысжан, Бейбіт, Мұса, Манап қыз сияқтылар.

Әдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлеңдерін мазмұнына, тақырыбына қарай екі түрге бөлуге болады. Біріншісі халықтың тұрмыс тіршілігіне, әдет-ғұрып саласына байланысты туған айтысар. Екіншісі – шын мәніндегі ақындар айтысы. Екіншісі қазақ айтыстарының ең күрделісі болып табылады. Көбінесе әзіл-оспаққа, күлдіргі әңгімеге құрылған айтыстың алғашқы үлгілерінде ақындар айтысындағыдай ақындық шабыттан, тыңнан туған өткір ой, өзекті оқиға желісі, әсерлі сөз жүйесі бола бермейді.

Айтыс өнерінің ең ерте заманнан келе жатқан түрі – бәдік айтысы. Екінші түрі “жар-жар” қыз бен жігіт айтысы, жұмбақ айтысы.

Жар-жарда бір жағы ескі әдет-ғұрыптың, қатал заңның әділетсіз кесікінін әшкерелесе, екіншіден, қазақ әйелдерінің бас бостандығының болмағанын айтып көрсетеді. Бұл жағынан жар-жар өлеңнің әлеуметтік мәні зор. Жар-жар өзіне тән еретеден қалыптасқан өлеңдік құрылысы бар. Жар-жар көбінесе 7-8 буынды жыр үлгісіне, кейде 11 буынды қара өлең үлгісіне құрылған. Жар-жар өлеңдерінің көркемдік стилі, әдісі, негізінен психологиялық паралеллелизм деуге болады. Көркемдік құралдарының бұл түрінде жансызды жандандыра сөйлету, жануарға тіл бітіру сияқты табиғат құбылыстарын адам ойына қатар қою әдісі жиі қолданылған.

Айқындар айтысы. Қазақтың әдебиетші ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда, нағыз ақындар айтысы XIX ғ. дамыған. Олай дейтіні XIX ғасырға дейінгі айтыс ақындарында өмірбаяндық деректері де, айтыс өлеңдері де сақтала бермеген. XVIII ғ. өмір сүрген ақын-жыраулардың аты-жөні белгілі болғанымен, олардың айтыс өлеңдерінен қай түрде, қандай көлемде болғаны туралы нақтылы деректер әлі күнге анықталған емес.

XIX ғ. басында туып, бертін келе дамыған айтыс ақындарының аты-жөні, тіпті өмірбаяны да белгілі. Олардың айтыс өлеңдері халық аузында немесе қолжазба күйінде сақталып келген.

Айтыстың күшті дамыған кезі – XVIII-XIX ғасырлар. Бұл кездегі айтыстардың көпшілігі ру шеңберінде қалған. Айтысқа қатысқан ақындардың қай-қайсысы болмасын өз руының әруағын көтеріп туын жоғары ұстауға тырысқан.

Әдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлеңдерін мазмұнына, тақырыбына қарай екі түрге бөлуге болады. Біріншісі- халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстар. Екіншісі- шын мәніндегі ақындар айтысы. Бұл соңғысы қазақ айтыстарының ең күрделісі.

Айтыс өлеңдерінің алғашқы үлгілері халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына байланысты туған. Және ол жұрттың жиналған жерінде, ойын-сауық үстінде шығарылған. Оларды шығарушы да ақындар болған. Бұл айтыстар жалпы айтыс өлеңдерінің алғашқы үлгілірі болғандықтан да өзіне тән ерекшеліктері барлығын көрсетеді. Ең алдымен, ол ойын-сауық ретінде, халықтық көңілдендіру, күлдіру негізінде туғандығын аңғартады. өлеңі жұрттың жаттап алып, айта беруіне лайықталған болады. Мұнда нағыз ақындар айтысындағыдай тыңнан қозғалатын күрделі әңгімелер, оқыстан туған оқиғалар буырқанып-буырсынып шығатын сөз саптасы кездеспейді. Көбінесе жеңіл-желпі айтылған әзіл-оспақ түрінде болып отырады. Екіншіден, бұл айтыстарда халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған әр түрлі ұғым, түсініктер араласа жүреді.

Бүл айтылғандар тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып салтқа байланысты туған айтыс өлеңдерінің көмекшілігі емес. Ол – айтыс өлеңдерінің қалай туып, алғашқы қалыптасу ретінде нені сөз еткендігін аңғартатын ерекшеліктері болуға тиісті. Және осы айтыстар кейіннен үлкен айтыс өлеңдерінің, яғни аындар айтысының, шығуына негіз салды, соның бастамасы болды деп түсінеміз.

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстарды мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлеміз. Солардың ішінде басталары:”жар-жар”, “бәдік айтысы”, “қыз бен жігіт айтысы”, “дін айтысы”, “жұмбақ айтысы”. Бұларды талдағанда “жар-жар ”мен “бәдік” айтысына тоқталып жатпаймыз. өйткені ьол екеуін осы кітаптың алғашқы тарауында қарастырғанбыз. Бұл арада, қайталау түрінде, “жар-жар” мен “бәдік” – айтысы өлеңінің ең ескі, алғашқы үлгілеріне салыстырғандығын ескертпеппіз.

Қыз бен жігіт айтысы. Бұл айтыс халықтың әдет-ғұрып салтына байланысты ойын –сауықтар кезінде айтылған және ол ойын-сацыққа жиналған жұртты көңілдендіру, күлдіру, ән мен өлең қызығына батыру негізінде туған. Мұның алғашқы үлгілерін белгілі ақын қыздар мен жігіттер шығарған. Оларды осы айтыстағы өлеңдерін кейіннен өлең айтуға икемі бар, бірақ өзіндік ақындық өнері жоқ жастар жаттап алып ойын-сауық кезінде айтып жүретін болған. Бұл айтысты көбінесе қыздар мен жігіттер бастап, солар айтатын болғандықтан, халық оны “қыз бен жігіт” айтысы деп атаған.

Қыз бен жігіт айтысы, әдетте, екі жастың амандасуынан басталып, әзіл-оспақ, әдемі қалжың ретінде айтыла береді. Онда ақындар айтысындағыдай үлкен әңгімелер қозғалмайды, ойын-сауыққа лайықты күлдіргі жайлар сөз болады. Айтыстың өлеңі ретінде шығарылған және жұртқа таныс, үйреншікті жаттамалар болғандықтан оны ойын-сауық үстінде өлең айтуға икемі бар жігіт пен қыздың қайсысы болсада орындай береді. Бұл айтыстың мысалы төмендегідей болып келеді.

Жігіт :

Көгілдірік, ендеше, көгілдірік,

Көк дөненге өмілдірік.

Осындай бірме-дірге кез келгенде,

Айта гөр өлеңіңді төгілдіріп.

Қыз:

Асыл қайрақ, замандас, асыл қайрақ,

Бау ағашта тұрады бұл-бұл сайрап.

Құдай айдап осындай кез келгенде,

Өлеңіңді айта гөр, тәуір сайлап,-

деп айтысқа түскен қыз бен жігіт бір-бірін өлеңге шақырады. Бұлардың айтысы осылай басталып үдей береді, жұртты күлдіру үшін әр нәрсені әдемі әзіл, қалжзыңға айналдырады. Бұл ретте айтысушылар бір-бірінің бойындағы мінез кемшіліктерді де өлеңмен күлкі ететін болды. Мәселен:

Қыз:

Қызға барған ел білсін атағыңды,

Түзетіп ки мұнан соң шапаныңды.

Қыздан көңілің қалмаған қу көкірек,

Қырғызсаңшы бір қап жүн сақалыңды…

Сақалыңды айнаға көрші қарап,

Ту құйрықтан маңызды төрт-бес қадақ.

Ауылыңдағы бақалыға күзеп сатсаң,

Алты сабын береді, жеті тарақ,-

деп, жігіттің қаужиған сақалын күлкіге айналдырады. Бірақ жігіт оған дау айтып- “сөздің көркі – мақал, адамның көркі – сақал”,- дегенді дәл етеді. Және өз таптарынан қыздыңда мінезін айтыа- әзіл етеді.

Айтысқа түскен қыз бен жігіт көңіл сырын, бір-бірін ұнатқандығында білдіріп отырады. “Бұдан былай таныс болып, көрісіп жүрерлік”- дегендерді де өлеңге қосады. Айтысып отырған бір қыз жігітке: “кешке таман қызы қараған кісі болып келіп-кетіп жүр”,- деді оған жігіт:

… Қозы қарап, мезгілсіз бара берсем,

итін қосар қу әкең сорым қайнап,-

дейді. Жігіттің бұл сөзіне қыз:

… Ит түгілі қасқырдан қорықпас ем,

Дәл өзіңдей, дариға, болсам жігіт,-

деп жауап қайтарды да жігіттің намысына тие сөйлейді.

Қорыта келгенде, халықтың әдет-ғұрып ойын-сауық салтына байланысты туған “қыз бен жігіт айтысы” қазақ ауыз әдебиетінде “айтыс” жанрының алғашқы үлгілерінің бірі болып табылады. Ол кейінен үлкен “айтыстың” шығуына негіз салған жанрдың бірінен саналады.

Дін айтысы. Тарихшылардың айтуына қарағанда, XVI-XVII ғасырға дейін қазақ халқы тұтасынан бір дінде болмаған, тек XVII ғасырдан бері қарай ислам дінін қабылдап алған. Осы кезден бастап ислам- қазақтардың да негізгі дініне айналған.

Дін иелері, қожа-молдалар қазақ арасына ислам дінін үгіттеа жаю үшін поэзияны, соның ішінде айтыс өлеңдерін пайдаланған. Олар халыққа түсініксіз дін сөздерін, діни шарттарды кейбір жалдамалы ақындар арқылы ұғындырмақ болған, көпшілікке түсінікті ақындық тілмен діни әңгіме-үгіттерді таратқан.

Жұмбақ айтысы. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-салтына байланысты туған айтыс өлеңінің тағы бір түрі- жұмбақ айтыс. Бұл айтыста ойын-сауық үстінде, көпшіліктің жиналған жерңнде айтылатын болған.

“Жұмбақ айтысы” бұкіл айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең қиыны секілді. өйткені ол тапқырлық пен білгірлікке құрылады. Сондықтан мұндай айтысқа түсу үшін ақынның өліңді суырып салып айтуы жеткіліксіз. Бұған қоса ақын тапқыр, білгір жіне тез ойлап, шапшаң жауап беретін болуға тиіс. Сонда ғана ол өзімен айтысқа түсіп отырған ақанның сынау мақсатымен оқыстан берген жұмбағын дұрыс шеше алатын болады. Бұл үшін жұмбақты берушініңде, оны шешушінің әр нәрседен хабары, көп мәліметі болуы шарт.