Батыс Еуропа романтизмінің ең бейнелі тұлғасы ағылшын ақыны Джордж Ноэль Гордон Байрон өзі өмір сүрген ғасырына шығармашылығымен ғана емес, өз өмірімен де айрықша белгілі болды.
Байрон Грек артиллериясы мен флотын, әскери отрядын күшейту мақсатында өзінің қаражатын да аямады, өзі де тікелей күреске қатысты. Осы тақырыпкд жазған шығармаларының бірі — «Құрметті легион жұлдызы» деген өлеңі.
Байрон үшін әдебиет, поэзия оның өміріндегі екінші, үшінші дәрежедегі қосалқы дүние, ал ол үшін ең бастысы -қоғамдық — саяси күрес болды.
Өз әулетінде Байрон алтыншы атадан тарады, Дкон Байронның әкесі капитан, азғындықка беріліп кеткен, ысырапшыл адам екен, Байрон одан үш жасында айрылды. Шешесі Катерина Гордон — шотландиялық текті дворяндардан шыкқан. Байрон 1788 жылы 22-қаңтарда белгілі ағылшын дворяндар отбасында өмірге келді. Лондонда туған, балатық шағы Шотландиядағы Абердин қаласында өтті. Аристокаттар тұқымы алты жасар Байрон 1794 жылы алдындағы Байронның Корсикада өлуімен байланысты Лорд лауазымының мирасқоры болды. Кішкентай, Байрон он жасында Парламент мүшесі болды.
Байронның шығармашылық кезендері:
1805-1812 ж. -бірінші кезеңі. Алғашқы, тырнақ алды өлеңдерін 1802 ж. бүркеншік атпен жариялаған. «Өткінші нобайлар», «Әр түрлі оқиғалар өлендері» Стихотворения на разные случай», 1807), «Бос уақытта» «Часы досуга»,1807), «Еркін болғым келеді» «Хочу я быть ребенком вольным»). Бұл ақынның қалыптасу кезеңі.
Оралса екен жас күнім алыс қалған
Кезсем, шіркін, тау ішін таныс маған,
Тербетілсем теңіздің толқынында
Болмай қойса орманым табыспаған.
І.Мәмбетов
Асыл достар жүр ғой менен,
Жанымда жоқ қымбаттым деген
Жабығады жүрегім жалғыздықта,
Үміт қашан өшеді бұл кеудеден!
Кім досым болса — алыста,
Жоқ мұнда сүйсем кімдерді.
Жүрекпен жалғыз алысып,
Өткіздім небір күндерді,
- Бұл өлең жолдарын Қ.Бекхожин еркін аударған.
К.Бекхожин:
Еркін бөбек боламын мен,
Ойнақтаймын туған тауда.
Тербелемін толқынменен,
Сайраңдаймын бақша бауда.
Мен еркіндік жаным бар да,
Сүймен саксон қырсықты елін
Артық көрем мен онан да
Жартасты ұрған судың селін
1809-1811 ж.ж. Байрон Еуропа елдеріне саяхат шегіп, оңтүстік Еуропаны аралайды.
1812-1817 жылдар екінші кезең. Бұл өте күрделі кезең десе болады. «Чайльд Гарольдтің» үшінші, төртінші өлеңі шықты, «Шығыстық циклдар», («Восточные поэмы»), «Прометей» т.б.
1817-1824. Күресу жылдары.
1817 жылы- «Тассо шығымы» («Жалобы Тассо»)-тақырыбы махаббат пен түңілу; «Манфред» атты филофосиялық-символикалық драмалық поэмасында билік пен байлықты мақсат етпейтін діндер безген, өр мінез, өзімшіл кейіпкерлер суреттеледі.
1812 жылы шыққан «Чайльд Гарольдтен» кейін Байрон бір күнде Еуропаға атағы кеңінен тараған даңқты ақын ретінде мойындалды. Шығармаларында өзімшіл, қатыгез тәкаппар бүлікшіл, романтикалық бейнені сомдады.
Басты кейіпкер Чайльд Гарольд бірінші өлеңде қолына музыкалық аспабын алып қоштасу жырын бастайды. Қоштасу сәтте: жас аристократ – сһіld-серілік өмірдің үлгісін ұстаған, бірақ әлі серілікті қабылдамаған жігітгік дәуренін суреттейді. Өмірден, ойын сауық куған ортасынан тойған, «ештеңеге кейімейді, ешкімді есіне алмайды».
Шығыс-Байронның ерекше сүйген жері, ерекше үміт артқан елі Испания мен Португалия суреттер. Бұл кезде Еуропалық әскерлер осында соғыс жүргізіп жатқан еді, ол жайындағы Байронның деректері, ресми деректерден өзгеше болды, ал Чайльд Гарольд болса жаңа кейіпкер. Поэманың аталуы, басты кейіпкері Чайльд Гарольд болғанымен, бұл Байронның идеялық-эстетикалық жоспарында сырттағы кейнжер десе болады.
Абидостық қалыңдық» (1813) — бұл да махаббат туралы. Басты кейіпкері Селим, немере ағасы Гефальдың сарайында тұрады. Гефальдың қызы Зылихаға ғашық, бірақ әкесі оны Қарасман бейге беруге уәделескен. Шығарманың сюжеті «Гамлетті» еске түсіреді. Гефал бір кезде Селимнің әкесін (өзінің бауырын) өлтіріп мал-мүлкін, байлығын иемденіп кеткен, енді Селим кек алудың жоспарын құруда. Қарақшылар тобын жасақтап Гефалға қарсы шыққан Селим шайқаста мерт болады. Зылиқа сүйіктісінің өлімінен кейін қайғыдан өледі.
Ақыңдық кемеліне келіп, толысқан шағында Байрон үлкен эпикалық шығармаға бет бұрды. 1823-1828 жылдарда үлкен жоспарлы, панорамасы кең эпикалық сатира (еріс sаtіrе) суретін жасамақ болған. Үлкен оқиғаларға толы «Дон-Жуанның» он алты өлеңін жарыққа шығаруға қыруар еңбек етті. Шұрайлы шумақтардан, тартымды тармақтардан тұратын соңғы роман-поэмасы толық аяқталып тиянақталмады.