1.Таяу Орта Шығыстағы, Солт. Африка мен Оңтүстік – Батыс Европаны орта ғаысрларда мекендеген Арабтар мен Араб тілінің ана тілі есебінде пайдаланған халықтардың әдебиеті. Шығыстаға ең бай әдемдегі ең көне әдебиеттердің бірі. Түп негізі қадым замандарға халық поэзиясы үлгілеріне тіреледі. Араб әдебиетнің – “Ақындар атасы” аталған Имру-л-Қайс (500-540) деп есептеледі. Бүкіл өмірін ауыр күрес үстінде өткізген “Жиханкез ханзада” Имру – л – қайс өз заманының шынайы суретін жасаған шығармалар туғызды, Араб поэзиясының негізгі заңдарын белгіледі. Оның ізін баса шыққан Тарафа (543-569) жырларынан Исламға дейінгі көшпенді бәдеуйлердің дүниеге көзқарасы, өзіндік философиясы аңғарылады: Әл-харрис Ибн халлиза (т.ж. белгісіз — 570) мен Амир Ибн Кулсум (т.ж белгісіз — 600) ақындық таланттарын өз руларының намысын жоқтап, атақ абыройын көтеру жолына жұмсаса, ан-набиға аз-зубяни (т.ж, белгісіз — 604) Араб әдебиеті тарихындағы Сарай ақындарының тұңғышы болды. Араб әдебиетін жаңа белеске шығарған Зухайр Ибн Аби Сулма (530-627) офолистік философиялық поэзияны (Хикма) дамытты, Араб ақындарының ішінде бірінші болып адамның ішкі дүниесін жыр арқауы етті. Ғажайып өмір кешкен Антара ибн Шаддат әл-Әбси (525-615) Араб әдебиетінің даму тарихында елеулі роль атқарған махаббат мұңына, нәзік сезімге суарған әсем туындылар, қайтпас ерлікті дәріптеген жорық жырларын қалдырды. Бойына дарыған үлкен қабілетті мал табу құралы еткен Әл Аъша (530-629) негізінен мадақ жырларын (мадых) шығарумен айналысса, Әл Хутайя (т.ж. белгісіз — 679) Сатиралық туындыларымен (Хиджа) танылды: Әйел ақын Әл – Хамса (575-664) эллегиялар (Риса) авторы ретінде белгілі, ал жауынгер ақын Хаким Ат Таий (Атымтай Жомарт VІғ) өз жырларында азаматқа тән абзал қасиеттерді дәріптейді.
- Мұхаммед қайтыс болғаннан кейінгі Халифа /Орынбасар/ деген лауазымдық басқару.
Умайтиадтық сарай ақындары, Хиджалдың махаббат лирикасы. Бәдәуй ақындарының лирикасы. Классикалық араб әдебиетінің гүлденуі.