МЕКТЕПТЕ 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» — деумен қатар, «…мұғалімдердің біліктілігін неғұрлым сапалы деңгейге көтеру» қажеттігілігін атап көрсеткен болатын. Бұл міндеттердің ойдағыдай жүзеге асырылуы педагогикалық жоғары оқу орындарының шығармашылық ойлау қабілеті, кәсіби-педагогикалық біліктілік деңгейі жоғары жаңа тұрпаттағы педагог мамандарды даярлау мәселесіне жаңа тұжырымдамалық тұрғыдан келуіне тікелей байланысты.

Қазіргі уақытта жоғары білім беру саласында жаңа кәсіби білімді терең меңгерген мамандарға деген сұраныстың артуы олардың әдістемелік білімі, қабілеті мен біліктілігінің қазіргі талаптарға сай болуын, кәсіби даярлығының білім стандарттарының талаптарына сәйкес қалыптастырылуын талап етеді. Сондықтан жастарға тәрбие мен білім беру ісі қоғамдық маңызға ие болуы тиіс.

Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ, саясаткер, саяхатшы дипломат, этнограф әрі суретші Ш.Уалиханов (1835-1865) өнерге, мәдениетке қатысты қыруар ғылыми еңбектер жазды. Ол ақын-жазушылардан өлең-әңгімелерден, аңыз-әңгімелер, аңыз-ертегілер жинайды, үнемі үздіксіз сурет салумен шұғылданды, бейнелеу өнерінің графика түрін жетік меңгерді, жүз елуден астам туындылар жасап, мұра етіп қалдырды. Шоқан Уалиxанов — ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды жинақтаушы этнограф-ғалым.

Күннің көзіндей жарқырап, нұрын шашып, қазақ бейнелеу өнерінің қара шаңырағын қалыптастыруға сүбелі үлес қосқан – Әбілхан Қастеев. Ғасырмен үндескен халық суретшісі бейнелеу өнерінің бас тұлғасы болып танылды. Сын тағдыр тоқыраудың тосқауыл тұсында да бейнелеу өнерінің беделін түсірмей, ұлттық рухани көркем туындылар туғыза білді. Иісі қазақ жүрегіне жақын халық дастанына айналған Қастеев шығармалары, ұлттық өнердің биік шыңына көтерілді. Өнердегі рухани тұлға Ә.Қастеев есімі ел есінде мәңгі сақталады.

12 жылдық мектептің білім мазмұнына мысал келтірейік. Жапонияда 9-сыныпта 12 пәннен дәріс беретін болса, Қазақстанда олардың саны — 17. Сол 12 пәннің ішінде музыка, өнер, адамгершілікке тәрбиелеу, өндірістік технология және үй шаруашылығы, дене тәрбиесі пәндері бар және ол пәндер 1-сыныптан бастап оқытылады. Ал бізде технология және дене тәрбиесінен басқа 15 пәннің барлығы да – негізгі пәндер. Жапониядағыдай топтастырылған және пәнаралық пәндер оқытылмайды. Америкада 7-8 сыныптардан бастап оқу жоспарына оқушылар өздері таңдайтын пәндер енгізіліп оқушыларға кәсіптік бағдар беруге көп көңіл бөлінеді. Ал, 9-сыныптан бастап оқу сараланып көптеген пәндердің, әсіресе математика-жаратылыстану циклы әр түрлі деңгейде оқытылуымен күшейе түседі. 11-12 сыныптарда оқыту үш бағытта – академиялық, кәсіптік және жалпы бағыттарда жүргізіледі. Оның академиялық бағыт қана университетке оқуға түсуге мүмкіндік береді. Ағылшын тілі, математика, қоғамтану, жаратылыстану сияқты пәндер оқушылардың өздері таңдайтын пәндермен толықтырыла түседі.

Германияда 5-6 сыныптар жалпы бағдарлы сыныптар олардың міндеті — әр оқушының қабілетін анықтау. 7-сыныптан бастап оқушылар өздерінің қабілетіне қарай үш мектеп бойынша жалпы мектеп, реал мектеп және гимназияның бірінде оқуларын жалғастырады екен. Олардың оқу жоспарлары бір-бірінен өзгеше болады. 10 жылдық негізгі мектеп балаларды кәсіптік оқу орнына түсуге, 12 жылдық реал мектеп арнаулы жоғары оқу орындарына түсуге, 13 жылдық гимназия университеттерге түсуге даярлайды.

Францияда 8-9 сыныптар бағдарлау циклы екі бағытта жүргізіледі: жалпы білім беру және технологиәлық бағыт(10-12-сыныптар). Технологиялық (А,G,H секциялары) бағыт бойынша лицей бітірушілер бакалавр білім дәрежесін алу үшін емтихан тапсырады. Бакалавр дипломы (білім аттестаты) талапкерлерге өздері оқыған секция бағдарына сәйкес келетін университетке емтихансыз түсуге мүмкіндік береді.

Ұлыбританияда 6 жылдық мектептен кейін оқушылар 5 жылдық орта мектепте оқиды. Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары академиялық бағытта жасалады сондықтан технологиялық колледждерде қабілетті балалар оқиды. Бірде-бір дамыған мемлекеттерде біздегідей Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) жүйесі қолданылмайды. Сондықтан ҰБТ мамандық немесе оқу бағыты бойынша өткізілген жағдайда ғана еліміздегі білім сапасы деңгейі едәуір көтерілген болар еді. Сонымен қатар, 9-сыныптан бастап өздері таңдайтын пәндер, сараланған оқыту мен бағдарлы дайындық мәселесі негізінде және болашақ мұғалімдерді қоғам талаптарына сай даярлау ескеу қажет.

Жоғарыда келтірілген тарихи деректерге сүйене отырып біз болашақ бейнелеу өнерін оқытуды балабақшадан бастау қажеттігін дұрыс деп санаймын. Сонымен қатар жалпы білім беретін мектептерде бейнелеу өнерін терең оқытуға көбірек көңіл бөлуіміз қоғам қажеттілігін құрайды. Бұл дегеніміз жалпы орта мектептерде 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушуларға 1-4 сыныптарда «бейнелеу өнері», 5-8 сыныптарда «көркем өнер», 9-10 сыныптарда «графика және жобалау», 11-сыныпта «өнер» пәндерін оқу үрдісінде жауапкершілікпен өз деңгейінде оқытсақ, бітірген түлектің қандай мамандық иесі болсада бейнелеу өнері қызметінің қажеттігін құрайды. Бұл дегеніміз қоғамымызда жаңа тұрпатты жас ұрпақтың рухани көркем тәрбиемен сусындаған келешектің жастарын көреміз. Қәзіргі кезде көңілсіз жайттар байқалып жүргенін күнделікті өмірде көріп жүрміз, мысалы, кейбір жалпы орта білім беретін мектептерде бейнелеу өнерін оқытудың орнына басқа пәндерді оқытып жүргенін және жылдан жылға оқытатын сағаттары қысқарумен кележатқаны бәрімізге мәлім, осындай жағдайларға жол бермей келешек жас ұрпақтарды қоғамның, табиғаттың әсемде сұлу әсерін көркем сезу, көру үшін ең алдымен бейнелеу өнерін оқыту керектігін ұмытпауымыз қажет.

Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасында: «Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты — заман талабына байланысты ақпараттық шарттарына сай студенттерді, оқушыларды тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады», — деп көрсетілген. Болашақ мұғалімді даярлауда ақпараттық технологияныпайдалануолардың нәтижелі игеріп, білікті маман иесі болуына ықпалы зор екендігі айқын. Ғылымның жоғары деңгейде дамуына байланысты оқушылар білімінің жоғары болуы үшін мұғалім жаңа ғылым саласын жан-жақты игеруі қажет.

Ақпараттандыру ісінің негізімен «білім» ұғымы астарласып жатыр. Осыған орай бұл ұғымның мынадай төрт құрама бөлігі бар, олар: білімді бағалы ақпарат, білімді процесс, білімді жүйе, білімде алынатын нәтиже.

И.П. Подласый өз еңбегінде қазіргі заман талабына сай оқытуды қарастырып, оқытудың жаңа түрлеріне «компьютерлік оқыту» түрін енгізіп отыр. Ол оқыту процесінде компьютерді пайдалану оқушылардың жан-жақты, терең білім алуына септігін тигізегінін нақтылайды [2].

«Ақпарат» термині латынның іnfomatio — «түсіндіру», «мазмұндама» деген сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру деген мағынаны білдіреді. Ақпараттар алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы шешу мақсатында пайдаланылады.

Берілген ақпараттық технологияның жұмысы ретінде әр түрлі саладағы адамдардың істеріне ақпараттық қызмет ету түрлері және оларды компьютерлік техника және байланыс тәсілдер негізінде басқару түсініледі.

Қазіргі ақпараттық технология, негізінен бүгінгі таңда бес техникалық жетістіктерді құрайды. Олар:

  • Жаңа ақпараттық қорлану орталығының және машинамен оқуды
    (машиначитаемых) таратушысының (магниттік ленталар, магниттік
    дискілер,лазерлік дискілер т.б.) пайда болуы.
  • Қандайда бір ақпаратты уақытына және ара қашықтыққа
    қарамастан іс жүзінде жер шарының кез келген нүктесіне жеткізіп
    салуды қамтамасыз етудегі байланыс тәсілдерінің дамуы (радио,
    теледидар, телефондык желі, спутниктік байланыс т.б.).

3.Ақпаратты сандық өңдеу мүмкіндіктерін қамтамасыз электрондық құ-рылғылар, берілгенді бейнелеу және өзгерту, көшіру және көбейту техникалары, қазіргі аудио-видеотехника т.б.

4.Берілген алгоритм бойынша компьютер көмегімен ақпаратты автоматты өндеулер мүмкіндіктері (сақтау, алмасу, қажетті формада кейіптеу т.б.).

5.Ақпараттарды тарату және алмастырудың жаңа мүмкіндіктері – бүкіләлемдік ғаламтор желісінің пайда болуы және тез қарқынды дамуы.

Оқу үдерісінде ақпаратты және коммуникациялық технология іс-шараларының мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігі өсуде. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың (АКТ) іс-шаралары дегеніміз — есептеуіш техника, микропоцессор базасын функционалдайтын бағдарламалы-ақпаратгы және техникалық іс-шаралар мен құрылғылар. АКТ-қа келесілер жатады: ЭЕМ, жеке компьютерлер, терминді жабдықтар жинағы, локальды есептеуіш желілер, графикалық ақпаратты енгізіл-шығару құрылғылары, үлкен көлемдегі ақпараттарды архивте сақтау іс-шаралары; машиналы графика жүйелері, бағдарламалы кешендер (бағдарламалау тілдері. трансляторлар, компиляторлар, операциялы жүйелер, қолданбалы бағдарламалар пакеті т.б.); қазіргі байланыс іс-шаралары. Оқытудағы қазіргі ақпараттық технологияны пайдалану әлемдік білім беру процесі дамуының жоғары нәтижесін қамтамасыз ететін маңызды және тұрақты тенденциясының бірі болып табылады. Отандық жалпы білім беру мектептерінде соңғы жылдары компьютерлік техника және басқа да ақпараттық технология құралдары көптеген пәндерді оқыту барысында жиі қолданылуда. Сол секілді мектептегі «Бейнелеу өнері» білім беру саласына да «ақпараттық технология» бөлімі енгізілген[1].

Ақпараттық технологияны пайдаланудың келесі дидактикалық ерекшелігін бөліп керсетуге болады:

  • Объектіні жасау, сызба тұрғызу барысын, технологиялық
    операцияның бірізділігін байқау мүмкінділігі;
  • Алдын-ала дайындалған формада мультимедиа тәсілдерін
    пайдалану арқасында көрсетілген үлкен көлемді ақпаратқа кіру;

3) Компьютерлік катологтар және анықтамалармен жұмыс істеу кезінде ақпаратты өңдеу ептілігін құру;

4) «Бейнелеу өнері» білім беру саласының мәртебесін жоғарылату;

5) Мұғалімдердің авторлық бағдарламаларын жасаудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашу.

ЭЕМ-ді пайдалану арқылы есеп-қисап жұмыстарын, сызба, графика, салу жұмыстарын жүргізуге болады, сондай-ақ жұмыс барысына уақытты үнемдеп, жұмысты жеңілдетуге мүмкіндік туады. ЭЕМ- мен жұмыс істеу үшін көптеген бағдарламаларды меңгерудің маңызы зор. Мысалы, 010507 — «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын арнайы және мамандық саласы пәніне оқытуда «Согеl Draw», «Согеl PHOTP­PAINT»«АdobеРhotоSһор» т.б. бағдарламаларды қолдану арқылы, практикалық сабақ барысында оқушылардыңзаттыңүлгілерінконструкциялау, көркемдеп сәндеу жұмыстарын компьютердің көмегімен атқаруға болады. Заттың нобайын құру, графикалық жұмыстар жүргізу, сурет салу т. б. жұмыстар осыақпараттыққұралдармен жұмыс жасау жөніндегі білім негізінде,қажетті программалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «Согеl Draw» дұрыс іске асырылады.

Дамыған 50 елдің қатарындағы елдермен бірге іргелі ел болуға, ұлт болуға, мемлекеттік тілді, халқымыздың тарихы, мәдениетін, өнерін білетін, қазақтың жанын ұға алатын, елінің саясатынан хабардар өз саласының бәсекеге төтеп бере алатын нағыз маманын дайындау қазіргі Елбасымыздың алдымызға қойған басты міндеті. Сондықтан бұл жердебалаларды өнермен сусындататын бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің білім мен кәсіптік деңгейлері өте жоғары деңгейде болуы басты шарт.