- Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында білім беру жүйесінің міндетінің бірі ретінде оқытудың жаңа технологияларын ендіру туралы айтылған. Осыған байланысты соңғы жылдары жаңа мектеп құруда, мектептің даму үрдісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамып келеді. «Инновация» деген сөз латынның «novus» — жаңалық және «in» — енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы – «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
- Кейбір ғылыми әдебиеттерде инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөледі.
Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен айналысу.
Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған қазіргі кездегі тіл және әдебиетті оқытудың әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандартты енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
- Мектептердің қазіргі даму барысында инновациялық ізденіс төмендегідей бағыттарда жүріп жатыр: білім берудің мазмұнын қалыптастыру, жеке тұлғаны дамытуға арналған жаңа әдіс; жүйе; педагогикалық технология құру және оны жүзеге асырып үйрену; жаңа үлгідегі оқу мекемелерін жасау; кез келген инновациялық үрдістің нысаны – оқушы. Олай болса оқушы білімін дамытуда жаңа технологияның райы ерекше деп білемін.
Біз алдымен «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология» жаңаша педагогикалық терминдерінің мағынасын түсініп алуымыз қажет сияқты. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткен жөн. «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені белгілі:
- біріншісі — өндіріс құралдарының жиынтығы.
- екіншісі – бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы.
«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді.
Білім беру саласындағы технологиялық идеяларды жаңадан пайда болды деуге болмайды. Себебі, оқытуды технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрынЯ. А. Каменский айтқан болатын.
Оқытудың тәсілдері жетерлік: олар, оқытудың дербес тәсілі, оқытудың топтық тәсілі, даралап оқыту тәсілі. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың жекелеген жүйелері мен әдістері емес, барлық дидактикалық мақсаттарды қуаттайтын технология керек, басқаша айтқанда, педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінің жетістіктерінен туындайтын жаңа технология керек.
- Жаңа технологиямен оқыту ерекшелігі
Мақсаты – білімді, алғыр, жан-жақты дарынды, шығармашылық ізденіс, зерттеу жұмысын жүргізе алатын оқушыны қалыптастыру.
Міндеті – оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
Құралдар – тірек конспект, тірек схема, карта.
Нысандар – ойын, сөзжұмбақ, тест, дидактикалық тапсырмалар, шығармашылық жұмыс арқылы нысанаға жету, тақырыптың мәнін ашу.
Әдістер мен тәсілдер – деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, топтық, ұжымдық, жұптық оқыту.
Нәтиже — өз пікірін білдіре алатын, ой қорытынды жасайтын, қайталау арқылы алған білімді есте сақтайды, ғылыми түрде талдай алады.