Әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері

  1. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты әдебиеттің сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып, оны халқымыздың көркем тарихы, «өмір оқулығы» дәрежесінде оқып-үйрету. Бұл пән сонымен бірге әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту арқылы көркем шығармадан тәлім алуға, шәкірттердің оқырмандық қызығушылығын қалыптастыруға жол сала отырып, олардың әдеби қабілетін дамытуды көздейді.

Мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары:

  1. Әдебиеттің ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі, өнер болғанда сөз өнері екендігі туралы ұғымдарын қалыптастыру, әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігі де сол өнер пәні болғандығы әдебиеттің сөз, тіл өнері екендігі туралы білімдерін қалыптастыру.
  2. Әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білім бере отырып, оның басқа өнер түрлерінен айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.
  3. Әдебиеттің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, ондағы дәстүр мен жаңашылдық, жалғаспалық әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайлы білімдерін қалыптастыру.
  4. Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты мәдениетті оқырман дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрету.
  5. Көркем туындыны оқи отырып, эстетикалық талғамдарын байыта отырып, оны әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуге дағдыландыру.
  6. Туған әдебиеттің өзіндік ерекшелігі, оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтыру, жетілдіру.
  7. Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттегі білім берудегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.
  8. Тәрбиешілік мақсат. Эстетикалық сезімдерін, талғамдарын тәрбиелеу. Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке, адамдық барлық жақсы қасиеттерге баулу. Туған халқының тілі, оның әдебиетіне деген ұлттық сезімдерін тәрбиелей отырып, бүкіл адамзат қауымының тілі, әдебиетіне деген қызығушылығына әсер ету.
  9. Әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсаты – қазақ әдебиеті пәнінен берілетін білімді ғылыми-теориялық жағынан қаруландыру. Оқушының шығарманы оқуы, қабылдауы – көркемдік танудың екі жағы. Бұл — әдебиетті оқытудағы басты нәрсе. Оқыту үрдісінде (процесінде) шығарманың ерекшелігіне, сабақ мақсатына қарай әдістер таңдалады. Қазақ әдебиеті әдістемесінде зерттелген әдістер ұтымды пайдаланып, мектеп тәжірибесінде жинақталды. Әдеби зерттеу негізі жүйеленді.

Әдебиетті зерттеу әдістері екіге бөлінеді:

  • мектепте оқытылатын көркем шығарманы оқушыға жеткізу әдістер жүйесі;
  • сол көркем шығарманың жазылу стилі, мазмұны, идеясы, тәрбиелік мәні, тілдік, ырғақтық әдістері.

Әдеби әдістер, яғни, оқушыға жеткізу жолы мен жүйесі – күнделікті сабақта батыл енгізіліп, оқушының өзіндік шығармашылық еңбегіне құрылады.

  1. Әдебиет әдістемесінің міндеттері:
  • білім беру приоритетіндегі ұстанымдарды жетілдіру;
  • әдістемелік нұсқауларды толықтырып отыру;
  • әдеби-теориялық ұғымдар сөздігін жасау;
  • сабаққа қажетті дидактикалық материалдарды көбейту;
  • сыныптан тыс оқу кітаптары;
  • көрнекі құралдар: синтетикалық, синхроникалық кестелер, альбомдар, портреттер;
  • техникалық оқу құралдары: диафильмдер, оқу кинофильмдер, слайдтар, магниттаспаларына жазылған: радио, телехабар беттері, фонохрестоматиялар жасау. Бір сөзбен айтқанда көркем шығарма мен жаңа әдістердің байланысын ашып, оқушының жас ерекшелігіне сай жаңартып отыру. Үнемі ізденіс зерттеуді жетілдіру.