- Абай шығармаларының жнағын 1916 жылы Орынборда “Абай термесі” деген атпен жарияланған әрі қаламының ақындық желі бар Самат Әбішұлы. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында 1898 жылы туып, 1944 жылы Алматыда қайтыс болды. Кезінде өлең жинақтарын шығып, Қазақстан Жазушылар одағының үшесі болып, әдеби сынға да өз әлінше атсалысқан.
“Ү” деген бүркеншік атпен бір автор тарпынан қатаң сыналып, кейінен иделогялық жағынан қысым көріп, бойдағы бырын бере алмай кеткен, азамат ақындарының бірі еді.
Революцияға дейінгі дәуір ішінде Абай шығармаларының жинағы деп жалғыз ғана 1909 жылы Петербургте Кәкітай бастырған басылыды атап келеді. Ал кеңестік дәуірде 1922 жылы қазан мен Ташкентте басылған Абай өлеңдерінің жинағы осы 1909 жылғы жинақты қаз-қалпында қайталап басуен ғана шектелді. Оларда Абайдың өмірі мен шығармаларына ешқандай тың деректер берілмеді. Ал 1916 жылы Орынборда Самат Әбішұлы тарпынан бастырылған “Абай термесі” деп аталатын, яғни бұрын жарық көреген Абай шығармалары, тыңнан енгізілген өлеңдер жинағы санға алынса да санатқа қосылмай келеді. Шындығына келетін олсақ, осы жнаққа енгізілген Абайдың “бірініші” қарасөзі мен жеті өлеңінен тұратын бұл кітапша ұлы ақын өлеңдерінің ревоюцияға дейін жарияланған екінші жнағы деп аталуға толық негізі бар тамаша жаңа басылым.
Жинақты құрасытрушы “Абай термесінде” ақын қаламынан туған қарасөздерінің ішінен “бірінші сөзді” арнайы түрде “Сөз басы” деген айдармен беташар сөз ретінде ұсынуыда жай нәрсе емес-ті. Бұл ерекшелік-екніші жнақ ретінде ұсынылып отырған “Абай термесіндегі” айта қаларлықтай сонылықтардың бірінен саналмақ. Өйткені Абай қарасөздернің тұңғыш үлгі-өнегесі, төлнұсқасы баспасөз арқылы бүкіл қазаққа осы екінші жинақ арқылы танылған.
“Абайтермесі” деп аталатын жинаққа ұлы ақынның “Бірінші” қарасөзімен “Жаздігүні қылтиған бір жауқазын” (10-жол), “Ата-анаға көз қуаныш” (30-жол), “Құр айқай бақырған” (8 жол), “белгілі сөз өлді-өлді” (4 жол), “Күшік асырап ит еттім” (4 жол), “Тайға міндік” (25 жол), “жарқ етпес қара көңілім не қылса да” (20 жол) деп аталатын шығармалары ғана енгізілген. Яғни Самат тарпынан жаряланған ақын өлеңдері “Ақын термесінде” өлең өрнегі жағынан өзгеріп, олардың ар саны 101 жол өлең ғана берілген.
“Абай термесінде” жарияланған ұлы ақын өлеңдері жоғарыда талаып өткен көлем ғана шектеледі. Самат қолында 1909 жылы тұңғыш жинақ болмақ. Бірақ ол жинақтағы көпшілікке танымал өлеңдерді қайта жаңғыртпай басуды қажет тұтпай, тек қана беймәлім, көпшілікке әлі де танылмай жатқан Абай шығармаларымен таныстыруды мақсат еткен сияқты.
“Абай термесі” деп аталатын екінші жинақта жарияланған Абай шығармалары текстологиялық жағынан қарғанда, революцияға дейін әртүрлі жағдайда баспа бетін көрген Абай өлеңдерінің бәрінен де биік тұр. “Абай термесіндегі” өлеңдер ұлы ақын шығармаларының бастапқы түпнұсқа қалпын дәлме-дәл қайталайтын ерекшелгімен де айрықша көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені Самат құрастырған жинақ пен Мүрсейіт қолжазба көшірмелеріндегі өлеңдер мен қарасөздер тексті жағынан бір түсіп жатуы – екеуінің де бір түпнұсқа текске негізделгенін айғақтап тұр.
- Абай мен М. Дулатов өлеңін алғаш рет орыс тіліне аударғандардың бірі – Сабатаев Сатылқан. Ол Абайдың “Жаз” деген өлеңін орыс тіліне қарасөзбен аударған.
С. Сабатаев 1874 жылы Жетісу облысы, Верный уезіндегі Үлкен Алматы болысындағы туған. Ата-анадан ерте айрылып, Верныйдағы Ерлер гимназиясында оқиды. Мәскеудегі Лазарев атындағы Шығыс тілдері институтына түсіп, оны 1899 жылы аяқтайды.
Бішкек, Жаркент қаласында қызмет тақарады. Соңыннан Мәскеудегі “Петров- Разунов ауыл шаруашылығы академиясына оқуға түсіп бітіреді. Агроно-ғалым атағын алады. Ара-тұра баспасөзге мақала жазып, қоғмадық қызметке де араласады.
1921 жылы жолсапармен Қарқаралы жаққа барғанда қаңғыбас бандалар қолынан қазаға ұшырайды.
Самат Әбішұлы 1916 жылы Орынборда жаряиланған “Абай термесі” жинағы-абайтану тарихында ұлы ақын мұрасын револоюцияға дейінгі дәуірде қалың бұқараға тарату, насихаттау саласында өзіндік орны бар елеулі еңбектердің бірі.