1.Абай шығармаларындағы мораль философиясы туралы ойларының желісін сөз еткенде Әуезов оларды өзі атап көрсеткен нравственная личность мәселесіментікелей бірлікте, байланыста қарастырған. Абайдағы дін, тәрбие, адамшылық, мораль философиясы жайлыойлары желісіне, 12, 13, 27, 28, 35, 36, 38, 43, 45 — қара сөздеріндегі ой төркініне де үнемі сүйеніп отырады.
М. Әуезов Абайдың: “ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым- қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады”, — деп не себепті Абай адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясынаорала беретін себебін ашады. Абай — өзі жасаған әлеуметтік ортаны, оны құрайтын жеке адамдарды тәрбилеу, түзеу арқылы өзертуге ұмтылған ағартушы – демократ. Мораль философиясына мұндай терең әрі қызыға қарауЛ. Н. Толстой танымында да зор орын алғанын Л.И.Шифманның зерттеуінен де көреміз.
- Абай шығармаларындағы “адам болу шарттары”. Абайдағы толық адам жайлы ойдың о бастағы төркіні “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінен басталып, ақынның осы өлеңіндегі “Адам болам десеңіз” деген тезисі негізінде ары қарай желілеп таратылатыны бар.
Ойшыл ақын “Түзетпек еді заманды” деп өз арманы тұрғысынан жас ұрпақтың жаңа буын, жаңа дәуір, заман талабы деңгейінде тәрбиелеуді мақсат тұтып, күрес жүргізеді. Осы жолда Абай адам болуға ұмтылған әрбір жалынды жастың бойында адамшылықтың қандай нәрін, нендей ізгілікті қасиеттерін егу, орнықтыру керектігін “ғылым таппай мақтанба” өлеңінде көп нәрсенің төркінінен хабар да береді. Сол себепті бұл өлеңді М. Әуезов “Абайдың, әсіресе, көп ой қорытып айтқан мағыналы және програмдық бір өлеңі”, — деп жайдан — жай айтпаса керек-ті. Мұндағы Абайдың басты ойы – “Адам болам десеңіз” деген тезисіндежатыр. Осы өлеңде Абай көтеріп отырған басты мәселе — қазақ қауымының болашағы, жастардың бойындағы адамшылық қасиеттері, яғни толық адам туралы даналық ой желістері тұтас көрініс тапқан.
- Абайдағы жүрек култьі. Әсіресе, Абайда адамшылық, гуманистік ойларының астарында үшінші сипат – рахым, шафағатқа шешуші мән беретіні байқалады.
Бұл арада Абайдың рахым, шапағат деп отырғаны жүрек екенін М.Әуезов арнайы ескертіп өтеді. Абайдағы адамшылық негіздерін талдай отырып, ондағы ақыл, әділет, рахым жайлы түбірлі гуманистік танымдарға ерекше мән беретіндіктен, Абай “адамгершілкті, моральдық философияны барлық жайдан жоғары қояды”.
Абайдағы жүрек жайындағы сан қырлы танымдары, көбінесе, поэтикалықтіл тұрғысынан қарастырады.
Абай жүректі эмоциялық сезімнің, адамгершілікнегіздегі рахым шафағаттың қайнар көзі ретінде таниды. Жүректі адамның өзін тану туралы ғылым саласында алар орны мен атқарар қызметін гуманистіктұрғыдан арнайы қарастырып, өзіне дейінгі қазақ ойшылдары тілге алмаған соныпікірлерін саралай отырып тарату әрекетінен көреміз.
Абайдағы жүректің культі жайлы ұғымға М. Әуезов 1943 жылғы абайтанудан оқыған лекциясында арнайы тоқтала отырып, Абайдың: “17- сөзі”. Адамның адамгершілігі неден құралады дегенде: қайрат, ақыл, жүрек үшеуін айтып, ғылымға жүгіндіреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Бірінші жүректің сезгіштігі. Мұның өзі көргендік. Олай болса ақыл байқағанды жүрек сезеді.
Абайдың жүрек жайындағы ой толғауларының негізі мен өзекті желістері: “Әуелде бір сұлу мұз- ақыл зерек” (1889), “Кейде есер көңіл құрғырың” (1890), “Алға достың мұңы жоқ малдан басқа” (1896), “Алла деген сөз жеңіл” (1896) сияқты төл шығармалары мен “Менің сырым, жігіттер, емес оңай” (1897) “Жүректе көп қазына бар, бәрі қызық” (1899) деген аудармаларындақысқа тұжырымдала баяндалған.
- Абай ойының өзекті желісі – “толық адам”. Абай қазақ даласына жүректің культін көтеріп мадақтағанда ол ұғымға өз тарапынан айрықша гуманистік астар беріп, адамзат баласының бойында ұялаған ең асыл қасиеттер: мейірім, рахым, әділет, шафағат, ар – ұят атаулының қайнар көзі, құтты мекені ретінде қарауымен дараланады.
Жүрек жайында пікір қозғағанда ақынның алға қояр басты мұраттарының бірі — жүректің адам өмірінде атқарарқызметіне айрықша гуманистік мән – мағына бере жырлауында жатыр. Абайдың жүрек атынан: “… әділет, нысап, ұят, рахым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі де менен шығады”, — деп бекіте, тұжырымдай айтатынпікірінде жүректі ақыл, қайратқа қарағанда шешуші орынға көтеріп, оған гуманистік астар беретін ойының төркінінбұлжытпай өз қалпында танып отыр. Абайдың танытуында жүректі бүкіл әділет, шафағат, рахым, ар – ұят атаулының нәр алар көзі, құтты мекені ретінде сипаттап көрсетуге күш салуында нендей сыр бар? Абайдағы жүрекке гуманистік астар бере қарайтын көзқарастың философялық – гуманистік түп төркіні, нәр алар тамыры қайда жатыр дегенде мұны біз қазақ жерінің орта ғасырдағы ой алыбы әл – Фарабиден бастап, Абайға дейінгі аралықтағы мәдениет қазыналарынан іздейміз.
Бүкіл адамзат қауымның орта ғасырдағы теңдесі жоқ ұлы философ – гуманисі әл- Фараби өз еңбектерінде жүректі адам денесіндегі басты тұлға, бастапқы кезеңдегі әмірші ретінде танумен қатар ақылды да (миды) басты тұлғаның қатарында айтады,бірақ ми адам бойындағыбүкіл процеске басшылық еткенмен жүрекке тәуелді, соның ырқына бағынышты деген танымды білдіреді. Осы іспеттес танымның желісіндегі ой — пікірлер Абай шығармаларында молынан ұшырасып, кең тұрғыданарнайы сөз болды. Абайдағы осы ойлардың негізгі түп-төркінініңбастау алар арғыарнасы әл – Фараби еңбектерінде жатыр.