Қостанай облысы – Солтүстік Қазақстанда орналасқан Қазақстан Республикасының әкімшілік аумағының бөлігі. 1936 жылы 29 шілдеде бұрынғы Қостанай мен Торғай губернияларының негізіде құрылған. Құрамында 5 қала, 3 кент, 16 аудан, 808 ауылдық елді меен бар. Облыс орталығы – Қостанай қаласы, 1979жылы құрылған, Тобыл өзені жағасында орналасқан. Жер аумағы 196,0мың км . Облыстың географиялық орны қолайлы. Ол солтүстік батысы мен солтүстігінде Ресейдің Орынбор, Челябинск, Қорған облыстарымен, шығысында және оңтүстік шығысында Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен, оңтүстік батысында Ақтөбе облыстарымен шектеседі. Облыс аумағы негізінен жазық дала. Солтүстіктен оңтүстікке қарай тым созылып жатуына байлаысты (740м) әр түрлі физ-географиялық белдеулерден тұрады: батыс жағында Орал маңы үстіртін (250-400), солтүстігінде Батыс Сібір ойпатының (150-200м) Оңтүстік бөлігін, оңтүстігінде Торғай үстіртінің басым бөлігін (450-500м) қамтиды. Орал маңы үстірті негізінен, шығысқа қарай еңістене келіп, солтүстігінде Золотая Сопна (Алтын Шоқы) тұсымен, оңтүстігінде Тобыл өзенінің жоғарғы ағысының аңғарымен шетеседі. Мұның оңтүстік жағында жеелеген шоқылар (мыс Жетіқара тауы, 414м, т.б.) кездеседі. Батыс Сібір ойпатының оңтүстігінде өл қазашұңқырлары бар. Қостанай жазығы мен Обаған-Есіл суайрығы және Есіл жазығы алып жатыр. Облыстың оңтүстігі Торғай үстіртінің солтүстік бөлігін көл қазаншұңқырлары мен Солтүстік Торғай жазығы (Қосмұрын көлінен Тобыл өзеніне дейінгі суайрықты), орта бөлігін Сыпсыңағаш қолатымен және Қабырға, Теке, Сарысу өзендерімен тілімденген Торғай үстіртінің орта бөлігі алып жатыр. Мұндағы суайрықтары Қарғалы (310м), Теке (262м), Қызбел (219м) және Сарыадыр (360м) деп аталатын төрткіл тау жұрнақтары, қиыр солтүстік батысында Қоңыртау орналасқан. Торғай үстіртінің жалғасы саналатын оңтүсті Торғай жазығы Сарықопа көлінің оңтүстік бөлігін қамтиды. Ол Торғай мен Ұлыжылыншық өзендерімен тілімденген. Облыс аумағының бір ерешелігі – оның қиыр оңтүстік батысынан солтүстіке қарай Торғай, Сарыөзен және Обаған өзендерінің аңғарларын қамти отырып, Тобыл өзеніне дейін жететін ұзындығы 700км Торғай қолаты жатыр. Облыстың ең биік бөлігі шоқылы келген Сарыарқа бөлігі. Мұнда Қарақұс (Шарықты шыңы 397м), Көкшетау (478м), Қайыңды шоқы (569м) т.б. көптеген тау шоқылары кездеседі. Ұлыжылашық пен Қараторғай өзенінің суайрығын Жалашықтүрме қыраты алып жатыр[1, 113-118б.].
Топырағы-құрғақ дала мен шөл дала зонасында қоңыр (каштан) топырақтар дамыған.
Облыс климаты тым континентті. Қысы суық және ызғарлы, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде 18-190С, оңтүстігінде 16-170С. Кейбір қатаң жылдары -400С-та төмен болады. Қысы ұзақ, қар жамылғысы 5 айға дейін жатады. Жазы біршама ыстық, шілденің орташа температурасы 19-200С. Кейбір жылдары 35-400С-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашын орташа мөлшермен солтүстіктен оңтүстікке қарай 300мм-ден 170мм-ге дейінгі аралықта, оның 70-75% жылдың жылы мезгілінде жауады. Желсіз күндер аз. Солтүстікте температураның 500С жоғарылап жылымықтың пайда болуы бүкіл қыс мезгілінің 50 пайызын құрайды.
Қостанай облысы өзендер мен көлдерге бай. Өзендер Тобыл мен Торғай және Ұлыжыланшық өзенінің алабына жатады. Қостанай облысында 7 мыңнан астам көл бар. Олар көбіне тұщы келеді. Тобыл өзенінің алабына жататын өзендер – Үй, Тоғызақ, Әйет, Желқуар, Шортанды бастауларынан Орал маңы үстіртінен, ал Обаған өзені Торғай қолатының орталық тұсынан ағады. Торғай алабындағы өзендер, негізінен Торғай және оның салалары бастауларын Торғай үстіртінен (Өлкейек, Қабырға,Теке) және Сарыарқаның батыс беткейінен (Сарыөзен. Мойылды және Үлкен Дәмді, Жалдама, Қарынсалды, Тасты, Ащытасты, Қараторғай, Сарыторғай, Үлкен Сабасалды т.б.) алады. Облыстың қиыр оңтүстігінде Торғай өзен алабынан бастау алатын Ұлыжыланшық өзені Жақсы, Ақкөлге құяды.
Қостанай облысында 7 мыңнан астам көл бар. Олар көбіне тұщы келеді. Тұщы көлдер солтүстік Торғай жағында Сыпсыңағаш пен Торғай қолаттарының орталық тұстарында шоғырланған. Көлдердің ең ірілері Торғай қолатында – Сарықопа, Күйік, Ақсуат, Сарымойын, Құсмұрын, Алакөл, Теңіз т.б. өлдер бар. Облыстың солтүстік шығысында — Қойбағар, Алабота, Тімтәуір, Жаншора, Биесойған, Сарыкөл, Сарыоба, Жасылбағар, Қарақамыс, Тоқта т.б. көлдер бар. Солтүстік батысында – Шұбаркөл, Сасықөл, Үлкен Бөрілі, Тоқтас, Жолжарған т.б. көлдер орналасқан. Торғай жазығында – Шыбындысор, Айқаныс, Қарасор мен Тентексор көлдері. Сыпсыңағаш қолатында – Қулыкөл, Кіндікті, Орқаш, Жақсыбай, Шоғыркөл, Мамыркөл т.б. және оңтүстігінде – Жалтырсор, Барақсор, Тентексор, Жаман Ақөл, Жақсы Ақкөл, Ащы Алакөл т.б. орналасқан. Кейбір тұзды өлдердің — Әулиесор, Сабынды, Қарабасты, Қарақалпақ, Жылысор, Балықты, Ақсуатсор т.б. емді және урорттық маңызы бар. Тобыл мен оның салаларында көптеген бөгендер мен суару жүйелері салынған. Олар Тобыл өзені мен оның салаларында жайыла Жоғарғы Тобыл, Қаратомар, Қостанай, Желқуар, Шортанды бөгендері, Торғай өзенінде Албарбөкет суару жүйесі мен Үлкен Дәмді өзеніндегі Көлдетік суару жүйесі т.б. Жер асты сулары облыстың барлық жерлерінде бар. Олар мезо-кайнозойдың құмды-сазды шөгінділері мен палеозой жыныстарында шоғырланған[2, 98-б.].
Қостанай облысының топожүйесіне кіретін жер-су атауларының құрамы өте күрделі сипатта. Олардың ішінде қазақтың байырғы төл сөздерінен жасалғаны да, басқа тілдерден енгені де бар. Олардың әрқайсысы облыстық топожүйенің белгілі бір қабатын (стратын) құрайды. Ол қабаттарға кіретін топонимдер осы өлкенің өткен тарихынан аса құнды деректер бере алады.
Аймақ топонимиясы құрамында көне дәуірге тән лексикалық қабаттардың сақталғанын жиналған топонимиялық сөздік материалдарынан анық көруге болады. Сөздікте қамтылған кейбір жер-су атаулары қазіргі әдеби тілімізде кездеспейді және ол сөздердің мән-мағынасы бүгінгі таңда қалың көпшілікке түсініксіз болып келеді. Сондықтан олардың о бастағы лексикалық мағынасын айқындау, құрамындағы дыбыстардың фонетикалық тұрғыдан өзгеру күйін анықтау тіліміздің ерте кездегі лексикалық қорынан қажетті дәрежеде мағлұматтар береді. Сондықтан Қостанай облысы топонимиясын стратиграфиялық қабаттарға бөліп қарастыру тек ғылыми тұрғыдан ғана емес, топонимдер сөздігін құрастыруда да аса қажетті болып саналады[3, 5-б.].
Қазақ топономиясындағы түрлі ұқсастықтар мен әртектіліктерді белгілі бір ортақ теория негізінде қарастыруға болмайды. Олар жеке- жеке зерттеуді қажет етеді. Сол зерттеудің үлкен бір бөлігін Қостанай облысының топонимиясы құрайды.
- Көне түркі қабаты. Қазақтың жеке халық ретінде қалыптасқанға дейінгі халықтық тілінің тарихи негіздері мен арналары жалпы түркілік кезеңнен басталатындығы ғылымда толық дәлелденіп отыр.
- Оғыз-қыпшақ қабаты. Қазақ тілінің лексикасының құрамы қазіргі қыпшақ тобындағы тілдердің лексикасымен толық немесе жартылай ортақтығымен ерекшеленеді. Сондықтан қазақ тілінің лексикалық құрылымының дамуын өз алдына жеке бөліп қарастыру мүмкін емес. Себебі жалпы қыпшақтық тілдік модельдердің сипаты тілдің барлық деңгейлерінде де көрініс табады. Осындай қыпшақ тілдеріндегі лексикалық тұлғалардың байырғылығын және біркелкілігін жан-жақты көрсететін бірден-бір сала – жер-су атаулары.
- Араб-парсы қабаты. Қостанай облысы топожүйесіндегі кірме қабаттары ғалымдар араб-парсы тілінен енген жалқы есімдерден бастайды. Ол атаулар VIII-XII ғасырларда Қазақстан территориясына арабтардың келуіне және мұсылман дінінің таралуына байланысты қалыптасқан. «Арабтардың жаулап алуы ислам дінінің таралуымен байланысты еді. Мұсылман мешіттері арқылы арабтардың біраз діни терминдері елді мекендердің, киелі орын, зират, мола, бейіт атаулары ретінде тілімізге енді» деп бағалайды бұл құбылысты.
- Моңғол қабаты. Облыс топонимиясындағы кірме топонимдер қатарына моңғол қабатына жататын жер-су атаулары да кіреді.
- Орыс қабаты. Қостанай облысы топонимдерінің құрамындағы басқа тілдерден енген кірме атаулардың белгілі бір бөлігін орыс тілінен және орыс тілі арқылы Батыс Европа тілдерінен ауысқан топонимдер ауысқан топонимдер құрайды. Олардың саны алдыңғы қабатқа қарағанда көп болып келеді. Бұл атаулардың араб- парсы, моңғол тілінен енген топонимдерден бірнеше айырмашылықтары бар:
Орыс тілді атаулар Қостанай топонимиялық жүйесіне кейін енген. Бұның өзі олардың жергілікті атаулармен қоян- қолтық араласып кетпей, топонимдікжүйеде бөлектеніп тұруына себепші болып отыр. Егер біз Қостанайдың топонимиясындағы араб- парсы, моңғол тілдерінен енген топонимдердің тегін, этимологиялық негізін, ену кезеңінанықтау процесінде терең талдау жүргізіп, диахронды әдісті пайдаланып, көптеген тарихи еңбектер мен сөздіктерге сүйенер болсақ, орыс тілінен және орыс тілі арқылы Батыс Европа тілдерінен енген топонимдерді анықтап, топтастыпуда мұндай терең талдау жасамауға да болады.
- Жаңа қабат. Тілдің басқа да қабаттарындағыдай топонимдер жүйесінде де үнемі даму, жетілу процесі болып отырады. Географиялық атаулардың дамуы мен эволюциясы қоғаммен тығыз қарым-қатынаста келеді. Олардың белгілі бір объектінің атауы ретінде қалыптасып, тұрақталуына да қоғамның тигізетін әсері мол. Сөз жоқ, жалқы есімдер, соның ішінде топонимдер – халықтық мәдениеттің ажырамайтын бір бөлігі. Халық арасындағы миграция географиялық атаулардың да миграцияға ұшырыуына себепші болады. Ал миграциялық процесс зардаптарынан арылу – бүгінгі таңдағы тәуелсіздікке қолдары жеткен түркі тілдес мемлекттердің барлығының алдарында тұрған негізгі міндеттердің бірі.
Қорыта келгенде, топонимикагеографиялықатауларды зерттейтін ономастиканың бір бөлігі:
1.Географиялық объектілердің тау мен өзендердің, көлдер мен бұлақтардың және елді- мекендердің, жер-су аттарының шығу төркіні, олардың қолдану ерекшеліктерінің жазылуы ғылыми тұрғыдан сипатталды.
- Жер-су аттарының түрлі өзгеріске ұшырап, ауысып отыру құбылысы, тарихи жағдайларға тікелей байланысты екендігі анықталынды.