ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Қолөнер ғасырлар бойы дамып қалыпттасып келе жатқан халық шығармашылығы.Ол талай ғасырлар кезеңінен өтіп түрленіп жаңарып келіп атадан балаға қалған мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі өнер .Ол арқылы біз үлкен рухани эстетикалқ тәлім алып өнер әлеміне қанат қағамыз. Өнер туындылары белгілі бір дәуірде,сол дәуірде өмір сурген халықтың тұрмыс тіршілігін бейнелейді. Халықтың асқақ арманын, табиғат сұлулығын, ішкі жан сезімін өнер арқылы білдірген. Өнер туындылары арқылы белгілі бір халықтың тарихын білуге болады.

Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен туындап, дамып отырады. Қазақ қолқөнернің өсу жолы өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрлерді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан аумағына жан-жақтан келген көшпелі тайпалармен халықтардың, сондай-ақ Ресей, Орта Азия халықтарының да мәдениеті әсер етті. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі өнері айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді.

Революцияға дейінгі қолөнердің дамуына қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көшпелі өмірден біртіндеп отырықшылдыққа көһшу процесі көршің елдермен әсіресе Ресеймен сауда қатынасының, шаруашылық және мәдени байланыстарының арта түсуі, тағыда басқа көптеген ішкі, сыртқы факторлардың әсері айтарлықтай ықпал етті.

Ол кездегі қазақ ауылының көпшілігі қаламен тығыз байланыста болмады. Сондықтан олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігін қаладан сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан, халық шеберлерінің жасағандарын пайдаланды.

Кеңес үкіметіне дейінгі қазақ халқының қолөнерінің дамуын этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін маңызы өме зор. Өйткені қазақ қолөнері – жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салалардың бәрі.

Қазақ халқының тұрмысында ежелден бері ағатан жасалатын үй бұйымдарының алатын орны ерекше. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін бұйымдарына қарай үйші, ерші, арбашы, ұста деп. даралап бөлген[1].

Ағаш өңдеу өнерінің іскерлікпен қатар қыруар еңбекті, шынайы талғамды аса қажет ететін түрі-кйіз күй сүйегін жасайтын үйшілер ісі. Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары көбінесе өзен жағасында өсетін ір түрлі талдардан жасалған.

Ежелден көшіп-қонып мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі-салт ат болды. Соған орай ер-тұрман жабдықтарының алатын орны да ерекше. Қазақ өз бетімен ата мінуге жараған барлық балаларына арап ер турман дайндыған. Қазақ шеберлері ішінде ел арасында тұрып, тері илуді кәсіп еткендері де аз болмаған. Осындай ісмерлер Семей, Өскемен, Омбы, Орынбол, Верный, Тараз, Ақмешіт (Қызылорда) қалаларында тері илеп, былғары жасауды үйреніп, кейінірек ел арасына шығып, осы кәсіппен айналысқан, Жетісу өнер шеберлері күнделікті тұрмыс мүмкіндіктеріне қарай киім-кешек ті гуде ат абзелдерін сәндеп, әшекейлеуде аянбаған.

Кең байтақ қазақ жер інде өнердің қай саласында болмасын, айталықтай жергіліктері ерекшеліктер кездеседі.

Мұндай ерекшеліктер ер тұрмандарынан да байқалады. Олардың бір-бірінен негізгің айырмасы-жасалу тәсілі мен сыртқы көрістерінде. Осы ерекшеліктеріне байланысты “Қазақы ер”, “Үйрек бас ер”, т.б. ата улар қалыптасты.

Бұлар ел арасына кең тарап, Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын ертұрман түрлерін ертеден келе жатқан үлгілерін сақтап дамытты. Қазақ зергерлері түсті металдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасады.

Әсіресе күмістен соғылған көптеген сәндік бұйымдар сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекілік, алқа, өңіржиек, қолтықша, тұмарша, білезік, жүзік, белбеу, сақина, қапсырма, түйме, тана, тіс шұқығыш ертеден ақ кең тараған заттар.

Сондай-ақ ерлерге арналған кемер белбеу, кісе, ертұрмандарының күмістелген, алтындалған әшекейлері бар.

Ерте заманнан күні бұгінге дейін өзінің қадір қасиетін жоймай қолөнердің озық үлгісі ретінде ғана емес, ісмдігімен әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан кал май келе жатқан бұйымдар –ұлтық киімдер.

Халық өнерінің түрлері оның орындалу тәсілдері жоғарыда айтылғандай өте көп кілем тоқу киім үлгілері өрімшілік зергерлік соүйектен мүйізден ағаштан жасалатын бұйымдар ер-тұрман тері илеу тас қашау ұршық иіріп жіп есу өрмек жүгіртіп кесте тігу [2].

Жүн түтіп ши орау өнерлері әрі қиын әрі қызық бұл өнерлердің өркен жаюы біріншіден тұрмыста пайдалану үшін болса екіншіден халықтың өнерді аса жоғары бағалауынан да туған қасиет олардың сүйектен жасаған кереуетері мен сандық асадал адалбаақан жүкаяқ кебеже мүйізден шақшалары мен ыдыстары сәндік бұйымдары сырға білезік жүзік өңірше алқа шолпы шаштеңге шашбау сақина ілгекқапсырмалары ел арасында әлі де жиі кездеседі тұс киіз сырмақ текемет аяққап кесе қап шабадан санндық қап бау-басқұр қоржын тағы басқа киіз үй жасаулары күні бүгінге дейін бар.

Ал кілем тоқу өнері де біздің өрс алған ауылдық жерлерде тұратын қазақ әйелдері мен қыздары тоқыма жүн түтіп жүн сабауды ұмыта қойған жоқ қызылорда шымкент жамбыл торғай ақтобе обылыстарында кілем тоқу өнері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып жаңаша түр ою-өрнектер мен әсемдік орнын қадір қасиетін жойған жоқ.

Сондықтан тиісті орендар осы сияқты жергілікті қолөнер шеберлеріне деген қамқорлықты оларға коректі шикізат қорын бөліп ғасырлар бойы халқымызбен жасасып келе жатқан қолөнердің алдағы уақытта да өркендей беруіне көңіл бөлінеді деп. сенеміз

Әр халықтың ғсаырлар бойына жинақталып белгілі бір жүйеге түскен рухани өмірінің ұлттық мәдинетті бар. Мол рухани мәдинетінің маңызы бір саласы қолөнер. Қазақ халқының шеберлік өнері еңбек барсында туды және тұрмыс тіршілігінде қолданылаттын өнермен тығыз байланыстты болды Барлық заттар көшпелі халықтұрмысына бейімделіп жасалды.

Археологиялық қазбалар арқылы күні бүгінге дейін жетіп, мәдени мұраға айналған қолөнер туындыларын халық мәдениетінің бастауы деп. білеміз. Атадан балаға мирас болып жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнер дәстүрінің тамары тереңде болса, қазіргі көркем кәсіпшілік өндірісі де сол халықтық дәстүрлерден нәр алып отыр.

Қазақ қолөнерін жіктеуде ағаш өңдеу, тері өңдеу, темір өңдеу мәселлерінің технологиялық ерекшелігіне баса назар аударған жөн. Киіз- көп қолданылатын материалдардың бірі.

Жүннен жасалған бұйымдардың ішінен кілем текемет, сырмақ, алаша, тұскиіз, қоржын т.б. түрлерін атауға болады.

Қазақ халқының зергерлік өнерінде ерекше шеберлікті көруге болады. Қазақ зергерлері зер салып бедерлеуде дәстүрлі өрнектер мен сәндік ұтымдылықты сақтай білген.

Тоқыма өнері де көнеден келе жатқан қолөнердің бірі болыр табылады. Кілем тоқушы шеберлер қазақтың ұлттық өнеріне өз ұлестерін қоса білді. Тоқыма өнерінің түрлері-кілем, алаша, ши тоқу, гобелен өнері жылдан жылға дамып келеді.

Әсіресе қолөнер кәсібімен айналысқан шеберлер шығармашылығы қазақ халқы мәдениетін жаңа қырынан байытып отырды. Қолөнерге әр дәуір өзінше өшпес із қалдырып, көркемдік жағынан өз әсерін тигізді.

Қолөнер туындылры айналадағы құбылыс, күнделікті кәсіп, қоғамдық құрылысқа арай өзгеріп, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келеді. Ғасырлар бойы екшелеп, көркемдік сапасы артып күні бүгінге дейін жеткен қолөнер қазіргі заманмен ұштасуда.

Халық шеберлері жеке адамның мұқтажын ғана өтеп қойған жоқ, ұлттық өнерді дамытуға ерекше үлес қосты қазақтың ертедегі бізге беймәлім шеберлерін былай қойғанда, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қолөнерін жалғастырушылар: Жүсіп, Махамбет, Әбдіғали, Шаяхмет, Сейтен, Аяған сияқты халық шеберлерін атауға болады.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің ежелгі ұлттық үлгілері мен дәстүрі ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда.

Қазақтың ежелден келе жатқан киіз үйі мен күнделікті тұрмыста пайдаланатын барлық жиһаздары мен заттары ұлттық ою-өрнекпен көркемделіп отырады.

Ою-өрнектері қайталанбалы әрі ашық түсті болып келетін алаша, текшелі өрнекті тықыр кілем, әшекей оюлы кебеже сияқты киіз үйдін ішіне тұтынатын сәндік жиһаздармен қатар ағаш ұқсату өнері және жібек жіптермен кестелей тоқу, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұксату (бедерлі инкрустациялы), оймыш, шекіме, бұрама, қалыптама, қаптырма, көз салу секілді зергерлік өнерінің түрлері де өркен жайды[3].

Қазақтың бейнелеу өнері ерлер мен әйелдердің, жануарлардың тастан қашалған бейнелері, сондай-ақ қыз-келіншектердің қола мүсіншелері түрінде өз өрісін тапты.

Жаңа қоғамның рухани тәжірибесін образ түрінде бейнелейтін көркемдік туындылар жастарға тәрбие беріп, ұрпаққа ықпал жасау арқылы дәуірді жалғастырады.

Сондықтан бейнелеу өнерінің мазмұны аса мәнді өзгеше жас ұрпаққа көркем ой туғызатындай болуға тиіс. Дүниенің сан алуан тіршілік тынысы мен адам сезімінің байлығын бейнелеу өнері кең ауқымды, көркемдік тұрғыдан көрсетеді.

Азаматтық нысандылық, мүсіндік сомдау өнерінің игі дәстүрлерін игеру, елуінші, алпысыншы жылдардағы Қарағанды суретшілер шығармашылығының басты сипаттары болды.

Олардың туындыларын көшелер алаңдары мен гүл бақтарының кеңістігінде тұлғаның жарасымды, келісті пішінделуіне, мәнділігіне қарай жазбай тануға болады.

«Сәндік-қолданбалы өнер» ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігінде, «қолөнер» ұғымының аясында қабылданып, пайдаланылып келді.

Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де «ою» дейді. Ал «өрнек» дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес.

Сондықтан, көбінесе «ою-өрнек» қосарланып айтыла береді» — десе, Ұ.Әбдіғапбарова «қазақ ұлттық ою-өрнегі дегеніміз, адам өміріне қажетті заттарды, бұйымдарды, архитектуралық құрылыстарды сәндеуде, халықтың тыныс-тіршілігін, қоршаған ортаға көзқарасын, одан алған эмоционалдық-эстетикалық әсерін және ой-арманын, тілек-мүддесін әсем талғаммен өзара үйлесімділікте бейнелі жеткізуге ықпал ететін нақыштар» — деп ой тұжырымдайды.

Екі түсінікте бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бірін-бірі толықтыра түседі, ою-өрнек ұғымынан толық мағлұмат алуға көмектеседі.

Сонымен, қолөнер түрлеріне жасаған талдау оларды технологиялық мүмкіндіктеріне қарай жіктемелеуге бұйымды жасау үшін қолданылатын материалына қарай, бұйымдарды қолдануына қарай; дайындау әдісіне қарай; көркемдік әшекейленуіне қарай, мағынасына қарай септігін тигізді [4].