- М. Әуезов Абайдың тәңіріні тануы мен адам жаратылысы жайлы ойларын зерттей келіп, оның діні – сыншыл ақылдың шартты діні деген тезистік пікірі қаншалықты білгірлікпен әділ, дұрыс айтылған бірегей пікір екенін, әсіресе, хауасжайлы ойларына үңіле түскенде анығырақ сезінеміз.
Абай тәңіріні тануда шығармаларында шариғаттоқта деген шартқа аялдамай, тәңіріні ақылға салып, ойға қондырмай тоқтамайтынын “Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын” деген пікірінде ашығырақ білдіреді.
Абай шығармалырындағы хауас жайлы мәселе әлі күнге дейін арнайы зерттелмей келеді.
Алғаш рет ол жайлы С. Мұқанов тарапынан “Жарқын жұлдыздар” еңбегінде өте қысқа түрде айтылған бірлі – жарым пікірдің өзі де М. Әуезов тарапынан сынға ұшырады. Ал қалған зерттеушілер бес сезім мүшелері маңында көп аялдамайды да, хауас ұғымынан сырт кете береді. Бұлардың бәрі де “хауас”, “хауас сәлим”, “Хауас хамса заһири” жайлы Абай ойларын пікір талқысына салмай келеді.
- Хауас ұғымы Абай шығармаларында үш салаға бөлініп, бірімен – бірі тығыз байланыста алынса да, олардың өзара үлкен мағыналық ерекшеліктері де барлығын ескерген жөн.
Хауас — арабша түйсік, сезім деген ұғымдарды қамтиды. Бұл хауас сөзінің тікелей лексикалық мағынасы ғана. Ал Абайдағы қолдану мағынасы дүниетанымға байланысты терең философиялық, теологиялық ұғымдарға соғады. Бұл ұғым мұсылмандық шығыс философиясында ертеден елеулі орын алған кәнігі көне ұғымдарға жатады. Ол Абай шығармаларында кәсіби құбылыс ретінде қаралып, ақын дүниетанымында елеулі де күрделі орын алатынбейнелеу теориясымен тікелей ұштасады. Абай сыртқы болмыстың санаға сәулелену процесі жайлы ойларын өз шығармаларында молынан таратып, хауас арқылы сыртқы болмыстың шындығын толық білмей, ең болмаса дәнелеп білуге ұмтылмау хайуан дәрежесінде қалу деп біледі. Бұл туралы пікірі “Ғылым таппай мақтанба” өлеңімен (“ақыл – мизан, өлшеу қыл”) соңғы шығармаларынадейін желі тартып ұштасып жатады.
Абайдың пікірі бойынша, әрбір талантты жасдүние сырын білу жолында әуедлі туысынан болатын хауассәлим, денсаулық, әлеуметтік ортасының әсеріменғылым-білімді меңгеруге үйірсектеніп, шын махаббатпенберіле ұмтылғанда ғана: “Алла тағаланы танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жәліб маәфағат дәфғы мұзаратларыны айырмақлық секілді ғылым – білімді үйренсе болады”, — деп ой түйеді.
Абайдың хауас жайлы танымыкүнделікті өмір тәжірибесінен ғана туындаған құбылыс деуге келеді.Ол өзіне дейінгі дамып келген хауас жөнінідегі танымға сүйеніп, оны ақыл елегіне салып қорытып алған, өзіндік сыншыл танымға айналған тума ойлары жатқанына ерекше мән бере қарастыруды қажетсінеді.
- Хауас жөнінде Абай танысып қарастырған дерекетер көзі – батыс, шығыс хакимдері жазған ғасырлар ауқымын қамтитын еңбектерде жатыр. Бұған айғақты дерек ретіндеұсынарымыз:7, 27, 38, 43, 45 – сөздерінде хауас туралы ұғымдарғабайланысты пайдаланған көптеген термин сөздердің көбін шығыс философиясы тарихынан алып отырған.
Адамның дүниетанымында шешуші орында тұратын ішкі, сыртқы сезімдер (хауас) жайлы өзекті ойлар желісі: “Адамның кейбір кездері” (1896), “Көзінен басқа ойы жоқ” (1891), “Қайғы шығар ілімнен” (1892), “Лай суға май бітпес қой өткенде” (1896), “Алла деген сөз жеңіл” (1896), “Жүректе қайрат болмаса” (1898), “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” (1902) өлеңдері мен 7, 19, 27, 31 – 34, 38, 42, 45 – қара сөздеріндетереңдеп молыға береді. Мұндай айтылған ой-пкірлері — белігілі бір жүйе негізінде берілетін өзіндік дербес танымға айналып кеткен аса күрделі пікірлер.
Хауас жайлы Абай “Алла деген сөз жеңіл” өлеңі мен 27, 38 сөздерінде ғана тілге алып, арнайы пікір толғайды.
Хауас төңірегінде Абай философиялық лирикалары мен кейбір қара сөздерінде “түп иені” танып білуге, сырын, мәнін нақтылы түсінуге ұмтылған өз дәуірі үшін батыл қадамын аңғартады. Бұл пікір, әсіресе, “Лай суға май бітпес қой өткенде” өлеңінде анығырақ сезіледі:
Өзгені ақыл ойға қондырады,
Біле алмай бір тәңіріні болдырады.
Абай нендей құбылыс болса да, оған “ақиқат көзі жетіп, ден қойып, ұйып сенбесе”, — тоқтам жасамайтын әдеті бойынша, түп иені сыншыл ақыл талқысына салып барып нанғысы келеді.
Хауас жайлы Абай ойларының шоғырланған бір жері “Алла деген сөз жеңіл” өлеңінде жатыр. Бірақ осы терең философиялық лирикаға әлі күнге дейін зерттеушілер назары түспей, арнайы сөз етлімей келеді.
“Алла деген сөз жеңіл” өлеңініңбастапқы екі шумағы:
Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз жол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл
Өзгесі хаққа қол емес.
Дүниенің барша қуаты,
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суатты
Махаббат қылса тәңрі үшін , —
Абайдың ішкі нанымы ретінде ұстанып өткен гуманистік негіздегі иманигүл деп аталатын ой танымындағы үш сүю деп аталатын күрделі мәселеге соғатыны көрініп тұр.
Құдайдың бойындағы осы он сипаттанАбай даралап бөлек алып, ерекше ден қоятын үш сипат; а) ғақыл; ә) ғаделет; б) рахым жайлы өзіндік тума гуманистік негіздегі мағынасы өте тереңтың ойлар желісін таратады. Абайдағы осы ойлардың негізін тану, ақын дүнетанымындағы орнын білу — хауас жайлы ұғымның әр түрлі мағынада қолданылатынтүрлі қырларының сырын таныта алады.