Жоспар:
- Ұжым, оның анықтамасы.
- Ұжымның даму кезеңдері.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделеді. Олар:
— тәрбие мақсатының реализм идеясы;
— ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс — әрекетінің идеясы;
— тәрбие бағыттарының дербес идеясы;
— тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы;
— өзін — өзі талдау идеясы;
— бала күнінің жаратылысы;
— қиын мақсаттық идеясы;
— сүйеніш идеясы;
— ірі блоктар идеясы;
— ата – аналармен ынтымақтастық;
— мұғалімдердің ынтымақтастығы;
— өзін — өзі сыйлау идеясы;
— өзін — өзі басқару(реттеу) идеясы т.т
Реализм идеясы, яғни тәрбиенің шынайы мақсаты – адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан – жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы – мәдениеттің базалық негізін адамның игеруі. Осыдан тұлғаның “базалық мәдиниеті” тәрбие мазмүны деген ұғым туады. Базалық мәдениет – бұл өмірге орай өз бағдарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экология мәдениеті, көркем және дене шынықтыру мәдениеті, жанұялық қатынас мәдениеті.
Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға бала. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн.
Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мәні өте зор. Біріңғай тәрбие ұжымы — бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиеленушілер ұжымдық шығармашылық істе игереді.
Ұжымдық шығармашылық іс – бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады.
Өзін — өзі талдау идеясы. Балаларды өзін — өзі жеке және ұжымды талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин оқушыларын өздерінің өмірі, іс — әрекеті жайында ойлануға үйретеді.
Ата – аналармен ынтымақтастық. Мектепте, жанұяда балалар ересек адамдарға ашық, сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық педагогика жорамалдайды. Бұл үшін біріңғай талаптар емес, жанұяда балалармен жолдастық, жылы – шырайлы қатынас болуы қажет. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша ата- аналар жиналысында балалар туралы сын көзімен ескерту жасауға болмайды. Балалармен ата – аналар арасында ұрыс – керіс жағдайын болдырмау. Мұғалім балалар жөнінде ата – аналарға айтып наразылық білдірмейді, күнделіктеріне не болса соны жазбайды. Балаңыз сабаққа дайындалмайды деп мұғалім әр ата- ананың есігін қағуды қою керек.
Егер оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді талап етсе онда оған керегінше көмек көрсету қажет.
Мұғалімдердің ынтымақтастығы. Экспериментшіл мүғалімдердің әр қайсысының педагогикалық стажы 25 тен 40 жылға дейін. Олар әр түрлі мектеп ұжымдарында балалармен жұмыс істеген, талай мұғалімдер және директорлармен істес болған. Жаңашыл мұғалімдер, мүмкін ынтымақтастық педагогика өте күрделі, оны оқыту және тәрбиесінде қолдануға болмайтын шығар дейді.
Жаңа педагогиканың идеяларын кең түрде тарату керек. Сыныпта балаларды бір – біріне қарсы қоюға болмайды, сол сияқты мұндай жағдайды мұғалімдер арасында да болдырмау керек.
Сонымен, осы идеяларды іске асыру үшін: біріншіден, оқу және тәрбие жұмыстарын жаңарту; екіншіден, балалармен қатынасты жаңарту; үшіншіден, мұғалімнің өзін — өзі жаңартуы; төртіншіден, балалармен және өзара ынтымақтасу.
Өзін — өзі құрметтеу идеясы. Осы уақытқа дейін оқушының сабаққа, тәртіпке, жолдастарына, үлкен кісілерге қатынасы жайлы көбірек назар аударылды. Демек оқушының мұндай көзқарасы, қатынасы мұғалім және мектеп жұмысындағы тәртіпке байланысты деп айтушыларда болды. Енді бұдан былай балаға көмсектесу, дұрыс педагогикалық назар аудару, әсіресе бала өзіне — өзі көңіл аударуы қажет. Атап айтқанда, баланың өзін — өзі құрметтемеуі тұлғаның өз құнын кемітуі — бұл маскүнемдікке, нашақорлыққа салынуының, қылмысқа ілінуінің негізгі себептерінің бірі.
Мұғалімнің де және баланың да беделі, іс — әрекеттеріндегі жетістіктерді экспериментшіл – мұғалімдердің жаңа идеяларына, соның ішінде өзін — өзі құрметтеу идеясына байланысты.
Өзін — өзі реттеу идеясы. Әдебиет беттерінде өзін — өзі реттеу мен өзін — өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсіндірушілерде бар. Шынында, өзін — өзі тәрбиелеу өзін -өзі реттеугенегізделеді. Ал өзін-өзі реттеу дәл мағынасында
өзін -өзі тәрбиелеу емес.Өзін-өзі тәрбиелеу –бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуде сыртқы ортаға,өз міндеттеріне саналы қатынасы және келешегіне көз жіберіп ,талаптануының негізінде пайда болған қажеттілік.Қажеттіліктің, жауапкершіліктің, қызығушылықтың, абыройдың тұлғаның өзін — өзі реттеуі.
Жаңашыл ғалым И.Н.Ивановтың әдісі бойынша тәрбиенің басты элементі ұжымда өзін -өзі талдау болады. Әрбір жалпы іске — өнімді еңбек пікір – талас, жарыс, жорық, демек, түрлі іс — әрекеттеріне қатысушылар ұжымдық талдау жасау қажет.Оқушыларды ұжымда өзін — өзі талдауға үйрету зор педагогикалық шеберлікті талап етеді. Осыдан ересек адамдар мен балалар арасында ынтымақтастық туады.
Оқушылар еңбегін жалғыз мұғалім ғана емес, барлық ұжым бағаласа, онда олар өздерін ылайықты ұстап және жұмысты жақсы істеуге тырысады.
Міне, мұны демократияландыру мен жариялылық принципі дейді.
Тірек идеясы. Әдетте балаларды қабілетіне қарай үшке бөліп оқыту мектептерде орын алған. Бұл бізге Америка мектептерінен келген оқытудың бір түрі. Мектеп оқытушыларының балаларды оқыта білмегендігінен, оларды қабілетіне қарай топқа бөліп оқыту пайда болған. Нашар балалармен қосымша сабақтар өткізу де мектеп өмірінде қолданылып келді.
Оқытудың мұндай формалары балалардың жан – жақты дамуына, бір қалыпты білім алуына кері әсер етеді, өйткені, балаларда күдіктену байқалады. Осының нәтижесінде олар біздер екінші қатардағы оқушылармыз ба деген ойға бөленеді, оқуға ықпалы төмендейді.
Демократияландыру – бұл тұлғаның жан – жақты дауының мақсаты мен құралы, бұл мектептің ведомстволық мүддеден қоғамның және тұлғаның мүддесі мен мұхтаждығына қарай бет бұруы, бұл мектептің ашықтығы, оның қоғамдық күшті және қоғамдық факторларды қарастыру.
Мектеп – бұл мемлекеттің сондай – ақ қоғамның және тұлғаның білім жайындағы тілегін қанағаттандыратын қоғамдық – мемлекеттік танылған жүйе.
Ізгілендіру — бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық процестің барлық дәрежесінде ең басты адамның өзі болуы тиіс. Сондықтан тұлғаны тәрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының негізгі мақсаты болуы тиіс. Ізгілендіру – бұл мектептің баланы өмірге дайындауда, тек қана бағдар беруі емес, ол әрбір жас сатысында — балалық шақта, жеткіншектік шақта және жасөспірімдік шақта баланың бүгінгі өмірінің толық құнды болуын қамтамасыз ету.
Сонымен, қайта құру жағдайында әрбәр мұғалімнің жаңа идеяларымен, оқыту және тәрбиенің озат теориясы және практикасымен қарулануы тұлғаның сапасын жобалай және анықтай білуге мүмкіндік береді. Осының негізде мұғалім баланың бойына жақсы қасиеттерді егеді, дүниге көзқарасын, мінез – құлықтың нормасын қалыптастырады, болашақ өмірге, еңбекке, мамандықты саналы түрде таңдап ала білуге даярлайды.
Өзін — өзі бақылау сұрақтары:
- Ынтымақтастық педагогика және оның көздейтін мақсаты?
- Ынтымақтатық педагогиканың басты идеяларын атап, мәнін түсіндіріңіз?
- Тәрбие ұжымының қозғаушы күші неде?
- Ұжымдық шығармашылық істің маңызы және негізгі кезеңдері?