Қарастырылатын мәселелер:
- Мектеп мұғалімі оның қоғамдағы әлеуметтік қызметінің маңызы
- 2. Мұғалімнің кәсіптік қызметі және оған сипаттама.
- Мектеп мұғалімі оның қоғамдағы әлеуметтік қызметінің маңызы.
Еліміздің әлеуметтік–экономикалық дамуын жетілдірудің бағдарламалық міндеттерін шешу жас мамандардың кәсіби біліктілігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты.
“Халық мұғалімі” – жас өспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты творчествоны, ойдың тынымсыз жұмысын, өрасан зор жан жомарттығын балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді.
Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін қарапайым, әрі нақтылы етіп айта келіп, кезінде “жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін”- деді. Я.А Коменский “мұғалімнің қызметі мәртебелі”- деп бағалады. К.Д.Ушинский “Мұғалімнің жеке басы – жастар жаны үшін ешнәрсемен тде айырбастауға болмайтын жанып тұрған күн нұры” – деп атап көрсетті.
Қоғамды жан — жақты дамытатын өндіргіш күштің негізгі тұлғасы – адам, сондықтан адам дакторына ерекше мән беріледі.
Қоғам дамуы мен адамның жеке басының дамуы бір – бірімен тығый байланысты. Қоғам адамды қаншалықты дәрежеде жетілдірсе, жетілген адамқоғамды соншалықты дәрежеде дамыады. Тәрбиесіз қоғам қоғам болудан, адам адам болудан қалады. Материалдық және рухани байлық жасап, қоғамды дамытатын — адамдар. Ал адамдарды соған дайындап, тәрбиелейтін – ұстаздар. Олай болса мұғалім – қоғам мен қоғамды, ғасыр мен ғасырды жалғастыратын буын. Тарихты жасайтын – халық, халықтың көзін ашып, көңілін оятатын, саяси қырағылыққа, сенімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, бауырмалшылдыққа, Отаншылдыққа, азаматтыққа баулитын – ұстаз.
Ұстаздың адам өміріндегі ролі туралы халқымыздың классик ақыны Абай:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас
Үйретуден балаға,-
десе, Қазақтың ғұлама ғалымы Әл – Фараби “Жаман мінез- құлық рухани кесел”- деді, Жүсіпбек Аймауытұлы “Дәрігерденде ұстаздың көп болғаны артық, дәрігер адамның денін сауықтыратын болса, ұстаз адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады” – деген.
- Мұғалімнің кәсіптік қызметі және оған сипаттама.
Өмірдің әр салалары секілді педагогикалық істе де талантар сирек кездеседі. Әрене әр мұғалімге талантты болмауына да болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс.
Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогикалық шеберлікті меңгеруге көбіне көп нәрсе әсер етеді.
Бейімділік балалармен жұмыс істеуге айқын бейнеленген ыңғайы мен қабілеттен көрінеді.
Бүгінгі талапқа байланысты мұғалім өз елінің белсенді идеялық сенімді жақтаушысы, өз мемлекетінің аяғынан тік тұрып кетуіне, оның саяси және экономикалық бостандығына, Отанын сүйе білетін жастарды тәрбиелеу қолынан келетін мамандарды айтады.
Шеберлікіті көтерудің жолы озат – мұғалімдердің, іс – тәжірибелерін, олардың ойларын – оқыту мен тәрбиені жетілдірудің басты көздерінің бірі. (Ш.А. Амонашвили, И.П Иванов, В.Ф. Шаталов, И.П. Волков, Е.Н. Ильин, В.А. Краковский т.б.)
Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегі ең басты құралдардың бірі. Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық такты.
Педагогикалық такты деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.
Ықпал – оқушылар арасындағы мұғалімнің беделі мен өнегесі.
Талант – дарындылықтың жоғары дәрежесі, онеы зерттеу, анықтау күрделі мәселелердің біріне жатады.
Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, білім беру мен тәрбие және оқуту процесін басқарады.Мұғалім – бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және одан өзіне зор ләззат алатын адам.
Мұғалімнің ғылыми білімдер жүйесін меңгеруде жоғары болуы тиіс. Өз бетінше ойлай білу, қиын динамикалық жағдайларда жол таба білу – мұғалімге тән кәсіби бейне. Ойлау процесінің әрдайым педагогикалық міндеттерлі шешуге бағытталуы, білімдер комплексінің маңызды болуы, мұғалімнің кәсіби мінез – құлқы мен әрекетіне өзіндік сипат береді.