Жоспар
- Қазақстан республикасының „Білім Заңы” туралы түсінік.
- “Қ.Р. орта білімнің даму концепциясы”.
- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан Қазақстан Республикасының өзге денормативтік құқықтықактілерінен тұрады.
- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдары мемлекеттік саясат принцптерін айқындайды,азаматтардың білім алуға конституциялық құқығының іске асырылуын қамтамасыз етеді,орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасында білім беру саласындағы құзіретті шектейді, олардың құқықтарын, міндеттерін, өкілеттігі мен жауапкершілігін белгілейді.
Білім беру саласындағы мемлекеттің саясатың принциптері.
- Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принцптері мыналар болып табылады.
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарың теңдігі
2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалықфизиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жеткізуі.
3)білі м берудің зайырлы сипаты.
4) Жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту.
5) Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиеніңбірлігі.
6)Білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша оқу мен тәрбиеніңнысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болады.
7)Білім беруді басқарудың демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттігін кеңейту.
8) білім беру ізгілікті,және дамушы сипаты.
9) білімнің, ғылымныңжәне өндірістің интеграциялануы:
10) оқушылырды кәсіптік бағдарлау.
11) білім беру жүйесінің ақпараттандыру.
- Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметігне жол берілмейді.
- “ Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу концепциясы және этномәдени білім берудің концепциясы”.
- Мектепке дейінгі тәрбие отбкасында және (немесе) мектепке дейінгі ұйымды жүзеге асырылады.
- Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты (жеті ) жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеумен оқытуды, олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап, нығайтуды.дамуында ауытқуы бар балалардың жеке қабілеттерін дамытуды және оған мұқтаж балаларға қажетті түзету жасауды жүзеге асырады.
- Мемлекеттік білім беру мен денсаулық сақтауды басқару органдары мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастырады.
- Бес (алты) жастағы балаларды мектепке барар алдында дайярлау міндеті және ол отбасында , мектепке дейінгі ұйымда немесе мектеп жалпы білім беру бағдарламаларының шең бенінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.
Орта білім беру
- Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
- Мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін оқу орындарынан он алты жасқа дейінгі балаларды шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше мәрте бұзғаны үшін білім беру басқармасы органдарының шешімі бойынша ерекше жағдайларда ғана жол беріледі. Жетіл балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы органдардың келісімімен қабалданады.
- Орта білім үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей болып табылады және жалпы, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беруді қамтиды. Орта білім берудің міндеттілігі мен оған қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін мемлекет орта білім беру ұйымдарының сақталуына және дамуына жәрдемдеседі.
- Жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі (5-9 сыныптар), және жоғары (10-11 (12)сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кең – кезеңмен алынады.
Мектептің бірінші сыныбына балалар алты немесе жеті жастан бастап қабылданады.
Аталған сатылар бірге немесе дербес жұмыс істеуі мүмкін. Олар тиісінше жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім беруді іске асырады. Жалпы білім беретін оқу орнының бастауыш, негізгі және жоғары сатыларының білім беру бағдарламалары сабақтас болып табылады, әрбір келесі бағдарлама алдыңғысына негізделеді.
- Жалпы орта білімнің көпнұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын қалыптастыруға жалпы орта білім беретін ұйымдардың әралуан түрлері мен үлгілерін: жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және басқаларды құруц арқылы қол жеткізіледі.
- Кәсіптік бастауыш білім беретін мектептер мен лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін даярлауға бағытталған.
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі — екі — үш жыл, кәсіптік лицейде – үш жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай – ақ бірегей жабдықтарға қызметкөрсетуге байланысты жұмыстар үшін – төрт жылға дейін болады.
Жекелеген кәсіптер бойынша кәіптік бастауыш білім беру қысқартылған оқыту мерзіміндегі жалпы орта білім беруге негізделуі мүмкін.
Кәсіптік оқыту тікелей өндірісте, оқу — өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтарында, курстарда және жұмысшылар даярлайтын басқа да оқу — өндірістік құрылымдарда жүзеге асырылуы мүмкін.
- Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.
Колледжде, училищеде оқу мерзімі – үш — төрт жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады.
Тиісті лецензиясы болған жағдайда колледждерде, училищелерде жалпы орта және кәсіптік бастауыш білім беру бағдарламалары іске асырылуы мүмкін.
- Кәсіптік бастауыш немесе кәсіптік орта білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламалары шегінде алынатын кәсіптік білімнің бейіні ескеріле отырып, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарты іске асырылады.
Өзін — өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- Тәрбие мақсаты ретінде жан – жақты адам тәрбиелеудің мәні неде?
- Өзіңіздің мектеп жылдарындағы дамуыңызға талдау жүргізіп көріңіз, ондағы алдыңызға қойған басты мақсаттар қандай еді?
- Мақсаттар мен міндеттердің өзара жақындығын және айырмашылығын қалай түсіндіресіз?
- Педагогикалық мамандықты таңдауыңыздағы себеп – түрткілер қандай болды?
- Мақсат болжау қандай мәселелермен байланысты?
- Қ.Р. “Білім заңы”, “Қ.Р. орта білімнің даму концепциясы”, “Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу концепциясында” қандай мәселелер қарастырылған?