Қарастырылатын мәселелер :
- Мақсат – педагогикалық іс– әрекеттің компоненті.
- Қазіргі Қазақстан мектебіндегі тәрбиенің мақсаты.
- Мақсат – педагогикалық іс– әрекеттің компоненті.
Педагогтың кәсіби қызметі адамның барша іс– әрекетіндегідей мақсат қоюдан басталады. Педагогтің балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй белсенділік деп түсіну керек.
Мақсатты сезіну әрқандай іс– әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі. Мақсатқа жету адам бағытыны негізі болған терең де толық қанағаттанушылық тудырады.
Тәрбие мақсаты– педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау– педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.
Мақсат– субъект саласында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы. Демек, мақсат– жағдайлар себепті пайда болуынан, нақты болмыстан алынатындықтан– ол объективті құбылыс. Мысалы, өмірінде домбыра ұстап, үніне зер салмаған педагог балаға музыкалық тәрбие беруі мүмкін емес т.б.
Мақсат объективті себептерден бастау алумен бірге субъективтік те категория, себебі ол сана туындысы, ол адам ойында пайда болып, әр нақты тұлғаның сана– сезімдік ерекшеліктердің көрінісін береді.
Мақсат болжау проблемасы– тәрбиелі адамның идеалды образының дараланған саналардағы көптеген баламаларын қамтыған мақсаттың мүмкіндігінше нұсқасын анықтау– -байсалды зердемен қоса, көп уақыт та, мамандық күш салуда талап етеді.
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсаты– кең әлеумет пен ғылымның араласуымен тек мемлекет белгілейтін педагогикалық саясаттың басты құрылым бірлігі. Жарияланатын тәрбиелік мақсаттардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті. Былайша айтқанда, құқық негізінде бекіген тәрбие мақсатының іске асуына қоғамның бар мүмкіндіктері бағытталуы қажет, әлбетте, бұған да тиісті бақылауқажет.
Мақсат әрекеті адамның саналық (идеялық) өнімі болғандықтан өте құбылмалы, тез өзгеріске түседі, себебі ол үздіксіз ауыспалы дүниемен, сонымен бірге өзгерістегі тұлғамен де әрекеттік– қолзғалмалы байланыста болады. Тәжірибе, білім, оқиға т.б. адамды байытып отырады, бірақ құбылмалы сана иесі– субъект сол байлыққа жету жолында өзінің де өзгеріп жатқанын байқай бермейді, не оған тіпті мән бермейді. Мысалы, педагог “кеше” де, “бүгін” де өзін бір мақсат ұстағандай сезінеді, ал сырттан қарағанға, оның кәсіби педагогикалық ісінде өзгерістердің болғаны айдан анық байқалады. Өмірдің өтпелі ауыспалылығы мақсаттың да бір қалыпта өзгеріссіз қалмауына ықпал жасайды.
Мақсаттың өзгермелі қозғалысы педагогикалық процесте өте айқын көрінеді. Себебі, баланың сыныптан сыныпқа қарай жастан жасқа дамып өзгеруі қасқағымдай, сондықтан өсіп келе жа тқан жеке адамның әлеууметтік– психологиялық жаңа құрылымдары бір мақсаттың ысырылып, орнына екіншісінің ұ қойылуы табиғиталаптар дамуының нәтижесі болып есептеледі.
Ал, соңғы нәтижені көздеген жалпылагнған сипаты мақсат жастық өзгерістер байланыстығын сақтап “тәрбиелі адамның ” жеке образын баламастырып қарауға айқындауға мүмкіндік береді.
Мектепоқушысы да, тынымсыз , беймаза жасөспірім де, менменсіген “данагөй” жоғарғы сынып шәкірті де– бәрі де мұғалім бастаған бір даму жолын басып өтеді, әңгіме сол жолдың кең болып, күтілген жеке даамдық әртүрлілікті сыйғыза алуында. Осы мысалда көптеген әр жас деңгейінем байланысты күтілген нәтиже – нақты мақсатқа байланысты 6 жастағы бюалаусаның мектеп жолын түгелдей басып, 17 жасында жетілетін нәтижесі – жалпы мақсат өнімі.
Мақсаттың қозғалмалылығы мен ауыспалылығы оның ешқашан шектелмейтінін көрсетеді.Мақсатты көркемдеп айтсақ, жақындаған сайын, алыстай түсетін жұлдызбен теңестірген жөн. Мақсатты бітіру – рухани не заттай жойылу деген сөз . мақсат өзін белгілейтін субьект– адаммен бірге дамып отырады, себебі ол солсубьектіде жасалады, сондықтан да субьектінің өрлеуімен мақсат тта жоғарылый бастайды. Өссем деген кәсіпкерге тән қасиет: көңіл толмау, күйзелу, алас ұру; ал тоқтаған кәсіп иесі – мәңгі тыныштықтағы өлі жан. Міне дамудың бір көрінісі.
Сонымен мақсат – өз қызметін атқару үшін жалпы сипатқа ие болуы тиіс. Сонда ғана тәрбиемақсатсатыныңжалпы тәрбие процесіне байланысты орны нақ көрінеді: мақсат – бастау көзі, педагогтың кәсіби қызметінің бірінші элементі. Схема түрінде бұл былайша сипатталады.
Тәрбие мақсаты ®тәрбие процесі ® тәрбие нәтижесі
Бұдантуындайтын ой– мақсат тәрбие процесінің мазмұнын айқындайыды , мақсат тәрбие нәтижесіне негіз болады, мақсат – педагог санасының үздіксіз айналымда жүретін ой обьектісі. Бұған қосымша, тәрбие жүйесі толығымен мақсатқа тәуелді, оған орай өз мән мағынасына ие болады.
Сонымен педагогикикадағы мақсат болжау анықтамасы:
Мақсат болжау – бұл казіргі заман өркениетінде жасап жаңартушы қабілетке ие осы дәуір жеке адамның қажетті даму деңгейін қамтамасыз ететін обьектив, әлеуметттік – психологиялық және мәдени жағдайларды түсіну; бұл сондай адамсның жалпы идеал бейнесін мейлінше нақтылайтын сөз жүйесін іздестіру ; бұл тәрбие мақсатын қабылдауға мүмкіндік беретін шарттар ретінде балалық шақ табиғатына, жеке адам даму мәніне және даралық болмысына талдау, баға бере алу; бұл нақты бала жасаған нақты жағдайларда талдай отырып , оларды қойылған мақсат мазмұнымен орайластыру.
- Қазіргі Қазақстан мектебіндегі тәрбиенің мақсаты.
Мектепте мақсат қоя тәрбиелеу — оқушылардың дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне оң ықпал жасайды.
Мақсат категориясынақарама– қарсы категория– арман. Екеуінің бір– бірінеортақ ұқсастығы олардың санада туындап, әрі жасайтын идеялық бейне болуында. Ал айырмашы лығы – осы бейнеге субьект қатынасының әртүрлілігі.
Арман – елестің немесе қиялдың субьектіге берер біршама қанағаттану сезімі. Арман адамды шындық болмыстан алшақтатады.
Мақсат – бұл да бейне , бірақ онан келе тін қанағаттану тек ішкі қабылдаудан емес, сол бейнені іс– әрекетке қосып шындыққа айналдырудан . Бұл бейне субьекті белсенді әрекетке бағыттайды, ықпал жасайды.
Арман субьекттің енжарлығына келіп шығады, әрекетсіздікке байланысты, ал мақсат – іс– әрекет, белсенді қызметтің бастау көзі .
Міндет – бұл мақсатқажету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет нәтиженің бір бөлігі , осы бөлік өзінің і с– әрекеттік біітіімін таптаса , жалпы нәтиже де жоқ. Міндет мақсаттың өзін құрайтынэлементтерге бөлінуінен пайда болады. кейін сол элементтердің бәрі бірігіп , іс– әрекеттің жалпы нәтижесін алуға жұмсалады.
Мақсаттың ұмыт болуы – жалпы стратегиялық бағыттың мойылуына әәкеледі , ендеше, міндеттер де тактикалық бағдар ретінде өз маңғызын жояды. Мысалы : Бағбан адамдарға ләззат берер бақ бергісі келеді. (жалпы мақсат). Бірақ нақты істерді (міндеттерді) орындау күйбеңімен жүріп, тиісті орынға гүл егуді ұмытты, яғни негізгімақсат іске аспады , сонымен атқарылған міндеттер ( атызды дайындау, суғару, күтім жасау– бәрі де )босқа кетті.
Мақсат болжау –мақсат пен міндеттердің өзара байланысын тану нәтижесі.
Міндет – мақсаттың бір бөлігі , құрылым бірлігі. Міндет көрер көзге дербес, өз алдына жасағанымен, мақсат бағытында орындалып барады.
міндет 1
Міндет 1 ®мақсат 1міндет2
міндет3
міндет1
МақсатМіндет 2 ®мақсат 2міндет2
міндет3
міндет1
Міндет 3 ®мақсат 3міндет2
міндет 3
Міне осыдан педагогикалықсөздікте “ тәрбиенің мақсаты мен міндеті ”, “тәрбиенің мақсматтары мен міндеттері ” тіркестерін жиі кездестіреміз. Бұлардың бірін таңдауымыз белгілімақсаттың жалпы бағдарына байланысты да,бір жағдайдың өзінде де мақсаттың мәнге де, міндеттік мәнге де ие бола беретінінен . Мысалы , мұғалім сабақты дайындауда нақты сабақ“ мақсатын” белгілейді, ал енді осы мақсаттың өзі жалпытәрбие мақсатының міндеті болып шыға келеді. Сондықтан, дайындалып жатқан сабақ келесі аталған көп “ міндеттің” орындалу құралынаайналады : мәдени , саясат бойынша жасау қабілетін қалыптастыру , адам бола білу қабілетін жетіілдіру, әлеуметтік қатынастарға араласа алу қабілетін түзу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өмірлік бағыт қалыптастырып , өз тіршілігінің мазмұнын реттей алу қабілетін орнықтыру; отбасылық өмірге дайындық , бос уақытын мазмұнды өткізуге дайындау , өзін шығармашылықпен баулуға дайындау.