Педагогика «технология» ұғымын қолданатын салалар

  • Педагогикалық технологияның мақсаты, салалары
  • Оқыту технологиясыныңерекшеліктері
  • Технологиялық процесс оқыту процесінде

Бүгіндепедагогикада технология ұғымыүшжерде қолданылуда.

  • Қазір кейбір әдебиеттердеәдістеменінемесеоқытуды ұйымдастырутүрлерін технология дейді.
  • Нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В. Давыдов технологиясы, дамыта оқтыу технологиялары т.б.)
  • Қасиеттері белгіліөнім алу үшін қолданылатынтәсілдердің жиынтығыжәне жүйелі технология деп аталады.

Технологияныңбірінші анықтамасы педагогикағаешқандай жаңалық енгіздейбі. Екінші

анықтамада бір сөздің орнына екінші сөзді қойған. Бұрын В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, Л.В. Занков т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясыдейді.

Екіншіанықтамада «технология» ұғымы өндіріс саласынан педагогикағаалғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.

Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебіол өндірістік технология ұғымына жақын. Технологиядегеніміз өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім – оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, рнда болмайды. Оқыту мақсаты – оқушыныболашақтағы мамандығына кректі іс-әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологиянықолдану әбден мүмкін.

Тәрбиедежағдай басқаша. Бұл саладатехнологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес дегенпікірлер бар. Себебі бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп, оның технологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологиянытексеретін нақты құралдар жоқ.

Оқыту технологиясыныңерекшеліктері:

  • Түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іксерліктерін жиі тексеру.
  • Үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
  • Олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.

Оқушылардың жаңаматериалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.