- Құқықтық тәрбиенің мазмұны, міндеттері.
- Құқықтық тәрбиенің формалары мен әдістері.
Тәрбиенің маңызыды салаларының бірі –мектеп оқушыларына, жасөспірімдерге, жастарға құқықтық тәрбие беру. Ол жаңа адамды қалыптастырудың, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан мемлекетінің заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізуден басқа жолмен шешуге болмайтын міндеттері екенін атап көрсеткен болатын. Көбіне құқықтық сананың төмендегі маретиалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықты
тәрбиеніңміндеті болып табылады.
Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады.
- Бұл құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды.
- Тұлғаның педагогикалыұқ және психологиялық мәніне қарау. Адамның құқықтық мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды.
Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді.
- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
- заңның орындалуын бекіту;
- қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат қатынасуы қажет.
Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойынында болу қажеттігі шығады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілікті адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Қоғамдық қайта құру кезеңінде құқықтық мәдениеті қалыптастыру барысындағы кемшіліктердіжеңу орын алады.
Құқық бүкіл қоғам және сол қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Ал құқықтық мәдениеті нашар дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайына ғаназейін аударады да, ал құқықтық талаптары мойындалмаған көп жағдайларды байқамайды.