Жоспары.
- Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
- Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.
- Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары.
- Оқушылар гигиенасы.
- Сыныптан тыс жұмыстар.
- Режим
- Салауатты өмір сүру.(П.Ивановтың “деткасы”)
Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы зор. Оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығыныңнығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі.сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика т.б. Жас адамдардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік, сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты кү.н ырғағын, яғни еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың ісін жұмыстың мазмұнына кіретін негізгі мәселелер.тыс
- Шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
- Оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізуді қажет етеді.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
- Оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
- Шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
- Спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
- Негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің өз жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбипесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары –бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика-мұның бірнеше түрлері бар:негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.
Ойын-балалар өмірінде үлкен орын алады. Ойын оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм-оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт-оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалу дағдыларын және моральдық –еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі- табиғи факторлар. Күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру ретінде пайдаланылады.
Табиғат факторларын балалардың сауықтыру жұмысыкезінде пайдалану өте тиімді болады. Дене тәрбиесінің ең маңызды мақсаттарының бірі балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру болып табылады.