Эстетикалық тәрбие

Жоспары.

  • Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері.
  • Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі.
  • Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие.
  • Музыка, бейнелеу өнері сабақтары.
  • Эстетикалық тәрбиедегі сыныптан жұмыстар.
  • Табиғаттың, түрлі өнердің рөлі мен орны.
  • Мінез-құлық эстетикасы.
  • Отбасындағы эстетикалық тәрбие.

Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырды.

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қканыш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.

Материалистік эстетика –эстетикалық тәрбиенің методогиялық негізі болып табылады. Ол өмір мен өнердегі эсмтетиканың мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді. Ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгерудің субъективті жағы болып эстетикалық сезім, талғам, баға, әсерленушілік,ой-сана, арман яғни адамның эстетикалық санасы алға шығады.

Эстетика- эстетикалық сананың міндетті ісі мен құрамын ашады. Ал, тәрбиенің теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Материалистік эстетика –болмыста жүзеге асатын нақты сұлулықты нығайта отырып, адамды қайдағы бір ойдан шығарған сәулетті арман, қиял әлеміне алып кетпейді. Керісінше өнердегі әдемілік, болмыста әдеміліктің сәулесі деп мәлімдейді.

Тарихи қоғамдық формацияның әрбір дәуірінде әр түрлі дамуына байланысты эстетикалық мұраттарға көзқарас әртүрлі болуда.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты- жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізі компоненттер:

  • Эстетикалық қабылдау.
  • Эстетикалық сезім
  • Эстетикалық талғам.