Ақыл-ой тәрбиесі

  • Ақыл –ой тәрбиесі және оның міндеттері.
  • Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары.
  • Оқу еңбегінің мәдениетіне тәрбиелеу.

Ақыл-ой тәрбиесіәр қашанда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогикалық анықтамалары мен сәйкес келетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп – шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана сезімін, оқу мен еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикасының анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушының ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой, еңбек мәдениетін дамытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндурді айтамыз.

Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты негізі. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың жеделдамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн

Ақыл-ой тәрбиесі.

Табиғат пен қоғам дмауының заңдылықтары бейнеленгенғылымының деректерін, заңдарын мақсатты меңгерту

 

Дүние танымдарын қалыптастыру

 

Зиялылық біліктерді қалыптастыру

 

Негізгі ойлау операцияларын меңгерту

Ойлау әрекетінің шартыболатын білім қорларын жинақтау

!

Ақыл-ой тәрбиесіз дүниегеадамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез- құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат пен қоғам құбылыстарының талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселесін шешеу мүмкін емес. Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.

Ақыл-ой тәрбиесініңең басты құралы – оқыту. Ақыл-ой күштерін оқыту барысында оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын , оқу әрекеттерін орындайтын, танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүреді.

Теориялық тұрғыдан қарағанда оқушылардың ақыл-ойындамытуға бағыталған оқыту әдістемесідамыта оқытудың тұжырымдамасынан орын алады.

Мазмұнды әдістемелік дұрыс ашып беру, дамыта оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдап алу.Оқушылардың жасын ақыл-ойының дамуын қамтамасыз ететін сабақта белсенді ақыл-ойеңбегіне қол жеткізугеталаптанудағы мұғалімніңшынайышығармашылық еңбегінің ауқымы болып табылды.

Зяилылық іскерліктіқалыптастыруғакөмектесетін тапсырмалардыңтүрлері де ақыл-ойтәрбиесініңқұралы ретінде пайдаланылады.

  • Зерттеу және бақылау ісіне қатысты бар тапсырмалар; бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауылшаруашылық тәжірибелік жұмыстар т.б.
  • Шығармашылық жұмыстар: шығарма жазу, суретке қарап әңгіме құру, сурет салу, рефераттар т.б.
  • салыстыруға байланысты тапсырмалар: логикалық және жинақтай ойлау.
  • Ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған тапсырмалар; алгаритмдерді, алгаритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру.
  • Анализдеу оқу жұмысына байланысты тапсырмалар; заттарды, құбылыстарды топқа бөлу.

Жалпы айтқанда , ақыл-ой тәрбиесін ақыл ойдың дамуын қамтамасыз етуде тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап тұрғысынан оқушы тұрғысын қалыптастырғысы келсе,өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін шешу мұғалімнің біліміне, жалпы және әдістемелік мәдениетіне, оның өзінің танымдық күшінің дамуына байланысты екендігі сөзсіз. Барлық оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке тарту, түрлі тапсырмаларды пайдалану, оқытуды лұрыс ұйымдастыру, олардың жалпы дамуын және рухани қажеттерінің өсуін қамтамасыз етеді.