Оқыту принциптері

Тақырыптың жоспары.

  • Принциптер мен ережелертуралы ұғым.
  • Оқытудың ғылымилығы
  • Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі
  • Саналық және белсенділік принципі
  • Теория мен практиканың байланысы
  • Көрнелік принципі.
  • Оқушылар білімінің беріктігі

Принциптер мен ережелер туралы ұғым. Принцип- латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері – мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады.

Оқытудың ғылымилығы. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді. Мектептте тек қана ешқандай дау туғызбайтын ғылыми білімдер оқылу керек. Ең алдымен мектептегі білім мазмұнын жасау үшін берілген принциптер қатаң сақталуы тиісмді. Сонда ғана оқу жоспарлары менбағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану ұтымды.

Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білім берік болу үшін оның санасында қоршаған дүнеи жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке қадамдардан (бөліктерден) тұратын оқыту процесі, сабақтастық оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшінжаттығулар, ақыл-ой тәрбиесінберу үшін қисынды ойлау тәсілдерін талапететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, оқушы дұрыс ойлай алмайды, даму нашарлайды.

Саналылық және белсенділік принципі. өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу мотивтері, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімніңәдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігіоқытуға аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.

Теория мен практиканың байланысы. Бұл принцип классикалық философияның өмір, пркатика таным көзі деген ережесіне сүйенеді.

Өмір және пркатика балаларғадұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке әзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны жақсықалыптастырады. Оқытудың өмірмен, теорияның практикаменбайланысыныңжақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту формалары мен әдістеріне, еңбекке және политехникалық әзірлікке берілген уаықтқа , оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.

Көрнекілік принципі. Бұл ертеден келек жатқанпринцип. Оның негізінемыгадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштердітүрліше қабылдайды. Ең сезімталы-көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы қалады. Оқыту практикасы көрнекілік туралы көптеген ережелерді тұжырымдады.