Тақырыптың жоспары.
- Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі
- Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері.
- Этикалық әңгіме, сендіру, пікірталас, үлгі өнеге, Ертегі, әдеби кітаптар мерзімді баспасөз материалдары. Қоғамдық пікір түсіндіру.
- Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап.
- Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оған қойылатын талаптар.
- Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.
Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» ұғымы әлі жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені, бұл жөнінде әртүрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамалары дәлел. Т.Е. Конникованың анықтамасы; тәрбие әдісі- бұл педегогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. Бұл анықтамадағы тәсіл дегеніміз- әдістің бір бөлшегі, оның бояуын реңін келтіреді. Мысалы; сөз арқылы оқушыны толғандыру, оқушыға ескерту жасағанда онымен «Сіз» деп сөйлесу. Әдіс, тәсіл, мұғалімнің байланысын мына схемадан көруге болады.
Тәрбие әдістерін нәтижесіне қарай екі топқа бөлуге болады:
- Адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, идеялар тудыратын әдістер.
- Әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.Өсіп келе жатқан жеткіншектің жеке басын қалыптастырудың екі жағы бар екендігін кезінде Н.К.Крупская, П.П. Блонский, С.Т. Щацкий, А.П. Пинкевич т.б. айтқан болатын.
А.П. Пинкевич тәрбиені екі топқа бөле қарап, оның бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімге әсер теу әдісіні жатқызады. Ал екінші тобына өтпеліәдісті жатқызған болатын.Яғни, белгілі бір жағдайда қысқа мерзімде ғана нәтиже беретін әдістерді енгізген.
Жеке басты қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әсер туғызатын әдістер тиімді деп саналады. Оған ұзақ мерзімді жаттықтыруісі, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі енеді.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е. Конникова, Г.И. Щукина және В.С. Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.
Тәрбие әдістерінің біз былай бөлуді жөн санадық. Бұл классификация кешенді сипатқа бағытталып, тәрбие әдістерінің мақсаттық, мазмұндық, әдістемелік жағынан қарастырылады. Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
- Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
- Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
- Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
- Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Адамгершілік тәрбиесі-оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағыбіліммен қаруландырады. Оқушылар оларды жаттау ғана емес оқу, тәрбие еңбек процесінде іске асыруы қажет. Содан барып адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік тәрбиесіндегі құндылық қоғамның мүшесі ретінде де, жеке тұлғаға қежеттілік ретінде де маңызды болып саналады.
Қоғамдық құндылықтарға адам, отбасы, еңбек, білім, Отан, жер бетіндегі бейбітшілік т.б. жатады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға бағыт ұстайды, осындай алғашқы құндылықтарды мектептің мүмкіндігі мен оқушының бейімдімділігінеқарай кез-келген бағыт шеңберінде қалыптастыруға болады.
Адам – ең әуелі адамгершілігі мен парасатының биіктігімен көрікті.
Адам мәдениеті неғұрылым жоғары болса, оның айналадағылары мен қарым-қатынасы қарапайым, адамгершілік тәрбиесі-оқушыларды адамгершілікұғымды, прициптерді мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Оқушылар оларды жаттау ғана емес-оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асыруы қажет. Содан барып адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік тәрбиесіндегі құндылық қоғамның мүшесі ретінде де, жеке тұлғаға қажеттілік ретінде де маңыздыболып саналады.
Қоғамдық құндылық әрі сыпайы бола түседі.
Адамгершілік қатынастар белгілі бір моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдық негізігі міндеті адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында адамгершілік әдеп сақатау, қатынастарымен қалыптастыру, сөйтіп адам мен қоғам арасындағы қатынастыреттеу болып табылады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдері мен жағымдымінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесі адамның дүниеге, басқа адамдарға, оның адамгершілік мінез-құлқына қатынасын білдіреді.
Ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеу үзіліссіз үрдіс болғандықтан, ол болашаққа бағытталуы керек.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері әл-Фараби, Ыбырай, Абай т.б. еңбектерінде көбірек қаралады.
Әл-Фараби (Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған тергенін орынсыз шашпай, кез-келген адамға орынсыз сыр шашпай өзінің мақсат мүдделері жөнінде, достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүргенадам ғана ар-ожданы таз болады» деген.
Ал, Абай адамгершілік әдептілік нормалар жайында көп пікірлер қалдырды.
Бұл ретте бірінші қоятын талабы- мораль жағынан ұстамды таза болу, сыпайы мінезді жақсы қылықты, әділетшіл, шыншыл болуды ұсынды. Жаман мінездер мен әдеттерден «әдепсіз, арсыз,байлаусыз, сұрамсақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып» өзін одан жоғары санап, ондайқылықтарды басына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады»-дейді.
Жақсы мінез, жақсы қылық қандай болу керек дегенде Абайдың қоятын екінші талабы-тұрақтылық «Қылам деген қыларлық, тұрам дегенінетұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын»-дейді.
Үшіншіталабы-әділетшілдік. Әлеуметтік міндетіне келгендеол дүниенібелсене құрушы адамның бірі болу керек, халқы үшін, Отаны үшін қызмет істеуі керек, сонда ғана ол адамгершілік міндетін сақтайды.
«Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол»-дейді.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді, ол төртінші сөзінде «Рақымдылық, мейірбандық та әрбір түрлі адамбаласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды, оларда да болса игі десе, бұлар онда жүрек ісі болады; тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды»- деп адамдардың бір-біріне айтатын асыл сөзі, осы мейірбанды жүректен ғана шығатынын сөз көңілдің айнасы екенін асқан сезімталдықпен айтады.
Осыталаптардыңзаманымызға сай екеніне ешқандай күмән жоқ. Адамгершілік тәрбиесі баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен ержетіп, есейіп, еңкейген қария болып дүниеден өткенге дейінгіадамның барлық саналығұмырына өмір тіршілігіне үйренген, үйреткен адамгершілікқасиетінің бәрі жатады.
Адамгершілік тәрбиесініңқұрамды бөлігі – ұлтжандылық, елжандылық, отаншылдық қасиеттер. Бұл бір аса аяулы сезімдердібалалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, төрт саласына тоқталсақ.
- Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. Бұл шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үнінен бағынып өсуі осы жаратылысының дұрыстығы.
- Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.
- Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып,болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, уын қастерлей білуі, ұғынуы.
- Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ащы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі.
«Ақтабан шұбырындыдан», «Желтоқсанға» дейінгі өз халқының көрген қасіретін естен шығармауы ел тыныштығын, ел бақытын көтеруге ой бөліп, жол іздеп өсуі, оқуда, білімде өзін күрескер, қайраткер дәрежесінде өзін сезініп өсуі т.б.
Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез ерекшеліктерінің орныерекше.
Ұлттық тәрбие жүйесінің негізі ретінде Мұхтар Шахановтың мына бір өлең жолдарында жырланған өрт ана, төрт құндылық, төрт негізді ұсынамыз.
«Тағдырыңдытамырсыздық індетінен қалқала
әр адамнан өз анасынан басқа
жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы айбыны,
Туған тілі- сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр, салт санасы –тірегі,
Қадамына, шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Төрт анаға жағдай жасай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашандабақ жұлдызы жанбаан
Қасиетті бұл төрт ана- тағдырыңның тыныс
Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы.
Ұлттық қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға дейін жетіп отыр.
Халқымыздың рухани бейнесін, бір жағынан әдебиет, өнер, ғылым, екінші жағынан мінез-құлық ұлттық сезім, әдет ғұрыптар т.б. бейнелейді.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздыңосы асыл, абыройлықасиеттерін жас ұрпақтың ақыл парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, сан ғасырлар қалыптасқан салт- дәстүрлерді,әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет.
Жетілген мінез- құлық бұл үш нәрсенің: жүректің, ақылдың және қолдың бірлігі мен келісімі. Егер абал өз жүрегін тыңдауға үйренсе, және тек қана жүрегінің айтқанын істейтін болса, онда ол өмірден өз орнын табады да, жер үстіндегі адамның қызметін атқарады.
Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмат көрсету өшпес дәстүрге айналған.