Жоспар:
Тәрбие принциптері туралы жалпы түсінік.
Тәрбие принциптерінің түрлеріне талдау.
Принцип дегеніміз- адамның нақты іс-әреткетінде өзі басшылыққаалатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді.
Бүгінгі күннің талабаына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесініңіргетасын қалайтын негізіг қағидалар мыналар:
- Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында басқада игі қасиеттері қалыптасқан адамдарды тәрбиелеу.
- Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу. Балалар мен жастарды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу. Ата-ана мен бала, тәрбиеші мен тәрбеленуші, үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыққа, бір-біріменсый-құрметпен қарауға негіздеу. Тәрбие барысында психологиялық жағынан жайдарлық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне деген сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту.
- Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілген құрметтің бірлігі.
Жаңашыл ұстаз Құмаш Нұрғалиев «Мұғалім мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген сенімі, мұғалінің баланы сүюі» деген болатын.
Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қоб дегеніміз-балаға зейін қоя қарау, оның күшті және нашар жақтарын білу және оның өсіп жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау деген сөз. Талап қоюдан оқушыға деген құрмет, оның күші мен қабілетіне сенім көрінеді. А.С.Макаренконың айтуына қарағанда белгілі бір шамада қателесу бола тұрса да, адамға үгіт болжамы тұрғысынан қарау керек. Оқушы бойында орынды –рухани нәрсені жобалай біліп, оған сүйеніп, оның сенімінеиек артуымен қатар, мұғалім оқушының өз тәжірибесін дамытумен айналусға дайындығын іске қоса білуі керек.
- Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі. Тәрбие практикасы балаларға қойылатын талап бірлігі мен педагогикалық қамқорлықтың ең жоғарғы мақсаты мен мәні бағдарлама іс-шаралар, түрі мен әдіске қол жеткізу емес, баланың, жасөспірімнің, жас жігіттің өзі болуы керек. Олардың даралығын, өзіндік мінез-құлықтарын, өз бойындағы қасиеттерді сезінуінбиік рухани қажеттіліктерге дейін дамыту керек.