Тақырыптың жоспары.
- Тәрбие- әлеуметтік құбылыс.
- Педагогика классиктері тәрбие мақсаты- жөнінде.
- Тәрбиенің мақсаты-міндеттері
- Балалардың ақыл-ой мен дене қабілеттерін үйлесімді қалыптастыру және рухани дамуы тәрбиенің басты мақсаты.
Ересек буын- қоғамдық — тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға беруі қажет. Осы тәжірибе мен білімді меңгеру тәрбие процесіарқылы жүргізіледі.
Қоғам дамуындапедагогиканыңөрісі кеңейе берді. Жас өспірімдерді оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, жинақтаумен бірге педагогика ересектерге білім және тәрбиеберуі және даму үшінқажетті жағдайлар мен шарттардың бірі болып табылады. Себебі, адамның жануарларданайырмашылығы — адам әлеуметтік құбылыс. Оның даму биологиялық тұқым ерекшелігінен гөрі қоғамдық қатынастардыңерекшелігіненгөріқоғамдық қатынастардыңерекшелігін және заңдылығыменанықталады.
Тәрбие ең алдымен адамдарды материалдық игіліктерді өндіру ісіне қабілетті, қолынан келетін етіп дайындауға бағытталуы қажет. Себебі басты өндірушікүш жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласа бастасымен- ақ сол қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяст және моральдық көзқарастарды,сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүруі тәртібі арқылы меңгереді.
Қорыта айтқанда, тәрбие қоғамның тарихи әлеуметтік –экономикалық жағдайларынан туатын обьективтік процесс.
Тәрбие- қоғамның негізгі функцияларының бірі. Тәрбие жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру принципі. Тәрбие арқылы аға ұрпақтың тәжірибесі кейінгі буынға беріліп меңгеріледі, олардың сана-сезімі, жағымды мінез- құлқы дамып жетіледі. Тәрбие ұғымыкең мағынада әдеуметтік қоғамдық құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын қамтиды.
Тәрбие процесіндебала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалунға тиіс. Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады. Айналадағы табиғи және әлеуметтікортаға оның көзқарасын дамытады.
Мақсат дегеніміз- бәр нәрсеге ұмтылу, іске асыру. Бұлтұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты деп алдын-ала ойластырылған (болжанған) жастарды өмірге әзірлеу, барысында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесіндеолардың жеке басының дамуын қамтамасызету.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі әрбір қоғамдағы мемлекеттің саясаты мен экономикасынатәуелді және сол арқылы аынқталады. Алғашқы қауымдыққоғамдық құрылыста балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретуге тырысты. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндірістік құралдары (жер, еңбек құралдары)құл иеленушілерінің жекеменшігі болды. Тәрбие таптық сипатта болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушініңмүддесіне бағыныдырылады, байлығын молайту, басқаны жаулап алып құл ету үшін, соғыс өнеріне, жаулап алу соғыстарын жүргізугетәрбиелейді.
Тәрбие қоғамдың пайда болуыменбірге пайда болды. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Осыған орайбалаларға білім мен тәрбие білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамуы мүмкін емес, онсыз ілгері дамымайды.